Тақырыптың зерттелу деңгейі. Бақытжан Өткелбаев «Ислам және ғылым» еңбегінде Ислам тарихындағы алғашқы білім ошақтарының орны, медреселердің түрлері мен атқарған қызметі, тарихи кезеңдердегі даму сипаты, мұсылман ғалымдардың әлемдік ғылымға қосқан сүбелі үлесі, батысқа ықпалы жан-жақты зерттелген.
Дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы «Дін мн діл» еңбегінде қазіргі қоғамдағы өзекті мәселеге айналған қалың көпшіліктің көкейкесті діни күрделі сауалсұрақтарына жауап беру түрінде жазып отыр.
Мұхитдин И. , Қайрат Ж. «Ислам ғылымхалы» Бұл еңбекте Ислам діні бойынша кеңінен түсіндіріліп, сан алуан көкейкесті сұрақтарға ғылыми тұрғыдан жауап беріледі.
Мұханмадияр О. «Қазақ сенімдерінің бастаулары»атты еңбегінде ерте кезде қазақ халқының діни сенімі жайында айтылады.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының ІІ сьезінде сөйлеген сөзі. «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІ съезі » кітабы. Гараджа В.И. «Религиоведение» , Қазақстан.Ұлттық энциклопедия., ХизметлиС. «Дінтану», Дюркгейм Э. «Элементарные формы религиозной жизни», Бердібаев Р. «Жазба мұралар» еңбектері негіз болып табылады. Сонымен қоса, аталмыш тақырыпты зерттеуде қосымша әдебиеттер: Құдайбердиев Ш. «Мұсылмандық шарты», Махаева А.Ш. «Ұлы Жібек Жолы», Қыраубайқызы А. «Ежелгі әдебиет», «Әлемдік философиялық мұра».
Діннің анықтамасы. Анықтаманың түрлері: теологилық түсіндірме (Э. Трельч, Р. Отто, П.А. Флоренский, П.Л. Бергер, Т. Лукман және басқалар.) философиялық (Б. Спиноза, И. Кант, Ф.Гегель, Л. Фейербах және басқалар.), социологиялық (М.Вебер, Б.Малиновский, Э. Дюркгейм, Т. Парсонс және басқалар. ) биологиялық және психологиялық (У. Джеймс, Л. Леви-Брюль, З.Фрейд, Э.Фромм, К.Г. Юнг және басқалар.), этнологиялық бағыт. Әлеуметтік гуманитарлық ой тарихындағы дін: методологиялық аспектілері. Дінді ғылыми тұрғыда танудың принциптері.
Әлемді діни тұрғыда қабылдауға ғылымның ықпалы. Дін психологиясы зерттеулері: сенімнің субъективтік мотивтерінің сараптамасы (У.Джеймс) - методологиялық бағыттардың қалыптасуы. Философиядағы ықпалды бағыттардың көзқарастары бойынша. Қазіргі дін философиясының қалыптасуының алғы шарттары (методологиялық негіздері). Қазіргі дінтанудың дін философиясы мен философиялық теологиядағы діни сенімдердің философиялық-ғылыми сараптамасы. Қазіргі дін философиясының пәндік саласы, діни сенімдердің ақиқаттылығы және рациональдығы, діни тіл ерекшеліктері.
Дін тарихи-философиялық процестің бір компоненті ретінде. Фольклорды зерттеуші ағайынды Гриммдер, Мифология және салыстырмалы лингвистика Ф.М. Мюллера, Дінді тарихи феномен ретінде зерттеу. И.Я. Баховен. Ағартушылар дін туралы. Дін туралы ғылым пәні. Дін туралы ғылымның негізгі тараулары. Ұғымдар мен терминдер классы: болмыс, сана, таным, көрініс, символ, ақиқат, мәдениет, және басқалар. Дінтану методикасындағы теориялық материалдар мен фактыларды мазмұндаудың принципері. Курстың мақсаты мен міндеттері. Жалпы білім беретін мектептердің 9-сыныбына арналған оқулық. Алматы «Білім»,«Дінтану негіздері» пәні мұғалімдеріне оқу-әдістемелік құрал (9 сынып) , Дін. Дәуір.Дәстүр. Әбдірәсілқызы Айнұр .