Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы



бет50/91
Дата14.02.2023
өлшемі150,25 Kb.
#67875
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   91
8-параграф. Концертмейстер

178. Лауазымдық міндеттері:


жалпы, арнайы және бейіндік пәндер оқытушыларымен бірлесіп тақырыптық жоспарлар мен бағдарламалар әзірлейді, білім алушылармен жеке және топтық сабақтар өткізеді;


білім алушылардың орындаушылық дағдыларын қалыптастырады, ансамбльдік ойын дағдыларын дамытады, олардың көркемдік талғамын дамытуға, музыкалық-бейнелі түсініктерін кеңейтуге және шығармашылық даралығын тәрбиелеуге ықпал етеді;


жеке және концерттік жұмыста вокалистерді немесе аспапшыларды сүйемелдейді;


музыканы таңдайды және емтихан сабақтарының музыкалық материалын жасайды;


сабақтарда, емтихандарда, сынақтарда, концерттерде (спектакльдерде), көрсетілімдерде (спорттық, көркем гимнастика, мәнерлеп сырғанау, жүзу бойынша спорттық жарыстарда) музыкалық материалдардың кәсіби орындалуын қамтамасыз етеді;


парақтан оқиды, музыкалық шығармаларды тасымалдайды, музыкалық материалды, соның ішінде қойылымдарды өңдеумен және аранжирлеумен айналысады;


тақырыптық жоспарларды, білім беру бағдарламаларын (жалпы, арнайы, бейіндеуші пәндер), оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеуге қатысады;


білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;


еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды.


179. Білуге тиіс:


Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беру мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілерді;


педагогика және жас психологиясы негіздерін;


сабақтар мен репетицияларды өткізу әдістемесін;


педагогикалық этиканың нормаларын;


импровизация негіздерін;


оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың жалпы және жеке әдістерін, әртүрлі дәуірлердегі, стильдегі және жанрдағы шығармалардың музыкалық фрагменттерін құрастыруды, оларды редакциялау және түсіндіру дәстүрлерін, білім алушылардың жеке физикалық деректерін ескере отырып, қозғалыстардың жекелеген элементтеріне музыканы таңдауды;


еңбек заңнамасының негіздерін, еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын, санитариялық қағидалар мен нормаларды.


180. Біліктілікке қойылатын талаптар:


жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе бейіні бойынша өзге де кәсіптік білім немесе техникалық және кәсіптік білім (музыкалық) немесе жұмыс өтіліне талап қойылмай, педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат;


және (немесе) біліктілігінің орта немесе жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 5 жыл;


және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі – 6 жыл.


181. Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:


1) "педагог-модератор":


"педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ:


парақтан еркін оқып, дайындықсыз сүйемелдеуге;


қысқа мерзімде музыкалық шығармаларды жаттауға;


әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысуға тиіс;


2) "педагог-сарапшы":


"педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:


көлікте парақтан сүйемелдеуге;


музыкалық шығармаларды өңдеуге және паритуралардан, аудио/ видео медиадан аудару жасауға;


жұмыста жоғары кәсіпқойлық пен тұрақты концерттік тәжірибеге ие болуға, конкурстарда, фестивальдарда үздік концертмейстер дипломдары болуға;


кәсіби терминологияны білуге, импровизациялық ойын дағдыларын пайдалануға тиіс;


3) "педагог-зерттеуші":


"педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ:


концертмейстерлік және аккомпаниаторлық мамандықтар (мамандандырулар) бойынша сабақтар жүргізуге;


практикалық, әдістемелік тәжірибені жинақтауға, жариялауға материалдар дайындауға, пәндерді оқыту тақырыптарын, курстарын әзірлеуге қатысуға;


жұмыс ерекшелігі бойынша мастер-кластар өткізуге;


әдістемелік жұмыспен айналысуға, оқу бағдарламаларын, оқулықтарды, әдістемелік құралдарды апробациялауға қатысуға тиіс;


4) "педагог-шебер":


"педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуғға, сондай-ақ:


концертмейстерлік және аккомпаниаторлық мамандықтар (мамандандырулар) бойынша сабақтар жүргізуге;


практикалық, әдістемелік тәжірибені жинақтауға, жариялауға материалдар дайындауға, пәндерді оқыту тақырыптарын, курстарын әзірлеуге қатысуға;


облыстық оқу-әдістемелік кеңесте және РОӘК-те мақұлданған әдістемелік материалдардың болуы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет