Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты т.Қ. Қойбағарова информатика


Информатика ғылым және оқу пәні ретінде



бет4/234
Дата15.03.2022
өлшемі7,08 Mb.
#27999
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   234
Байланысты:
Информатика

Информатика ғылым және оқу пәні ретінде
Өткен ғасырдың екінші жартысында информатика ғылымының пайда болуына себепкер болған бірқатар маңызды оқиғалар: тұңғыш цифрлық ЭЕМ құрастыру, Н.Винер, К.Шеннон, фон Нейман іргелі еңбектерінің жарық көруі орын алды.
«Кибернетика» термині, кейіннен көп ұзамай компьютерлер мен телекоммуникациялық жүйелер көмегімен ақпаратты өңдеу, сақтау және жеткізу үрдістерін зерттейтін ғылыми және оқу пәнін атау үшін Америка Құрама Штаттары, Канада және тағы басқа елдерде кең тараған ағылшын тіліндегі «Computer Science» (компьютер ғылымы) термині, ғылыми қолданысқа енді.
XX-шы ғасырдың 60-шы жылдарының соңы мен 70-ші жылдарының басында француз ғалымдары, бәлкім, француздың «informatione» (ақпарат) және «avtomatique» (автоматика) сөздерінің туындысы болып табылатын – «informatique» (информатика) терминін енгізді. Жаңа термин Кеңестер Одағы (кейіннен Ресей мен ТМД елдерінде) мен Батыс Еуропада кеңінен тарады.
Орыс тілінде «информатика» терминінің қолданылуы (шамамен 1960-шы жж. ортасынан бастап) ғылыми-техникалық ақпаратпен, кітапханатану және құжаттаматанумен байланысты болды.
Үлкен Кеңес Энциклопедиясында информатика «ғылыми ақпараттың құрылымы мен жалпы қасиеттерін, сондай-ақ, оның шығу, өзге түрге ауысу, жеткізу және адам әрекетінің түрлі саласында қолдану заңдылықтарын зерттейтін пән» ретінде қарастырылған.

А.П. Ершовтың1 айтуы бойынша, 1970-ші жж. екінші жартысынан бастап орыс әдебиетінде «информатика» терминінің өзге түсіндірмесі кең қолданысқа ене бастады. Оның мәлімдеуінше, бұл термин орыс тіліне «... ақпаратты жеткізу және өңдеу үрдістерін зерттейтін іргелі жаратылыстану ғылымының аталуы ретінде» енгізіледі. «Информатика осындай түсіндірмеде философиялық және жалпы ғылыми категориялармен анағұрлым тығыз байланысқа ие болады, оның «дәстүрлі» академиялық ғылыми пәндер шеңберіндегі орны да айқындала түседі».


Информатиканы іргелі ғылымдарға қосу – ақпарат түсінігінің жалпы ғылыми сипаты мен оны өңдеу үрдістерін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет