4-параграф. Біліктілікті арттыру институтының (филиалының) кафедра меңгерушісі 215. Лауазымдық міндеттері:
кафедраның даму стратегиясын әзірлейді, сыртқы байланыстарды нығайтады және дамытады;
кафедра ішінде тыңдаушыларды курстық даярлау сапасының жүйесін әзірлейді;
ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарды оқытудың педагогикалық әдістері мен құралдарын қолданады;
профессор-оқытушылар құрамын оқытуды ұйымдастырады;
оқу, ғылыми, әдістемелік жұмыс мәселелері бойынша кафедра отырыстарын өткізеді;
кафедра жұмысын жоспарлайды, кафедра оқытушыларының жеке жұмыс жоспарларын бекітеді;
кафедра оқытушылары арасында педагогикалық жүктемені және функционалдық міндеттерді бөлуді жүзеге асырады және олардың уақтылы және сапалы орындалуын бақылайды;
кафедрада ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді, аяқталған ғылыми-зерттеу жұмыстарын талқылауды және оларды енгізу жолдарын ұйымдастырады;
қол жеткізілген ғылыми нәтижелерді жариялау мүмкіндігін қамтамасыз етеді;
кафедраның көрнекі құралдары мен оқу-әдістемелік материалдарын дайындауға қатысады, оларға сараптама жүргізеді;
кафедра оқытушыларының жеке жоспарларының сапасы мен орындалуын бақылайды;
кафедра оқытушыларының жұмыс тәжірибесін зерттейді, жинақтайды және таратады;
кафедраның жас оқытушыларына оқу және әдістемелік көмек көрсетеді;
кафедра оқытушыларының біліктілігін арттыруды жоспарлайды;
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген;
ғылыми кеңестің жұмысына қатысады;
ғылыми-әдістемелік көмек көрсету мақсатында білім беру ұйымдарымен және өзге де ұйымдармен байланыс орнатады;
кафедраның, институттың халықаралық қызметіне қатысады және қамтамасыз етеді;
кафедраның құжаттамасы мен есептілігінің барлық түрлерін жасауды және сақтауды қамтамасыз етеді;
кафедра қызметінің қорытындысы бойынша есеп береді;
кафедра оқытушыларының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін орындауын бақылайды;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау жөніндегі қағидаларды сақтайды.
216. Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Ғылым туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдары және біліктілікті арттыру жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуы мәселелерін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік құжаттар;
оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және бекіту тәртібі, білім беру жүйелерін басқару теориясы мен әдістері;
педагогикалық этиканың нормалары;
педагогика, физиология, психология және кәсіптік оқыту әдістемесі, оқыту мен тәрбиелеудің заманауи нысандары мен әдістері;
ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік жұмысты оқытудың педагогикалық әдістері мен құралдары;
экономика негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелері.
217. Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі немесе қайта даярлау курстарынан өткен, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл екенін растайтын құжаттың болуы.