6. Алгоритмдеу негіздері Жоспар
6.1. Алгоритм ұғымы және қасиеттері.
6.2. Алгоритмді құру кезеңдері.
6.3. Алгоритмдерді сипаттау тәсілдері.
6.4. Алгоритмдердің іргелі құрылымдары.
6.5. Шамалармен жұмыс жасау алгоритмдері.
6.1. Алгоритм ұғымы және оның қасиеттері
Тарихтан: Алгоритм сөзі ғылымға Орта Азияның көне тарихынан мәлім Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми (783-850 ж. шамамен) деген әйгілі математиктің есімі мен еңбегіне байланысты енген.
Хорезмдік Мұхаммед Мұса ұлы өзінің «Үнді хисабы туралы кітап» деген еңбегінде кез келген N санды, бұл күнде үнді-араб цифрлары деп атап жүрген 0,1,2,...,9 түріндегі, он белгілемер арқылы өрнектеп жазу ережесін баяндайды. Сонымен қатар, ол осылайша жазылған сандарға қолданылатын амалдарды орындау ережелеріне тоқталады. Европа елдері XII-XIII ғасырларда Мұхаммед әл-Хорезмидің аталмыш кітабы арқылы онымен алғаш танысады. Мұхаммед кітабындағы әрбір ереже «әл-Хорезми айтқан» (латынша: Dixit Algorizmi) деген кіріспе сөзден басталады. Кейін Европа халықтары тілінде бұл алгоритм немесе алгорифм болып қалыптасқан [3].
Алгоритм ұғымының біріңғай «ақиқатты» анықтамасы жоқ.
Алгоритмнің анықтамалары:
Алгоритм – берілген есепті шешу бағытында орындаушыға (адамға, ЭЕМ – ң процессоры сияқты автоматқа) шектеулі уақытта біртіндеп қандай әрекеттер жасау керектігін түсінікті түрде әрі дәл сипаталған нұсқаулар реті.
«Алгоритм – бес маңызды: шектілік, анықтылық, енгізу, шығару, тиімділік белгілері бар, нақтылы есептер жиынын шығару
үшін амалдар тізбегін анықтайтын, шектелген ережелер жиыны». (Д.Э.Кнут1)
«Алгоритм» — ол қатаң белгілі ережелермен орындалатын, қандай да болса да қадамдар санынан кейін көрінеу қойылған есептің шешілуіне әкелетін әрбір есептеу жүйесі. (А.Колмогоров2)
Достарыңызбен бөлісу: |