Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты т.Қ. Қойбағарова информатика



бет27/234
Дата15.03.2022
өлшемі7,08 Mb.
#27999
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   234
Байланысты:
Информатика

= log2N
Мұнда N — алфавиттің қуаттылығы. Сонымен, 2 символдық алфавитте әр символдың «салмағы» 1 бит (Iog22 = 1), 4 символдық алфавитте – 2 бит (Iog24 = 2), 8 символдық алфавитте – 3 бит (Iog28 =

т.с.с. болады.


Демек, қуаттылығы 256 (28) тең алфавиттің бір символы, мәтінде 8 бит ақпарат береді. Ақпараттың осындай саны байт деп аталады.
Компьютерге мәтінді ұсынуға 256 символдан тұратын алфавит пайдалынылады.
байт = 8 бит.
Егер барлық мәтінде К символ болса, онда алфавиттік тұрғыдан өлшегенде ондағы ақпарат саны мына формуламен табылады:
I=К*і,
мұндағы і — алфавитте қолданылатын әр символдың ақпараттық салмағы.
Ақпараттың көлемдік мөлшері өте үлкен сан болады. Сондықтан, колдануға ыңғайлы болу үшін көлемдік мөлшердің ірі өлшем бірліктері анықталып енгізілген. Ол өлшем бірліктері екіге еселі, яғни, екінің дәрежесі болуы керек.
Оларға мыналар жатады: килобайт (kilobyte), мегабайт (megabyte) және гигабайт (gigabyte), терабайт (terabyte). Егер мынадай қысқаша атауларды Кб (Kb), Мб (Mb), Гб (Gb), Тб (Тb), Пб(Pb) сәйкес колдансақ, онда олардың мәндері былай анықталады:

1Кб = 210Б = 1024 Б;

1Мб =(210)10 Б = 1024 Кб;

1Гб =((210)10)10 Б = 1024 Мб;


1Тб =(((210)10)10)10Б = 1024Гб;

37

1Пб = ((((210)10)10)10)10Б = 1024Тб, яғни:

1 Кбайт (килобайт) - 210 байт = 1024 байт

1 Мбайт (мегабайт) — 210 Кбайт = 1024 Кбайт

1 Гбайт (гигабайт) = 210 Мбайт = 1024 Мбайт

1 Тбайт (терабайт) = 210 Гбайт = 1024 Гбайт

1 Петабайт (пбайт) = 250 Пбайт =.1024 Пбайт


1– мысал. Компьютердің көмегімен терілген кітапта 150 бет бар, әр бет – 40 жолдан, әр жол - 60 символдан тұрады. Кітаптағы ақпарат көлемі қандай?
Шешімі. Компьютерлік алфавиттің қуаттылығы 256 – ға тең. Бір символ 1 байт ақпарат береді. Сонда, кітаптың бір бетіндегі ақпарат 40 х 60 = 2400 байттан тұрады. Кітаптағы барлық ақпараттың көлемі (әртүрлі бірлікпен):
2400 х 150 = 360 000 байт.

360000/1024 = 351,5625 Кбайт.

351,5625/1024 = 0,34332275 Мбайт.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет