1.1. Осы лауазымдық нұсқаулық Қазақстан Республикасының «Білімтуралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «ҚазақстанРеспубликасындағы бала құқықтары туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтiкжәне медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау» заңдарға, «Тиістіүлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, оның ішінде
балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысына (2017 жылғы 7 сәуірдегі № 181 қаулымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен), «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы
енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен) сәйкес әзірленді.
1.2. Педагог-ассистент педагог жұмыскерлердің санатына жатады.
1.2. Педагог-ассистент педагог жұмыскерлердің санатына жатады.
1.3. Педагог-ассистент лауазымына жұмыс өтіліне талаптар қоймай, жоғары педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік педагогикалық білімі (педагогикалық, психологиялық-педагогикалық, дефектологиялық) бар тұлға тағайындалады. Педагогикалық, психологиялық-педагогикалық білімі болған жағдайда арнайы педагогика немесе инклюзивті білім беру бойыншабіліктілікті арттыру курсынан өтуі тиіс.
1.4. Педагог-ассистент білім беру әкімшілігінің бұйрығымен белгіленген қолданыстағы еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
1.5. Педагог-ассистент инклюзивті білім беруді үйлестіретін білім беру ұйымы басшысының орынбасарына немесе мектептік психологиялықмедициналық-педагогикалықконсилиум төрағасына бағынады.
1.5. Педагог-ассистент инклюзивті білім беруді үйлестіретін білім беру ұйымы басшысының орынбасарына немесе мектептік психологиялықмедициналық-педагогикалықконсилиум төрағасына бағынады.