1.6. Ақпаратжәне тіл Ақпарат символдық белгілеу пішінінде сақталады, беріледі, өңделеді. Әртүрлі белгілеу жүйесінің көмегімен, бір ақпаратты әртүрлі қалыпта, пішінде ұсынуға болады.
Белгі – ол бірінен бірінің айырмашылығы бар, қандайда бір шектелген1 жиынның элементі.
Белгінің табиғаты кез келген – ым, сурет, әріп, светофор сигналы т.б. болуы мүмкін. Демек, белгінің табиғаты, мәліметті тасушының және мәліметтегі ақпараттың ұсыным пішінімен анықталады.
Тіл деп – ақпаратты символдық жүйеде ұсынуды айтады. Кез келген тілдің өзінің символдық жүйесі, алфавиті болады. Ақпарат әртүрлі тілдердің көмегімен таратылады.
Алфавит – тәртібі анықталған цифрлардың немесе символдардың шектелген жиыны.
Мысалы 0,1…9 араб цифрларының көмегімен екілік жүйеден ондық жүйеге дейін кез келген бүтін санды жазуға болады. Егер осы алфавитке «+», «–» және «.» немесе «,» белгілерін қоссақ, онда кез келген оң және теріс нақ сандарды жаза аламыз.
Тілдер табиғи және формалды деп бөлінеді (1.4-сурет). Формалды тілдің мысалдары: музыка тілі (ноталық сауат), математика тілі (цифрлар және математикалық белгілер) ж. б.
Мәліметті берген кезде сигналдың параметрі өзгереді. Сигналдың параметрінің әртүрлі мәндерінің минималды саны екіге тең болатыны айқын. Сигналдың әр мәніне екі түрлі белгі берсек, онда оны екілік алфавиті дейді.
Теориялық тұрғыдан шектелген деген талапты қоймаса болады, алайда оның еш қандай тәжрибелік мәні жоқ, себебі бәрібір шектелген уақытта тек қана саны шектелген белгілерден құрылған мәліметтерді жіберуге болады.