Жедел жады – ол,
әр қайсысы тек қана бір байт
ақпарат сақтай алатын,
арнаулы электрондық ұяшықтар жиынтығы.
Жедал жадыда ағымды программа
және оның қолданатын деректері сақталады
.
Барлық
ақпарат компьютердің жедел жадында екілік кодтардың
(нөлдер және бірлер) тізбектері түрінде сақталады. Нөльді немесе бірді сақтау үшін, 1 битке тең жадының көлемі қажет. Жадының бір байты 8 битті құрастырады. 1024 байт = 1 Кбайт.
Ақпаратты ұзақ уақытқа сақтау
үшін магниттік дискілер
қолданылады, олар қатты
(винчестер) және иілгіш
(дискеталар) болып бөлінеді.
Сонымен қатар дискеталарды
компьютерлердің арасында
ақпаратты тасымалдау үшін қолдануға болады.
Программа – ол, құрылған алгоритмді іске асыру үшін, компьютердің орындайтын машиналық командалар жиыны.
Бастапқы программаның
мәтіндерін машиналық командалар тіліне аударатын, делдал-программалардың екі типі бар. Компилятор-программалары алдымен программаның мәтіндерін
машиналық кодқа аударады, содан кейін
программаның орындалуы басталады. Интерпретатор-программалары бастапқы программаның әр командандасын жеке-жеке машиналық кодқа аударады және бірден орындайды.