Павлодар облысының Білім беру басқармасы «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша Білім беру оқу-әдістемелік орталығы



бет4/10
Дата24.03.2023
өлшемі116,91 Kb.
#75880
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Пав өңіріндегі мешіттер

Зерттеу жұмысының мақсаты. Халықтың ғасырлар бойы қалыптастырған рухани құндылықтарын жаңғыртып, жандандырып, қоғам өміріне кеңінен енгізілуі қажет. Қазақстанның ұлттық-мәдени мемлекеттілігін нығайту үшін Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу жастарды сан ғасырлы рухани құндылықтар мен әлемдік және дәстүрлі діндердің жасампаздығына тәрбиелеу. Павлодар өңірінің мешіттерін, ерте кезден келе жатқан діни орталықтарымыздың пайда болуын болашақ ұрпаққа зерттеп көрсету.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
1. Павлодар өңірінің мешіттерінің пайда болуын зерттеу;
2. Алғашқы діни сауат ашу мекемелері оқытудың маңызын айқындау;
3. Павлодар өңіріндегі исламның даму тарихынан зерделеу;
4. Павлодар өңірінің мешіттерінің қалыптасуын зерттеу.
Зерттеудің теориялық және әдістанымдық негізі. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының ІІ сьезінде сөйлеген сөзі. «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІ съезі » кітабы, Әдіскер-ғалымдардың зерттеулері, ғылыми еңбектері, тарих, педагогика, философия ғылымдарының оқытудағы, білім берудегі соңғы жетістіктері басшылыққа алынды. Зерттеу жұмысында қарастырылған тұжырымдар мен мәселелер дінтануды оқытудың әдістемесін теориялық тұрғыдан толығып жетілуіне мүмкіндік береді.
Ғылыми жаңалығы. Павлодар өңірінің мешіттерінің пайда болуын зерттеген еңбектерді жиақтай отыра, дінтану, өлкетану және тарих сабағында тарихи білімдерін, деректермен мәліметтерді қолдана отыра оқыту, арнаулы ғалымдардың еңбектерін жинақтап, материалдарды теориялық тұрғыдан қорыту, соның нәтижесінде мәліметтеріді бір жүйеге келтірілді. Сонымен қатар, Павлодар өңірінің мешіттер тарихына арналған алғашқы еңбектердің бірі болып табылғандықтан жұмыстың жаңашылдығына жатқызуға болады.
Қолданбалық мәні. Мектеп қабырғасында оқытылатын дінтану пәнін оқытып үйретуде тиімді болатын әдістерді бір жүйеге келтіріп, қосымша жинақ ету, дипломдық жұмыстың негізгі қолданбалық қосалқы құралы болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет