Павлодар облысының Білім беру басқармасы «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша Білім беру оқу-әдістемелік орталығы



бет2/10
Дата24.03.2023
өлшемі116,91 Kb.
#75880
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Пав өңіріндегі мешіттер

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан – 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Біз елдің дәстүрлері мен мәдени нормаларына сәйкес келетін діни сана қалыптастыруымыз керек», - деп Қазақстан халқының алдағы діни-рухани бағытын айқындап берген болатын. Келтірілген дәйексөзді еліміздегі діни білім берудің негізгі ұстанымы ретінде қарастырудың мәні зор. Бүгінгі таңда дін ұстанып, оның шариғи үкімдерін орындаушылардың басым бөлігі жастар екенін ескерсек, жастардың діни сауатына мән беру, олардың діни тәрбие мен діни білім алу қажеттілігін қанағаттандыру мәселесі стратегиялық тұрғыдан аса маңызды сала. Себебі мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндіретін діни негіздегі әртүрлі құқық бұзушылықтардың, дін атын жамылған түрлі теріс пиғылды ағымдар ісәрекетінің белең алуы, олардың тұрғын халықты, әсіресе жастарды өз идеологиясына белсенді түрде тартуы, жастар арасында рухани дерттердің көбеюі діни сауаттылықтың ауадай қажет екенін айғақтайды. Бүкіл адамзат тарихы дәлелдеп отырғандай, дінді дұрыс пайдалану қоғамдағы сан алуан қылмыстардың алдын алудың, сонымен қоса әр түрлі теріс пиғылды, экстремистік және террористік идеологиялардың ықпалынан сақтанудың ең тиімді тәсілі болып қала бермек. Сондықтан қазіргі заман талабы дүниетанымдық әралуандық пен көпконфессиялылыққа тән Қазақстан қоғамындағы рухани-танымдық білім беру мәселелерін шешудің әлеуметтік-мәдени, ғылыми-педагогикалық және ұйымдастырушылық бастамаларын айқындайтын, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы дәстүрлі ислам дінінің тарихи және мәдени негіздерін оқытуды көздейтін, заман талабына үйлесімді аталмыш Тұжырымдаманы қабылдау қажеттілігін негіздеп отыр. Тұжырымдамада ұсынылған шешімдер Қазақстан Республикасындағы діни білімді ел халқының дәстүрлері мен мәдени нормаларына сәйкес қалыптастыруға, оқушылардың рухани
мәдениетін, соның ішінде ислам мәдениетін, ұлттық құндылықтар жүйесін және діни білім негіздерін жүйелі түрде меңгеруіне мүмкіндік береді.
Жастардың тәрбие мәселесі қоғам үшін әр уақытта өзекті болып табылады. Олардың дұрыс тәрбиесі әр азаматтың саналы түрде өз Отанының бірден бір ертеңі мен бүгініне жауапты тұлғасы ретінде тәрбиелеу үлкен жауапкершілігі барлығына жүктеледі. Қорыта айтсақ, біз дінтану пәнін оқытқанда оның тарихи кезеңдерін сол кездегі қоғамның ауқымды сапалық ерекшелігі әрі өркениетімен сабақтастыра отырып үйретуіміз өзекті мәселелердің бірі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет