Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты т.Қ. Қойбағарова информатика



бет127/234
Дата15.03.2022
өлшемі7,08 Mb.
#27999
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   234
§2. Windows операциялық жүйесі

Жоспар


2.1. Windows ОЖ негізгі технологиялық принциптері.

2.2. Windows ОЖ-ң таралған нұсқаларының сипаттамасы

2.3. Windows жүйесінің негізгі объектілері.
2.4. Жұмыс столында жасалатын әрекеттер.

2.5. Сілтеуші. Файлдармен, қапшықтармен, дискілермен жұмыс.

2.6. Қосымшалар арасында ақпарат алмасу. Алмасу буфері.

2.7. Windows ОЖ-де тіркес пернелерді қолдану.

2.8. Файлдардың кеңейтімі.
2.1. Windows ОЖ негізгі технологиялық принциптері Графикалық интерфейсті көп есептілі Windows операциялық
жүйесі MS-DOS-ты ауыстырды. Бұл жүйенің маңызды қасиеттері мен технологиялық прициптерін нұсқайық:
Select (таңдап алу, белгілеу) принципі – бұл керек объектіні белгілеу, яғни тінтуірдің сол батырмасымен нұсқап тұрып шерту.
Drag-and-Drop (сүйрет және таста)– технологиясын қолдану арқылы графикалық интерфейс іске асырылған. Бұл шын мәнінде тінтуірдің көмегімен кез келген амалдарды орындауға мүмкіндік береді.
Plug and Play (қос және жұмыс жаса) принципі– компъютерге қосылған құрылғыны автоматты түрде айырып тану технологиясы. Windows өзі қажет драйверді қояды және ресурсты бөледі, бұл пайдаланушыға жаңа құрылғыны қосып жұмысын жалғастыруға мүмкіндік береді.
OLE (Object Linking and Embedding) – объектілерді байланыстыру және кірістіру технологиялық принципі – бұл
программалар арасындағы технологиялық бірігудің (интеграциялануда) ең басты құралы болып табылады. Ол бір программада өңделген объектіні басқа программалардың құжаттарына кірістіру мүмкіндігін береді. OLE технологиясын Microsoft Office қолданбалы программалар дестесі, сонымен қатар Windows жүйесі үшін жасалған барлық қолданбалы программалар қолдайды.
көп есепті (multitasking) — бірнеше үрдісті қатар өңдеуді қамтамасыз ету операциялық жүйенің немесе программалау ортаның қасиеті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет