Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы


-параграф. Арнайы ұйымның тәрбиешісі (аға тәрбиешісі)



бет40/91
Дата10.09.2022
өлшемі209,22 Kb.
#38793
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   91
Байланысты:
№338 БҰЙРЫҚ ЛАУАЗЫМ

3-параграф. Арнайы ұйымның тәрбиешісі (аға тәрбиешісі)
140. Лауазымдық міндеттері:
әр баланың жеке басын дамыту мақсатында тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтары мен бейімділіктерін зерделейді, олармен түзету-дамыту жұмыстарын (топпен немесе жеке)жоспарлайды және жүргізеді;
әлеуметтік-психологиялық оңалту, әлеуметтік және еңбекке бейімдеу үшін жағдай жасауды қамтамасыз ететін күнделікті жұмыс;
тәрбиеленушілердің күн тәртібін орындауын, олардың үй тапсырмаларын дайындауын, қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуын ұйымдастырады;
оларға оқуда, бос уақытын ұйымдастыруда және қосымша білім алуда көмек көрсетеді;
сабақтан тыс уақытта тәрбиеленушілермен тәрбие жұмысын жүргізеді;
тәрбиеленушілердің жасын ескере отырып, өзіне-өзі қызмет көрсету, жеке гигиена ережелерін сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
медициналық қызметкерлермен бірлесіп тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтауды және нығайтуды қамтамасыз етеді, олардың психофизикалық дамуына ықпал ететін іс-шараларды өткізеді, тәрбиеленушілердің ұйымда болған уақытында олардың өмірі мен денсаулығы үшін дербес жауапты болады;
дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсетеді;
топқа бекітілген мүліктің, әдістемелік әдебиеттің, құралдардың сақталуын қамтамасыз етеді, оқу жабдығының, ойыншықтардың есебін жүргізеді, арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалайды және айқындайды, арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну үшін қажетті жағдайлар жасайды, балалардың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізеді;
белгіленген есептік құжаттаманың сапалы және уақытылы жасалуын қамтамасыз етеді;
интернаттық ұйымның аға тәрбиешісінің міндеттерін орындау кезінде тәрбиешілердің жұмысына басшылық жасайды, тәрбиешілердің біліктілігін арттыруға, олардың бастамаларын дамытуға жәрдемдеседі.
141. Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзеу арқылы қолдау туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы", "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілер;
педагогика және психология негіздері;
өмірлік қиын жағдайда қалған балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтердің мемлекеттік стандарты, арнайы педагогика, психология;
педагогикалық этиканың нормалары;
педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;
еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.
142. Біліктілікке қойылатын талаптар:
"Арнайы педагогика" бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе техникалық және кәсіптік білім немесе қайта даярлауды растайтын құжат немесе жұмыс өтіліне талап қоймастан, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалармен жұмыс бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы құжат;
және (немесе) біліктілігінің орта және жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін - кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін - кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін - кемінде 4 жыл;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі – кемінде 6 жыл.
143. Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
1) "педагог-модератор":
"педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі тиіс:
жеке тұлғаға бағытталған тәрбие мен оқыту технологияларын қолдану;
тәрбие процесінде тұрақты оң нәтижелерді қамтамасыз ету;
білім беру ұйымдары шеңберінде әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысу, жұмыс тәжірибесін жинақтау;
2) "педагог-сарапшы":
"педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ:
тәрбиеленушілерді тәрбиелеу әдістемесін дербес әзірлеуге;
тәрбие жұмысын талдау әдістерін, диагностикалық жұмыстың ұйымдастыру нысандарын пайдалануға;
аудан/қала деңгейінде шығармашылық семинарларға басшылық жасауға тиіс;
3) "педагог-зерттеуші":
"педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ:
ғылыми-зерттеу, эксперименттік жұмыс әдістерін қолдануға;
жаңа педагогикалық технологияларды, тәрбие әдістемелерін әзірлеуге;
оларды апробациялау бойынша жұмыс жүргізуге, облыс деңгейінде педагогикалық тәжірибені жинақтауға;
тәрбие және оқыту саласындағы өзекті мәселелерді әзірлеу бойынша шығармашылық топтарға басшылық етуге тиіс;
4) "педагог-шебер":
"педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ:
эксперименттік жұмыс жүргізуге;
жаңа педагогикалық технологияларды, тәрбие әдістемелерін әзірлеуге;
оларды апробациялау, республикалық (халықаралық) деңгейде педагогикалық тәжірибені жинақтау бойынша жұмыс жүргізуге тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет