Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты т.Қ. Қойбағарова информатика



бет5/234
Дата15.03.2022
өлшемі7,08 Mb.
#27999
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   234
Байланысты:
Информатика

Информатикатабиғаты әртүрлі жүйелерде ақпараттық үрдістердің өту заңдылықтарын, ақпараттық үрдістерді

1 Андрей Петрович Ершов (1931—1988) — Кеңес Одағының ғалымы, теориялық және жүйелік программалаудың негізін қалаушылардың бірі, Сібір информатика мектебін құрушы, КСРО ҒА академигі. Оның еңбектері тек КСРО-да ғана емес, бүкіл әлемде есептеуіш техниканың қалыптасуы мен дамуына зор ықпалын тигізді.

12



автоматтандыру әдістерін, құралдарын және технологияларын, ақпараттық жүйелерді құру және қызмет ету заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Информатика нақтылы ақпараттық үрдістердің (технологиялардың) көптеген түрлеріне тән ортақ қасиеттерін
зерттейді. Осы ақпараттық үрдістер мен технологиялар информатиканың нысаны болып табылады.
Информатика пәні өз қосымшаларының көптүрлілігімен анықталады. Адамзаттың сан-алуан іс-әрекетінде (өндірістік үрдісті басқару, жобалау жүйелері, қаржылық операциялар және т.б.) қызмет етуші әртүрлі ақпараттық технологиялардың ортақ қасиеттері болғанымен, өзара айырмашылықтары да көп.
Информатиканың мүдделі аумағы – ақпараттың құрылымы мен жалпы қасиеттерін, сонымен қатар, адам тіршілігінің түрлі саласында ақпаратты іздеу, жинау, сақтау, түрлендіру, жеткізу және пайдалану үрдістерімен байланысты мәселелерді қамтиды. Ақпараттың орасан зор көлемі мен ағынын өңдеу автоматтандырусыз және коммуникация жүйесінсіз іске асыру мүмкін емес, сондықтан электронды есептеуіш машиналар мен заманауи ақпараттық және коммуникациялық технологиялар информатиканың іргелі негізі де, материалдық базасы да болып табылады.
Д.А.Поспеловтың1 пайымдауынша қазіргі кезде информатиканың құрылымын төменде көрсетілген негізгі зерттеу аумақтары анықтайды:


  1. алгоритмдер теориясы (алгоритмдердің формалды модельдері, есептелу мәселелері, есептеудің күрделілігі және т.б.);




  1. логикалық модельдер (дедуктивтік жүйелер, шығару күрделілігі, дәстүрлі емес есептеулер: индуктивті және дедуктивті қорытынды, аналогия бойынша қорытынды, шындыққа жанасатын қорытынды, бірсарынды пайымдау және т.б.);




  1. мәліметтер қоры (мәліметтер құрылымдары, тапсырысқа жауап іздеу, мәліметтер қорындағы логикалық қорытынды, белсенді қорлар және т.с.с.);




  1. жасанды интеллект (білімді ұсыну, білім негізіндегі қорытынды, оқыту, сараптау жүйелері және т.с.с.);




  1. бионика (биологиядағы математикалық модельдер, генетикалық жүйелер мен алгоритмдер және т.с.с.);

• бейнелерді анықтау және көрініс сахналарын өңдеу







  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет