7-параграф. Аккомпаниатор 174. Лауазымдық міндеттері: репетициялар мен концерттерде вокалистер мен аспапшыларды сүйемелдейді, спорттық, көркем гимнастика, мәнерлеп сырғанау, жүзу, аэробика, шейпинг бойынша спорттық жарыстарда, балдық және спорттық билерде, білім беру ұйымдарында түрлі мәдени-бұқаралық іс-шараларда көрсетілімдік қойылымдарда музыкалық сүйемелдеудің кәсіби орындалуын қамтамасыз етеді; білім алушылардың жеке деректерін ескере отырып, қозғалыстардың жекелеген элементтеріне музыканы таңдайды, музыкалық шығармаларды көшіреді, білім алушыларға ансамбльдік ойын дағдыларын дағдыландырады; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау жөніндегі ережелерді сақтайды. 175. Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беру, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілерді; педагогика, психология, еңбек заңнамасы негіздерін; педагогикалық этиканың нормаларын; әр түрлі дәуірдегі, стильдегі және жанрдағы музыкалық шығармалар, музыка тарихы мен теориясы, көркемөнерпаздар репертуарын қалыптастыру принциптерін; сабақтар мен репетицияларды өткізу әдістемесін; педагогика, психология, еңбек заңнамасы негіздерін; еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау ережелерін, санитариялық ережелер мен нормаларды. 176. Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім педагогикалық немесе музыкалық білім немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс өтіліне талап қойылмайды; және (немесе) біліктілігінің орта немесе жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 5 жыл; және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі – 6 жыл. 177. Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар: 1) "педагог-модератор": "педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ: парақтан еркін оқып, дайындықсыз сүйемелдеуге; қысқа мерзімде музыкалық шығармаларды жаттауға, транспондау, орындаушылардың репертуарын білу және зерделеуге; музыкалық фрагменттерді құрастыру дағдыларына ие болуға; әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысуға тиіс; 2) "педагог-сарапшы": "педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ: көлікте парақтан сүйемелдеу; музыкалық шығармаларды өңдеуге және паритуралардан аударуға; жұмыста жоғары кәсіпқойлық пен тұрақты концерттік тәжірибеге ие болуға, конкурстарда, фестивальдарда үздік концертмейстер дипломдары болуға тиіс; 3) "педагог-зерттеуші": "педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ: концертмейстерлік және аккомпаниаторлық мамандықтар (мамандандырулар) бойынша сабақтар жүргізуге; практикалық, әдістемелік тәжірибені жинақтауға, жариялауға материалдар дайындауға, пәндерді оқыту тақырыптарын, курстарын әзірлеуге қатысуға; ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыстармен айналысуға; оқу бағдарламаларын, оқулықтарды, әдістемелік құралдарды жасауға және сынақтан өткізуге қатысуға тиіс; 4) "педагог-шебер": "педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ: концертмейстерлік және аккомпаниаторлық мамандықтар (мамандандырулар) бойынша сабақтар жүргізуге; практикалық, әдістемелік тәжірибені жинақтауға, жариялауға материалдар дайындауға, пәндерді (пәндерді)оқыту тақырыптарын, курстарын әзірлеуге қатысуға; ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыстармен айналысуға; оқу бағдарламаларын, оқулықтарды, әдістемелік құралдарды жасауға және сынақтан өткізуге қатысуға; облыстық оқу-әдістемелік кеңесте және РОӘК-те мақұлданған әдістемелік материалдардың болуы тиіс.