Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты т.Қ. Қойбағарова информатика



бет128/234
Дата15.03.2022
өлшемі7,08 Mb.
#27999
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   234
    Бұл бет үшін навигация:
  • Microsoft
көп есепті ығыстырушы (вытесняющая многозадачность)
— бұл көп есептіліктің түрі, яғни операциялық жүйе, ағымды үрдісті оның көмегінсіз уақытша үзіп тастай алады. Соның арқасында қосымша программалар «ілініп» (зависает) қалса да, әдетте операциялық жүйе «ілінбейді».

205

Қазіргі кезде дүние жүзінде көптеген компьютерлер Microsoft фирмасының нұсқасы әртүрлі Windows операциялық ортаның басқаруымен жұмыс жасайды. Көбінесе кең тараған нұсқаларды сипаттайық.


2.2 Windows ОЖ-ң таралған нұсқаларының сипаттамасы
2.2.1 9x тектес Windows
Оған Windows 95, Windows 98 және Windows Me ОЖ жүйелері кіреді.
Windows 95 операциялық жүйесі 1995 жылы шығарылды. Оның ерекше өзгешеліктері: жаңа пайданушылық интерфейсі, файлдардың ұзын атауларын қолдауы, сыртқы құрылғыларды Plug and Play конфигурациялауы (пішін үйлестіруі) және автоматты түрде айырып тануы және 32-биттік қосымшаларды орындау қаблеттілігі болды.
Windows 95 көп есепті ығыстырушылықты қолданады және өзінің адрестік аймағында әр 32-биттік қосымшаны орындайды.
Windows 95 құрамында MS-DOS 7.0 болды, бірақ оның жұмысы жүктеу үрдісін және 16-биттік DOS қосымшаларын орындауды қамтамасыз етумен шектелді.
Windows 98 – Майкрософт корпорациясың 1998 жылы 25 маусымда шығарған графикалық операциялық жүйесі.
Windows 98 – бұл MS-DOS-қа негізделген, бұрынғыдай гибридтік 16/32-разрядтты, Windows 95-ң жаңартылған нұсқасы болды.
Бұл операциялық жүйеде, AGP (Accelerated Graphics Port, жылдамдатылған графикалық порты) жақсартылды, USB драйверлері қосымша істеліп пысықталды, бірнеше мониторлармен және WebTV-мен жұмыс жасауды қолдайтын мүмкіндігі пайда болды.
Windows 95, 98 жүйелерінің интерфейстеріне Internet Explorer 4 (Active Desktop функциясы) біріктірілген (интеграцияланған).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет