6-параграф. Білім беру ұйымы кабинетінің (бөлімінің) меңгерушісі, оқу бөлімінің меңгерушісі, әдістемелік кабинеттің меңгерушісі 170. Лауазымдық міндеттері: жаппай ойындар, ұжымдық және ойын қарым-қатынастарын өткізеді; білім беру ұйымдарында қойылымдарды ұйымдастырады, ойын-сауық кештерін және басқа да бос уақытты өткізеді; сценарийлерді, тақырыптық бағдарламаларды, балалардың ұжымдық бос уақытының ойын нысандарын әзірлеуге және құрастыруға қатысады; өткізілетін іс-шараларды көркем безендіруге, музыкалық сүйемелдеуге қатысады; дарынды және талантты білім алушыларды, оның ішінде даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды қолдайды; білім алушылардың, тәрбиеленушілердің мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысуын ұйымдастырады; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау жөніндегі қағидалардың сақталуын қамтамасыз етеді; оқу процесі кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді; кәсіби біліктілігін арттырады; ата-аналарға және оларды ауыстыратын тұлғаларға, сондай-ақ педагогтерге консультациялық көмек көрсетеді; әдістемелік кеңестердің, бірлестіктердің, семинарлардың, конференциялардың, педагогикалық қоғамдастықтардың қызметіне қатысады. 171. Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" Заңдарын және білім беру мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілерді; педагогика, психология негіздерін; педагогикалық этиканың нормаларын; білім беру және мәдени-ағарту жұмыстары мәселелері бойынша жоғары тұрған органдардың басшылық құжаттарын; тарих және өнер теориясының негіздерін; ойындар мен ойын-сауықтардың пайда болуы мен тарихын, олардың әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық функцияларын; аудиторияны белсендіру, адамдарды ұжымдық ойын қарым-қатынасына тарту әдістерін; бұқаралық ойын-сауық іс-шараларының драмалық құрылысын; ойын-сауық негіздері, балалар санатына арналған ойын репертуарын; мәдени ұйымдастырушылардың инновациялық жұмыс тәжірибесін; экономика негіздерін, еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау ережелерін, санитариялық ережелер мен нормаларды. 172. Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі немесе техникалық және кәсіптік білімі немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс өтіліне талап қойылмайды; және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шебер мамандығы бойынша жұмыс өтілі-5 жыл; және (немесе) біліктілігінің орта немесе жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл, педагог – зерттеуші үшін кемінде 5 жыл. 173. Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар: 1) "педагог-модератор": "педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ: балалармен мәдени-бұқаралық жұмыстарды ұйымдастыру формаларын, тәрбие жұмыстарын талдау әдістемелерін қолдануға ; тәрбие үрдісінде оң нәтижелерді қамтамасыз етуге; әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысуға тиіс; 2) "педагог-сарапшы": "педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ: тәрбие жұмысын талдау әдістемелерін, балалармен мәдени-бұқаралық жұмысты ұйымдастыру формаларын пайдалануға; балалар мен жасөспірімдерге сараланған көзқарасты ескере отырып, оларды тәрбиелеу әдістемесін дербес әзірлеуге; жұмыста озық педагогикалық тәжірибені қолдануға тиіс; 3) "педагог-зерттеуші": "педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ: эксперименттік жұмыс әдістерін қолдануға; жаңа педагогикалық технологияларды, мақсатты бағдарламаларды әзірлеуге; оларды апробациялау бойынша жұмыс жүргізуге; білім беру саласындағы өзекті мәселелерді әзірлеу бойынша шығармашылық топтарға басшылық етуге; өз жұмысында алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені және оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық технологияларын қолдануға тиіс; 4) "педагог-шебер": "педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ: эксперименттік жұмыс әдістерін қолдануға; жаңа педагогикалық технологияларды, мақсатты бағдарламаларды әзірлеуге; оларды апробациялау бойынша жұмыс жүргізуге; шығармашылық топтарды басқаруға; облыстық оқу-әдістемелік кеңесте және РОӘК-те мақұлданған әдістемелік материалдардың болуы тиіс.