9 Орман ағаштары ауруларымен күрес жолдары
Барлық орман шаралары төмендегідей топтарға бөлінеді:
1) аурулармен зақымданушыларға бақылау жасау;
2) өсімдік карантині;
3) орманшаруашылығының шаралары;
4) биологиялық әдіс;
5) химиялық әдіс;
6) биофизикалық және механикалық әдістер.
Бір ғана әдісті қолдану барысында толықтай аурудан немесе зақымданудан құтылу мүмкін емес. Бұл тек бірнеше әдісті қолданып, барлық жағдайды қарастырғанда ғана тиімді болады. Әдіс пен қолданатын құрал аурудың түріне байланысты. Кейбір аурулар жаппай таралып, үлкен зиян келтіреді (тұқым сепкенде гомланд ауруы). Қалғандары аз кездеседі немесе соншама керемет зиян келтірмейді (қарағайдың сұр шютте, мыстан кемпірдің сыпыртқысы, кейбір теңбілдер).
Ауа қауіпті жұқпалы аурулармен күресу жолдары, олардың болуын алдын ала болжау, қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларынан сақтау, аурулардың белсенді дамуына жол бермеу. Ауа қауіпті емес, соншама шығын келтірмейтін түрлерін алдын ала шаралар жасау. Бұлармен белсенді күрес тек жаппай зиян келтіргенде ғана жүргізіледі.
Әдістермен қолданылатын заттар объектіге байланысты таңдалынып алынады. Химиялық әдіске заттарды қолдану шектеулі. Отырғызылатын көшеттерге белсенді шаралар жүргізілмейді. Олардың ауруларын анықтау барысында алдын ала шаралар жасалу қажет. Әртүрлі географиялық аймақтарда орман өсімдіктерінің типіне қарай аурудың қоздырғыштарының түрлік құрамы, зақымдай дәрежесі анықталады.
Жеке әдістерді қолданып аурулар мен зақымдаушылардан құтылу мүмкін емес. Сондықтан орман қорғау шараларын қолдану қажет. Бұл әдістердің бір-бірімен сәйкестенуіне, аурулармен зақымданушыларды техникалық әдіспен жою жолын береді.
10 Аурулар мен зақымдаушылардың пайда болуын қадағалау
Ауру қоздырғыштар мен зақымдаушыларды жоғары сапалы орман қорғау шараларын толық, дұрыс өткізгенде ғана жоюға болады. Ол үшін қоздырғыштың биологиялық ерекшеліктерін, олармен берілетін аурудың таралу дәрежесін білу қажет. Бақылаудың басты мақсаты - аурудың ошақтарын тауып, қалай таралу жолдарын анықтау. Аурудың пайда болуын қадағалайтын орман шаруашылығы орманды қорғау мекемесінің жетекшілері, жұмысшылары бірігіп жартылай жетекшілік жұмыс ететін облыстық, аймақтық, одақтық орман шаруашылығы.
Жалпы бақылау. Аурулармен зақымданушыларға қарсы құрал-жабдықтармен жабдықталған орман қорғау мекемесінің жұмысшылары жауапты.
Арнаулы бақылау. Аса қауіпті ауруларды тауып, аса таралу жолдары, ошақтардың динамикасын оқу. Арнаулы бақылау рекогносты және детальді деп екіге бөлінеді.
Рекогносты бақылау. Орман шаруашылығы және орман комбинаттарымен жүзеге асырылады. Оған инженер орман патологі жетекшілік жасайды. Бұнда аса қауіпті аурудың ошағы тауып, құрау мөлшерін және зақымдану дәрежесінің белгісін анықтау. Мысалы, қарлы шюттеде қар кетіп көктем болғанда бақылауға болады. Былтырғы жылғы зақымдалған қылқанмен биылғы жылғы зақымдалған қылқанның түсіне қарап айырмашылығын көруге болады. Голланд ауруын маусым айында бақылауға болады. Жазда көктеп тұрған ағаштың жоғарғы жағы қурап, жапырақтары қызыл қоңыр түске боялады. Шіру ауруын кез келген уақытта бақылауға болады. Рекогносты бақылау аурудың ошағын тез тауып алуға көмектеседі. Бірақ дұрыс таңдалған әдіс және қолданылатын заттар мен ауруға толықтай анықтама беруге жеткіліксіз.
Деталды бақылау. Жан-жақты үнемі және уақытты бақылауды талап етеді. Аурудың таралу жылдамдығы, ауру қоздырғыштарының спора түзу мерзімі, аурудың дамуына ауа-райының факторларының әсер етуі. Бақылау орман патологиялық зерттеу материалдарымен толықтырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |