Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты т.Қ. Қойбағарова информатика



бет3/234
Дата15.03.2022
өлшемі7,08 Mb.
#27999
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   234
Байланысты:
Информатика

Алғы сөз
Кадрлар даярлауда, оқытудың кредиттік жүйесіне негізделген біртұтас үш сатылы үлгісін: бакалавриат – магистратура – докторантура қалыптастыру аясында, информатика пәнінің болашақ мамандарының да, іргелі білім алу өзектілігі арта түседі.
Бакалаврларды сапалы даярлау үшін, педагогикалық мамандықтар бойынша, білім беру стандарттарына сай келетін, оқулықтар мен оқу құралдарының қажеттілігі зор.
Осы оқу-әдістемелік құралдың басты мақсаты – информатика пәнін іргелі және ғылыми тұрғыда қарастыра отырып, студентке түсінікті түрде баяндау болып табылады.
Бұл оқу құралы, информатика пәні бойынша, кейінгі кезде қазақ тіліне еніп, мектеп оқулықтары мен күнделікті баспасөз беттерінде айтылып жүрген, енді-енді қалыптасып келе жатқан терминологиялық сөздерді қолдана отырылып жазылды. Онда-да кейбір терминдер әр жерде әртүрлі айтылып, қалыптаспай келе жатыр. Бұл оқу құралында Мемлекеттік терминолгия комиссияның бекіткен терминдері және мектеп оқулықтарына кірген терминдер тобына үстемдік берілді.
Құрал үш құрылымдық-логикалық тараудан тұрады. Бірінші тарауда информатиканың теориялық негізгі түсініктері: ақпарат және ақпараттық үрдістер, ақпараттың өлшемі мен ұсынымы, есептеуіш техниканың алгоритмдік және логикалық негіздері, объектілер мен үрдістерді үлгілеу және графтар жөнінде жан-жақты сөз етіледі.
Екінші тарау компьютердің архитектурасы мен оны ақпараттық қамсыздандыруға арналған. Мұнда архитектураның түсініктері қарастырылып, Джон фон Нейман автоматты есептеуіш машинасының функционалдық және құрылымдық ұйымдасуының ұстанымдары (принциптері) түбегейлі көрсетілген. Дербес компьютерлердің аппараттық құрылғыларына сипаттама берілген.
Үшінші тарауда қолданбалы және жүйелі программалық жасақтаманың жіктелуі мен суреттемесі берілген.
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс жасау технологиясының іргелі түсініктері көрсетіліп, MS Word және MS Excel қолданбалы программалар интерфейсінің негізгі құрастырушы бөлімдеріне сипаттама берілген.
Мәліметтер қорымен жұмыс жасау технологиясының негізгі ерекшеліктері баяндалып, MS Access объектілері суреттелген.
Желілік ақпараттық технологияларға арналған бөлімде терминологияға қатысты негізгі түсініктер баяндалады. Браузерлерге, электронды поштаға сипаттама беріліп, интернеттен қажетті ақпаратты іздестіру стратегиясы бейнеленген.

10

Ақпаратты графикалық түрде қарастыру, «Компьютерде ақпараттың ұсынылуы» бөлімінде баяндалғанын айта кеткен жөн.


Әрбір параграфтың соңында тестілік бақылау сұрақтары, сонымен қатар, тәжірибелік және өзіндік жұмыстарға арналған тапсырмалар, ақпаратты өлшеуге және ұсынуға арналған есептер, бақылау жұмыстары мен шығарамашылық жобаларға арналған тапсырмалар қамтылған.
Оқу құралы педагогикалық мамандықтардың математикалық-жаратылыстану және гуманитарлық бағыттағы болашақ бакалавр мен магистрлерге арналған.

11





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет