Жадының біркелкілік принципі (немесе программаның сақталу принципы). Программалар және деректер бір жадыда нөлдер және бірлер жиынтықтары түрінде сақталады.
Сол себепті, айтылмыш ұяшықта не сақталғанын – сан, мәтін немесе команда, оны компьютер айыра алмайды.
Деректермен орындалатын амалдарды, командаларға да қолдануға болады. Бұл бір қатар мүмкіндіктерге жол ашады.
Мысалы, программа өзінің орындалу барысында дәл осындай қайта өңделуге жатуы мүмкін, оның кейбір бөліктерін алу ережелеріпрограмманың өзіне беріледі (айталық программада циклдарды және бағынышты программаларды орындауды ұйымдастыру).
Одан бетер, бір программаның командаларыбасқа программаның орындалу нәтижелері есебінде алынуы мүмкін. Осыпринципте трансляциялау әдістері – жоғарғы деңгейдегі программалау тілінде жазылған программа мәтінін нақты машинаның тіліне аудару негізделген.