Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы


-параграф. Білім беру ұйымы (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) басшысының (директорының) тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары



бет16/91
Дата14.02.2023
өлшемі150,25 Kb.
#67875
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   91
5-параграф. Білім беру ұйымы (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) басшысының (директорының) тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары

58. Лауазымдық міндеттері:


тәрбие процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;


тәрбие жұмысын ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады;


аға тәлімгерлердің, ұзартылған күн топтары тәрбиешілерінің, сынып жетекшілерінің, педагог-психологтардың, әлеуметтік педагогтардың және қосымша білім беру педагогтерінің қызметін жоспарлауды және бақылауды жүзеге асырады;


тәрбие жұмысы, мәдени-тәрбие іс-шараларын дайындау және өткізу бойынша құжаттаманы әзірлеуді қамтамасыз етеді;


тәрбие процесінің мазмұны мен өткізілу сапасына жүйелі бақылауды жүзеге асырады;


педагогтарды іріктеуге қатысады, кәсіби даму, педагогтердің біліктілігін және кәсіби құзыреттілігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастырады;


тәрбие процесін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары әкімшілігінің, әлеуметтік – психологиялық қызметтері мен бөлімшелерінің жұртшылық және құқық қорғау органдарының өкілдерімен, ата-аналар қоғамдастығының, қамқоршылық кеңестің өкілдерімен өзара іс-қимылын үйлестіреді;


білім беру процесінің барлық қатысушыларының толерантты мінез-құлық мәдениетін қамтамасыз етеді;


ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмысын үйлестіреді;


мектеп-ата-ана қатынастарының жаңа нысандарын, мектеп пен отбасының толық өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;


білім алушыларға медициналық қызмет көрсету жағдайын бақылауды жүзеге асырады;


тәрбие іс-шараларын өткізу кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;


киберкультураны (компьютерлік технологиялар мүмкіндіктерін пайдаланады) және кибергигиенаны дамытады (интернет желісінде жұмыс істеу дағдылары мен білімі бар);


білім алушылардың, педагогтердің конкурстарға, слеттерге, конференцияларға қатысуын қамтамасыз етеді;


кәсіптік бағыт беру жұмыстарын жүргізеді;


есептік құжаттаманың сапалы және уақтылы тапсырылуын қамтамасыз етеді;


ата-аналар үшін педагогикалық консилиумдар ұйымдастырады және өткізеді;;


мектеп парламентінің, дебат қозғалысының, оқушылардың өзін-өзі басқаруының, "Жас қыран", "Жас ұлан" балалар ұйымдарының жұмыстарын ұйымдастырады;


"Қоғамға қызмет ету", "Отанға тағзым", "Үлкендерге құрмет", "Анаға құрмет" қоғамдық-пайдалы жұмыстарын ұйымдастырады.;


адамгершілік-рухани білім беруді қамтамасыз етуде "өзін-өзі тану" пәнінің педагогымен өзара іс-қимыл жасайды;


білім беру ұйымдары түлектерінің қауымдастығын құру және қызметін қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіреді;


педагогикалық еңбек ардагерлерімен өзара іс-қимыл жасайды;


білім беру ұйымы мұражайының жұмысын ұйымдастырады;


туристік жорықтар мен экскурсиялар ұйымдастырады;


білім алушылардың бойында патриоттық тәрбие, іскерлік қарым-қатынас дағдыларын, тамақтану мәдениетін қалыптастыруды қамтамасыз етеді;


білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.


59. Білуге тиіс:


Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;


педагогика және психология негіздері;


мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;


педагогикалық этиканың нормалары;


экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері;


еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.


60. Біліктілікке қойылатын талаптар:


тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;


және (немесе) білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының болуы не "педагог – сарапшы" біліктілігінің болуы немесе "педагог – зерттеуші" немесе "педагог – шебер" біліктілігінің болуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет