Білім беру 4.0.
«Педагог» кәсіптік стандарты
Кіріспе
Қазақстандық қоғам ұлтты ілгерілетуге бағытталған, қазіргі және келесі ұрпаққа еліміздің дамуына өз үлесін қосуға мүмкіндік беретін білімнің маңыздылығын түсінеді.
Педагог өз қызметімен -аналармен және мемлекетпен сенімді серіктестікте қазақстандық балалардың бүгінгі және болашақ әл-ауқатын анықтайды.
Педагогтің кәсіптік стандартын әзірлеу кезінде Қазақстанда білім беру сапасын академиялық және практикалық арттырудағы қазіргі және болашақ қажеттіліктер, білім беру саласындағы заманауи зерттеулер және үздік халықаралық тәжірибе ескерілді.
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Педагогтің кәсіптік стандарты (бұдан әрі – Кәсіптік стандарт):
1.1. педагогтің педагогикалық дайындығы мен қызметінің мазмұнын сипаттайды;
1.2. педагогтерді даярлау мен олардың біліктілігін арттырудың, қызметтің басқа да салаларындағы мамандарды қайта даярлаудың білім беру бағдарламаларын әзірлеу үшін негіз болып табылады;
1.3. кәсіптік дайындықтан және мамандыққа кірісуден бастап педагогикалық шеберлікке дейінгі құзіреттіліктерді сипаттайды;
1.4. нақты педагогтің еңбек қызметін және кәсіптік танылған практика эталонын салыстыру үшін негіз қалыптастырады;
1.5. педагогке өз мансабын кәсіптік дамытуға мүмкіндіктер береді;
1.6. педагогтің біліктілік деңгейлерін, еңбек функцияларын және кәсіптік даму дәрежесін дифференциалды бағалау құралы болып табылады;
1.7. өзгерістер мен инновациялық процестерге белсенді жауап бере отырып, мұғалімге сабақ беру, оқыту және тәрбиелеуде көшбасшылық қасиеттерді дамытуға мүмкіндік береді;
1.8. педагогке қоғамдық сенім мен құрметті нығайтуға, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің әл-ауқатын арттыруға, білім беру ұйымдарында оқыту мен дамуды жақсартуға ықпал етеді.
2. Кәсіптік стандарттың қолданылу саласы:
2.1. педагогтің кәсіптік құзыреттілігінің бірыңғай түсінігін қамтамасыз ету және қоғамның мүдделі тараптарын хабардар ету;
2.2. кәсіптік оқыту бағдарламаларының мақсаттары мен мазмұнын және педагогикалық қызметке дайындығын айқындау;
2.3. педагогикалық қызметті жобалау мен жүзеге асырудағы педагогтің кәсіптік құзыреттілігінің сипаттамасы;
2.4. педагогті кәсіптік қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін дамыту;
2.5. педагогтің біліктілік талаптары мен еңбек функцияларының деңгейлерін белгілеу және бағалау;
2.6. өзгерістерді басқару және өзінің педагогикалық қызметінің мазмұнын бейімдеу.
Осы Кәсіптік стандартта келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
еңбек функциясы (кәсіптік қызмет) – еңбек процесінің бір немесе бірнеше міндеттерін шешуге бағытталған өзара байланысты әрекеттер жиынтығы;
оқыту практикасы/тәрбие және оқыту – білім алушылардың/ тәрбиеленушілердің білім беру процесін ұйымдастыруға бағытталған оқыту және тәрбиелеу мақсаттарын іске асыру бойынша педагогтің қызметі, білім беру мазмұнын меңгеруде және қажетті жеке қасиеттерді қалыптастыруда жоспарлы жүйелі көмек;
Құзырет – оларға қатысты сапалы және нәтижелі әрекет ету үшін қажетті объектілер мен процестердің белгілі бір шеңберіне қатысты берілетін өзара байланысты жеке қасиеттердің (білім, білік, дағды, іс-әрекет тәсілдері) жиынтығы;
Кәсіптік құзыреттілік – кәсіптік қызметті түсіну мен орындауды қамтамасыз ететін білім, зияткерлік және пәндік-практикалық білік, дағдылар, әдеттер жүйесі.
Достарыңызбен бөлісу: |