4-параграф. Біліктілікті арттыру институтының (филиалының) кафедра меңгерушісі 215. Лауазымдық міндеттері: кафедраның даму стратегиясын әзірлейді, сыртқы байланыстарды нығайтады және дамытады; кафедра ішінде тыңдаушыларды курстық даярлау сапасының жүйесін әзірлейді; ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарды оқытудың педагогикалық әдістері мен құралдарын қолданады; профессор-оқытушылар құрамын оқытуды ұйымдастырады; оқу, ғылыми, әдістемелік жұмыс мәселелері бойынша кафедра отырыстарын өткізеді; кафедра жұмысын жоспарлайды, кафедра оқытушыларының жеке жұмыс жоспарларын бекітеді; кафедра оқытушылары арасында педагогикалық жүктемені және функционалдық міндеттерді бөлуді жүзеге асырады және олардың уақтылы және сапалы орындалуын бақылайды; кафедрада ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді, аяқталған ғылыми-зерттеу жұмыстарын талқылауды және оларды енгізу жолдарын ұйымдастырады; қол жеткізілген ғылыми нәтижелерді жариялау мүмкіндігін қамтамасыз етеді; кафедраның көрнекі құралдары мен оқу-әдістемелік материалдарын дайындауға қатысады, оларға сараптама жүргізеді; кафедра оқытушыларының жеке жоспарларының сапасы мен орындалуын бақылайды; кафедра оқытушыларының жұмыс тәжірибесін зерттейді, жинақтайды және таратады; кафедраның жас оқытушыларына оқу және әдістемелік көмек көрсетеді; кафедра оқытушыларының біліктілігін арттыруды жоспарлайды; ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген; ғылыми кеңестің жұмысына қатысады; ғылыми-әдістемелік көмек көрсету мақсатында білім беру ұйымдарымен және өзге де ұйымдармен байланыс орнатады; кафедраның, институттың халықаралық қызметіне қатысады және қамтамасыз етеді; кафедраның құжаттамасы мен есептілігінің барлық түрлерін жасауды және сақтауды қамтамасыз етеді; кафедра қызметінің қорытындысы бойынша есеп береді; кафедра оқытушыларының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін орындауын бақылайды; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау жөніндегі қағидаларды сақтайды. 216. Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Ғылым туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдары және біліктілікті арттыру жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуы мәселелерін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік құжаттар; оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және бекіту тәртібі, білім беру жүйелерін басқару теориясы мен әдістері; педагогикалық этиканың нормалары; педагогика, физиология, психология және кәсіптік оқыту әдістемесі, оқыту мен тәрбиелеудің заманауи нысандары мен әдістері; ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік жұмысты оқытудың педагогикалық әдістері мен құралдары; экономика негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелері. 217. Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі немесе қайта даярлау курстарынан өткен, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл екенін растайтын құжаттың болуы.