Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты т.Қ. Қойбағарова информатика



бет65/234
Дата15.03.2022
өлшемі7,08 Mb.
#27999
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   234
Пиксельдің түсінің кодында әрбір негіздік түстердің үлесі туралы ақпарат болады. Егер үш құраушылардың барлығының жарықтылығы (ашықтығы) бірдей болса, онда олардың қоспасынан 8 әтүрлі түс алуға болады (23). Келесі кестеде үш разрядты екілік кодымен 8-түсті палитраның кодталуы көрсетілген. Онда негіздік түстің бар болуы 1-мен, жоқтығы 0-мен белгіленген.


Сегіз түсті палитраның екілік коды

қ

ж

к

түс













0

0

0

қара













0

0

1

көк













0

1

0

жасыл













0

1

1

көгілдір













1

0

0

қызыл













1

0

1

қызғылт













1

1

0

қоңыр













1

1

1

ақ


5-ші мысал. Қандай түстерді араластырғанда қызғылт түс шығады?
Шешімі: кестеден қарап, қызғылт түстің коды 101 екенін көреміз. Демек, қызыл және көк бояуларын араластырғанда қызғылт түс шығады.
Пиксельдің 4-разрядты кодталуын пайдаланғанда он алты түсті палитра алынылады: негіздік түстердің 3 битіне жарықтылық 1 бит қосылады. Бұл бит үш түстің жарықтылығын бір мезгілде басқарады.
Мысалы, егер 8-түстік палитрада 100 кодымен қызыл түс белгіленген болса, онда 16-түстік палитрада: 0100 — қызыл, 1100 — ашық-қызыл түс; 0110 — қоңыр, 1110 — ашық-қоңыр (сары) болады.
Негіздік түстердің жарықтылығын ажырата басқару арқылы аумақты түстер санын алуға болады. Егер негіздік түстердің әр қайсысын кодтау үшін бір биттен артық бөлінсе, жарықтылық екі деңгейден артық болуы мүмкін.

Бит тереңдігі 8 бит/пиксель қолданғанда түстердің саны: 28 =

болады. Осындай биттердің коды келесі түрде бөлінген:
ҚҚҚЖЖЖКК

104

Мұнда, қызыл және жасыл құрамдастарына 3 биттен, көк түске
– 2 бит бөлінген. Демек, қызыл және жасыл құрамдастарына әр қайсысының жарықтылық деңгейі 23=8, ал көк түстің жарықтылығы

– 4 деңгей.


6-ші мысал. Түсті қалыптастыру үшін 256 қызыл рең, 256 жасыл рең және 256 көк рең қолданылады. Бұл жағдайда қанша түстер саны экранда бейнеленуі мүмкін?

Шешімі: 256*256*256 = 16777216 болатынын санау қиын емес.
5.6.2. Векторлық ұсынылу
Векторлық ұсынымда, бейне графикалық қарапайымдар деп аталатын қарапайым элементтердің жиынтықтары: түзу сызықтар, доғалар, шеңберлер, тіктөртбұрыштар, эллипстер және т.б.– түрінде қарастырылады.
Графикалық ақпарат – суретті құрастырған барша графикалық қарапайымдарды бірмәнді анықтайтын деректер.
Графикалық қарапайымдардың орны және пішіні (формасы), экранмен байланысқан графикалық координаталар жүйесінде беріледі.
Әдетте координаталар басы экранның жоғарғы сол жақ бұрышында орналасады. Пиксельдердің торы координаттық торымен сәйкес келеді. Горизонталь X осі солдан оңға қарай бағытталған; Y – жоғарыдан төмен қарай.
Түзу сызық кесіндісі оның бас-аяғының координаталарымен бірмәнді анықталады; шеңбер – ортасы және радиусының координаталарымен; көп бұрыш – оның бұрыштарының координаталарымен, боялған аймағы – шекаралас сызықпен және бояу түрімен және т.б.
7-ші мысал. Көлемі 10*10 растр торындағы «К» әрпінің бейнесін қарастыруға оралайық. Векторлақ бұйрықтар тізбегімен «К» әрпін сипаттау керек.
Шешімі: Векторлық ұсынымда «К» әрпі – ол үш сызық. Кез келген сызық оның бас-аяғының координаталарымен мына түрде сипатталады:
СЫЗЫҚ (X1,Y1,X2,Y2)
Сонда 1.10-суреттегі «К» әрпінің бейнесі келесі түрде сипатталады:
СЫЗЫҚ (4,2,4,8)

СЫЗЫҚ (5,5,8,2)
СЫЗЫҚ (5,5,8,8)

8-ші мысал. Векторлық графикада келесі бұйрықтар жүйесі бар:

X, У белгілеу; (X, Y) ағымды позициясын белгілеу.

105







Бұйрық










Әрекет

XI, Y1-ке қарай сызық




Ағымды позиядан XI, Y1позициясына сызық сызу










СЫЗЫҚ Х1, Y1, X2, Y2




Басы Х1, Y1 және аяғы Х2, Y2 координаталары
















берілген сызықты салу. Ағымды позиция қойылмайды.
















Шеңбер X, У, R










Шеңбер салу: X, У — ортасының координаты, R –
















растр торының қадамымен радиус ұзындығы.
















.

ЭЛЛИПС Х1, Y1, Х2, Y2




Тік төртбұрышпен шектелген эллипс салу: (Х1, Y1) –
















осы тік төрт бұрыштың сол жақ жоғарғы
















бұрышының координаты, ал (Х2, Y2)оң жақ төменгі
















бұрышының координаты.













Тік төрт бұрыш XI,




Y1,

Тік төртбұрыш салу: (Х1, Y1) —сол жақ жоғарғы

Х2, Y2










бұрышының координаты, ал (Х2, Y2)осы тік төрт
















бұрыштың оң жақ төменгі бұрышының координаты.

Сурет салу ТҮС







Сурет салудың ағымды түсін белгілеу.

Бояу түсі ТҮС










Бояудың салудың ағымды түсін белгілеу.

Бояу

X,

Y,

ТҮС

Еркін тұйық фигураны бояу: X, Y– тұйық фигураның

ШЕКАРАЛАРЫ







ішіндегі кез келген нүктенің координаты, ШЕКАРА
















ТҮСІшектес сызығының түсі.


















Векторлық бұйрықтар көмегімен кеменің бейнесін сипаттау.


Дисплейдің шешушілік қабілеті – 64*48.



Шешімі

Сурет салу түсі КӨГІЛДІР

3,17 белгілеу

47,17-ке қарай сызық

37,27-ке қарай сызық

13,27-ке қарай сызық
3,17-ке қарай сызық

Бояу түсі КӨГІЛДІР

Бояу 20,25, КӨГІЛДІР

Сурет салу түсі Ақ

Бояу түсі Ақ

Шеңбер 18,22,2

Бояу 18,22, Ақ


106


Шеңбер 25,22,2

Бояу 25,22, Ақ

Шеңбер 32,22,2

Бояу 32,22, Ақ

Сурет салу түсі Көк
Бояу түсі Қызыл

Белгілеу 11,17

19,2 -ке қарай сызық

19,17-ке қарай сызық

11,17 -ке қарай сызық



Бояу 17,10, Көк

Сурет салу түсі Қоңыр
Белгілеу 19,2

32,17-ке қарай сызық

19,17-ке қарай сызық

19,2-ке қарай сызық



Бояу түсі Ақ

Бояу 22,10, Қоңыр
5.7. Дыбыстың түрленуі
Дыбыстың физикалық табиғаты — ауа (немесе басқа бір серпінді орта) арқылы дыбыс толқынымен тарайтын, белгілі жиілік диапазондағы тербелістер. Компьютер жадында дыбыс толқындарының екілік кодтарға түрлену үрдісі:


дыбыс толқыны

МИКРОФОН

айнымалы электр тоғы
















АУДИОАДАПТЕР

екілік код

ЭЕМ жады

ЭЕМ жадында екілік кодпен сақталған дыбыстық ақпаратты қайта жаңғырту үрдісі:




ЭЕМ жады

екілік код

АУДИОАДАПТЕР



















айнымалы электр тоғы

ДИНАМИК

дыбыс толқыны






Аудиоадаптер (дыбыстық тақша) — дыбыс енгізілгенде, дыбыс жиілігінің электр тербелістерін екілік кодына түрлендіруге және кері түрлендіру, екілік кодынан электр тербелістеріне дыбысты жаңғыртуға арналған компьютерге қосылатын арнайы құрылғы.
Дыбысты жазу үрдісінде аудиоадаптер электр тоғының амплитудасын белгілі кезеңде өлшейді және алынған шаманың екілік кодын регистрге енгізеді. Содан кейін алынған екілік код регистрден компьютердің жедел жадына жазылады. Компьютерлік дыбыстың сапасы адиоадаптердің сипаттамалары: дискреттеу жиілігімен және разрядтылығымен анықталады.

107





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет