4. Сандық есептеу технологиясы Жоспар
4.1. Microsoft Excel кестелік процессоры.
4.2. Excel-ң пайланушылық интерфейсі.
4.3. Excel-ң құрылымдық объектілері.
4.4. Excel-де деректердің типтері
4.5. Ұяшықтарды пішімдеу.
4.6. Электрондық кестелерде есептеу. Формулалар.
4.7. Ұяшықтардың салыстырмалы және абсолютті адрестері.
4.8. Диаграммалар, графиктер.
4.9. Функциялар.
4.10. Макростар.
4.11 Массивтермен және матрицалармен жұмыс.
4.12. Құжаттарды қорғау.
4.1. Microsoft Excel кестелік процессоры
Microsoft Excel (Microsoft Office Excel деп те аталады) — электрондық кестелермен жұмыс жасауға арналған Microsoft Windows, Windows NT және Mac OS операциялық жүйелері үшін Microsoft корпорациясы жасаған программа.
Ол VBA (Visual Basic қосымшалары үшін) макро программалау тілін және графикалық саймандарды, экономико-статистикалық есептеулердің мүмкіндіктерін ұсынады.
MS Excel (XL) – электрондық процессор, кесте түрінде ұйымдастырылған ақпаратты енгізуге, өңдеуге, автоматтандырылып санауға арналған арнайы программалық жүйе. Құрылымы күрделі кестелерді құруға, әдемілеп өңдеуге, сонымен қатар, жеке ұяшықтарда, жолдарда, бағаналарда және матрицаны есептеу, іріктеу мүмкінді мол. XL – өзінің есептерін шығыратын программалау жүйесі.
Microsoft Office-нің құрамына кіретін Microsoft Excel, бүгінгі таңда дүние жүзіндегі ең белгілі қосымшалардың бірі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |