Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты т.Қ. Қойбағарова информатика


Граф түріндегі ақпараттық модельдер



бет86/234
Дата15.03.2022
өлшемі7,08 Mb.
#27999
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   234
Байланысты:
Информатика

8. Граф түріндегі ақпараттық модельдер Жоспар

8.1. Граф ұғымы.

8.2. Ағаш үғымы

8.3. Жіктеу және мұрагерлік.


8.1. Граф ұғымы
Граф — бұл жүйенің құрамын және құрылымын көрнекі көрсетуге арналған құрал.
Граф қырлармен немесе доғалармен байланыстырылған төбелерден тұрады. Төбелер дөңгелек, овал, нүкте, тіктөртбұрыш және басқа түрлерінде бейнеленуі мүмкін. Төбелер арасындағы бай-ланыс сызықтармен бейнеленеді.
Егер сызық бағытталған (нұсқамалы) болса, онда ол доға деп аталады, егер бағытталмаған болса, онда қыр деп аталады. Бір қыр, қарама қарсы бағытталған екі доғаны ауыстырады.
Барлық сызықтары нұсқамалы графты – бағытталған граф деп атайды. Егер графтың қырлары төбелердің реттелген қостарымен анықталса, онда ол графты бағытталған деп атайды.
Доғамен немесе қырмен байланысқан екі төбе шектес деп аталады. Граф қос жиын: төбелер жиыны және қырлар жиыны болып беріледі.
Ақпараттық жүйенің құрамы және құрылымы туралы граф түрінде көрсеткенде, жүйенің компоненттері төбелері, ал олардың арасындағы байланыс сызықтармен (доғалармен немесе қырлармен) бейнелінеді. Графтар адамдардың көптеген практикалық және ғылыми қызмет аймақтарында қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет