Векторлық ұсынылу
№ 40
8-ші мысалда берілген (жоғарыда) векторлық командалар көмегімен, 40А–40Р объектілерін сипаттау керек. Дисплейдің шешушілік қасиетін таңдау өз еркіңізде.
40А 40Б 40В 40Г
40Д 40Е 40Ж 40З
40И 40К 40Л 40М
40Н 40О 40П 40Р
Компьютер жадындағы дыбыс
41
Дискреттеу жиілігі 44,1 кГц және шешушілігі 16 бит, дыбысталу уақыты 2 минут, цифрлық дыбыс файлын сақтау үшін жадының көлемін анықтау керек.
№ 42
Пайдаланушыға жадының 2,6 Мб көлемі берілген. Дыбысталу уақыт ұзақтығы 1 минут цифрлық дыбыс файлын жазып алу қажет. Дискреттеу жиілігі және разрядтылығы қандай болуға тиіс?
№ 43
Дискідегі жадының бос көлемі – 5,25 Мб, дыбыс тақшаның разрядтылығы – 16. Дискреттеу 22,05 кГц жиілігімен жазылған, цифрлық дыбыс файлының дыбысталу ұзақтығы қанша?
№ 44
Цифрлық дыбыс файлының бір минут жазылуы дискіде 1,3 Мб орын алады, дыбыс тақшаның разрядтылығы – 8. Дыбыс қандай дискреттеу жиілігімен жазылған?
№ 45
Дыбысталу уақыты 3 минут болса, дыбысы ең жоғары сапамен жазылған цифрлық дыбыс файлын сақтауға жадының канша көлемі қажет?
№ 46
Цифрлық дыбыс файлында жазылған дыбыстың сапасы төмен (дыбыс жабыңқы және тұншыққан, бәсең). Егер файлдың көлемі 650 Кб болса, оның дыбысталу уақыт ұзақтығы қандай?
№ 47
Цифрлық дыбыс файлының екі минуттық жазбасы дискіде 5,1 Мб. орын алады. Дискреттеу жиілігі – 22050 Гц. Аудиоадаптердің разрядтылығы қандай?
№ 58
Дискіде бос жады көлемі – 0,01 Гб, дыбыс тақшаның разрядтылығы – 16. Дискреттелуі 44100 Гц жиілігімен жазылған цифрлық дыбыс файлының дыбысталу ұзақтығы қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |