1-ші мысал. Көпшілікке таныс Мәскеудегі метрополитенің схемасын граф деп қарастыруға болады (1.18-сурет). Графтың төбелері
метроның стансалары, ал сызықтар стансалар арасындағы релсьтер байланысты көрсетеді.
1.18-сурет
152
Бұл схема-графта метрополитеннің құрылымынан басқа еш ақпарат жоқ.
2-ші мысал. Бұл мысал органикалық химияға жатады. Көмірсутектер деп аталатын заттардың қасиеті, молекуладағы тек қана көміртектің және сутектің атомдарының санын ғана тәуелді болмай, олардың қосылу тәсілінеде байланысты екені белгілі (1.19-сурет).
1.19-сурет
Суретте көміртек (С) және сутек (Н) атомдарының бірдей санынан тұратын үш әртүрлі заттың молекулаларының құрылымы көрсетілген. Шын мәнінде химияда қабылданған молекуланың құрылымын көрсету тәсілі граф болып табылады.
3-ші мысал. Бұл мысал медицинаға жатады. Әртүрлі адамдардың қан топтарының айырмашылығы бар екені белгілі (1.20-сурет).
Суретте әртүрлі топтардаң қан құю мүмкіндігі көрсетілген. Бұл графта қосатын сызықтар доғалар болып тұр. (бағыты бар).
1.20-сурет
Суретке қарай отырып, қаны бірінші топты адам, тек қана бірінші топты; қаны екінші топты адам – не бірінші, не екінші; қаны үшінші топты адам - не бірінші, не үшінші; ал, қаны төртінші адам – төрт топтың кез келген қанын құя ала алтынын тез ұғуға болады.
4-ші мысал. Объектінің құрылғысы граф түрінде сипаталғанда оның ішіндегі әр элементінің біріне бірі бағынышты орны айқындалады (1-21-сурет).
Суретте шарикті қаламның құрылымы граф түрінде сипалған.