Кәсіптік білім
Мәдени құндылықтарды, оқыту саясаты мен теориясын білу негізінде сапалы оқытудың педагогикалық тәсілдерін түсінеді.
|
2.1 Білім алушылардың/
тәрбиеленушілердің білімі және олар қалай оқиды және дамиды
|
2.1.1 Білім алушылардың/ тәрбиеленушілердің әлеуметтік-мәдени және жеке ерекшеліктері туралы білімдерін көрсетеді
2.1.2 Білім алушылардың/тәрбиеленушілердің жеке және жас ерекшеліктері туралы білімдерін көрсетеді
2.1.3 Оқыту мен тәрбиелеу процесінің инклюзивтілігін түсінеді
2.1.4 Білім беру прогресі ретінде оқыту мен тәрбиелеу процесін түсінуді көрсетеді
|
2.2 Пәнді/ қызметті және оны қалай оқыту
/ұйымдастыру және білім алушыларды қалай бағалау керектігін білу
|
2.2.1 Пәндік саланың / қызметтің теориялық және қолданбалы білімін көрсетеді
2.2.2 Білім беру және оқу бағдарламасының тұжырымдамалық негіздерін, сондай-ақ сабақты әзірлеу және жоспарлау кезінде бағалау әдістерін түсінеді
2.2.3 Білім алушының/тәрбиеленушінің танымдық процесінің заңдылықтарына сәйкес пәнді қалай оқыту/қызметін жүзеге асыру туралы түсінеді
2.2.4 Педагогикалық тәсілдер, технологиялар мен ресурстардың өзара байланысында пәнді қалай оқыту/қызметті жүзеге асыру керектігін түсінеді
|
Сабақ беру/тәрбиелеу және оқыту тәжірибесі
Қоғамдастықпен ынтымақтастықта технологиялар мен ресурстарды қолдана отырып, барлық білім алушылар/тәрбиеленушілер үшін қауіпсіз, қолайлы ортаны және оқыту мен тәрбиелеу мақсаттарына қол жеткізу бойынша нәтижелі процесті ұйымдастырады.
|
3.1 Қауіпсіз және қолайлы оқыту және дамыту ортасын құру
|
3.1.1 Қауіпсіз заттық-кеңістіктік және денсаулық сақтау ортасын қолдайды
3.1.2 Білім беру ортасында құқықтық және әлеуметтік-психологиялық қауіпсіздікті қолдайды
3.1.3 Оқыту мен дамытуда әрбір білім алушыға/тәрбиеленушіге қолдау көрсететін қолайлы әлеуметтік-психологиялық ахуал қалыптастырады
3.1.4 Білім алушының/тәрбиеленушінің дамуы мен уәждемесінің қолайлы инклюзивтік жағдайларын қолдайды
3.1.5 Сабақ беру мен оқытуда АКТ-ны қауіпсіз және этикалық пайдалануды қамтамасыз ету үшін стратегияларды түсінуді көрсетеді
|
3.2 Оқыту және тәрбиелеу процесін жоспарлау
|
3.2.1 Оқыту және тәрбиелеу мақсаттарына сәйкес білім беру процесін құрылымдайды
3.2.2 Білім алушының / тәрбиеленушінің жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескереді
3.2.3 Оқыту және тәрбиелеу мақсаттарына сәйкес оқыту/тәрбиелеу технологияларын және бағалау стратегияларын таңдайды
3.2.4 Әріптестердің, білім алушылардың/ тәрбиеленушілердің және ата-аналардың/заңды өкілдердің кері байланысын ескереді
3.2.5 Білім алушылардың тартылуы үшін оқу процесінде АКТ пайдалану дағдыларын көрсетеді
|
3.3 Оқыту және тәрбиелеу процесін іске асыру
|
3.3.1 Оқыту мен тәрбиелеу мақсатына қол жеткізуді қамтамасыз ететін сабақ/ қызметті ұйымдастырады
3.3.2 Білім алушылардың / тәрбиеленушілердің оқыту мен тәрбиелеудің жоғары нәтижелеріне ұмтылуына ықпал етеді және олардың ұмтылысын қолдайды
3.3.3 Жұмыс барысында туындайтын объективті өзгерістерге қарамастан сабақтың /қызметтің мақсатына жетеді
3.3.4 Оқыту/тәрбиелеу технологиясын және мақсатқа сәйкес бағалау стратегиясын қолданады
|
3.4 Оқыту және тәрбиелеу процесіндегі ынтымақтастық
|
3.4.1 Оқыту және тәрбиелеу мақсаттарына қол жеткізу үшін білім алушылармен / тәрбиеленушілермен өзара іс-қимыл жасайды
3.4.2 Оқушылардың/тәрбиеленушілердің жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ата-аналармен/заңды өкілдермен өзара іс-қимыл жасайды
3.4.3 Білім беру процесін жақсарту үшін
кәсіптік қоғамдастықтар шеңберінде әріптестермен және мүдделі тараптармен ынтымақтасады
|
|