Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы


-параграф. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары басшысының кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары



бет72/91
Дата10.09.2022
өлшемі209,22 Kb.
#38793
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   91
Байланысты:
№338 БҰЙРЫҚ ЛАУАЗЫМ

4-параграф. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары басшысының кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары
256. Лауазымдық міндеттері:
Кәсіптік оқыту бойынша білім беру ұйымының педагогикалық ұжымының қызметін ұйымдастыруды және үйлестіруді жүзеге асырады;
тиісті жұмыс бағытындағы кадрларды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, оларды басшыға ұсынады, олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттіліктерін ескере отырып, мамандарды кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
заманауи техника мен өндіріс технологиясын зерделеуді, жаңа оқу кабинеттерін, шеберханаларды құруды және жұмыс істеп тұрғандарын қайта жабдықтауды ұйымдастырады;
әлеуметтік серіктестермен жұмысты үйлестіреді;
әлеуметтік әріптестермен келісімдер әзірлейді және олардың іске асырылуына жауап береді;
әлеуметтік әріптестермен бірлесіп жүргізілетін кадрлар даярлауды жетілдіру жөніндегі эксперименттік жұмысты ұйымдастырады, бақылайды және талдайды;
біліктілік беру бойынша бітіруші курс білім алушыларының біліктілік емтихандарын өткізуді ұйымдастыруды жүзеге асырады;
кәсіптік оқыту және оқытудың инновациялық-дамытушы элементтерін практикаға енгізу бойынша озық педагогикалық тәжірибені анықтайды, жинақтайды және таратады;
педагогтар мен білім алушылар арасында семинарлар, конференциялар, конкурстар өткізуді ұйымдастырады;
шеберханаларда, кәсіби зертханаларда оқу-материалдық базаның есебін, сақталуын және толықтырылуын, санитариялық-гигиеналық режим қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды кәсіптік бағдарлау жөніндегі жұмысты, әлеуметтік әріптестермен ынтымақтастықты ұйымдастырады;
белгіленген есептік құжаттаманың уақытылы жасалуын қамтамасыз етеді;
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшылары мен басшылары орынбасарларының біліктілік санаттарын беру (растау) кезінде қойылатын тиімділік көрсеткіштеріне сәйкес келеді;
білім алушылар, педагогтер және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
257. Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексі, Қазақстан Республикасының "Әкімшілік рәсімдер туралы", "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдары, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер;
педагогика және психология, әлеуметтану негіздері, қазіргі педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;
педагогикалық этиканың нормалары;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, басқарудың инновациялық әдістері, экономика негіздері;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары.
258. Біліктілікке қойылатын талаптар:
бейіні бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі, педагогикалық білім немесе өзге де жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) кәсіптік білім және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл немесе білім беру ұйымының бейініне сәйкес келетін кәсіпорындардағы (ұйымдардағы) жұмыс өтілі кемінде 3 жыл, кәсіптік қайта даярлығы бар;
немесе білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының болуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет