Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы



бет37/91
Дата10.09.2022
өлшемі209,22 Kb.
#38793
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   91
9-параграф. Тәрбиеші-ана
130. Лауазымдық міндеттері:
балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ететін жағдайлар жасайды, отбасы жағдайларына жақындатылған қажетті тұрмыстық жағдайлар жасайды, тәрбиеленушілердің күн тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді;
білім беру ұйымдарымен тығыз байланыста болады, балаларды тәрбиелеу мәселелерінде сынып жетекшілерімен, олардың даму ерекшеліктерін анықтау, диагноз қою және оқытудың, тәрбиелеудің, жұмысқа орналастырудың барабар жағдайларын айқындау мәселелерінде консультациялық көмек алу үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациямен өзара іс-қимыл жасайды;
балалардың адамгершілік-рухани дамуын, зияткерлік қабілеттерін, дене денсаулығын дамытуды қамтамасыз етеді;
бес жастағы балалардың мектепалды дайындығын қамтамасыз етеді;
тәрбиеленушілерді жалпы білім беретін мектепке айқындайды;
тәрбиеленушілердің уақытылы жалпы орта білім алуына ықпал етеді;
балалардың оқу орнына баруын, тәрбиеленушілердің күн тәртібін, үй тапсырмаларын орындауын, қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуын, қосымша білім алуды, бос уақытын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
тәрбиеленушілердің өзіне-өзі қызмет көрсету, жеке гигиена ережелерін сақтау жөніндегі жұмысын ұйымдастырады;
талдау жүргізеді, қажеттілікті айқындайды және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау және өртке қарсы қорғау ережелерінің, санитариялық ережелер мен нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді.
131. Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы", "Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы", "арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзеу арқылы қолдау туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы және балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы", "Тұрғын үй қатынастары туралы", "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы", "Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері туралы" заңдар және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;
педагогика және психология негіздері, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;
менеджмент, қаржы-шаруашылық қызметті, еңбек заңнамасы негіздері;
педагогикалық этиканың нормалары;
еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.
132. Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе педагогикалық мамандық бойынша техникалық және кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
және (немесе) біліктілігінің орта немесе жоғары деңгейі болған кезде тәрбиеші ана лауазымындағы жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін тәрбиеші-ана лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
133. Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
1) "педагог-модератор":
"педагог" біліктілігіне қойылатын талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ:
жеке тұлғаға бағытталған тәрбие мен оқыту технологияларын қолдануға;
әдістемелік бірлестіктердің, озық тәжірибе мектептерінің жұмысына қатысуға;
өз жұмысында озық педагогикалық тәжірибені пайдалануға тиіс;
2) "педагог-сарапшы":
"педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ:
тәрбиеленушілердің жасын және оларға сараланған көзқарасты ескере отырып, оларды тәрбиелеу әдістемесін дербес әзірлеуге;
тәрбие жұмысын талдау әдістерін, диагностикалық жұмыстың ұйымдастыру нысандарын пайдалануға;
шығармашылық семинарларға жетекшілік етуге тиіс;
3) "педагог-зерттеуші":
"педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ:
тәрбие жұмысын талдау әдістерін, диагностикалық жұмыстың ұйымдастыру нысандарын пайдалануға;
білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) жасын және оларға сараланған тәсілді ескере отырып, оларды тәрбиелеу әдістемесін дербес әзірлеуге;
шығармашылық семинарларға жетекшілік етуге;
өз жұмысында озық педагогикалық тәжірибені пайдалануға тиіс;
4) "педагог-шебер":
"педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ:
тәрбие жұмысын талдау әдістерін; диагностикалық жұмыстың ұйымдастыру нысандарын пайдалануға;
білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) жасын және оларға сараланған тәсілді ескере отырып, оларды тәрбиелеу әдістемесін дербес әзірлеуге;
шығармашылық семинарларға жетекшілік етуге;
өз жұмысында озық педагогикалық тәжірибені пайдалануға;
облыстық оқу-әдістемелік кеңесте және РОӘК-те мақұлданған әдістемелік материалдардың болуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет