«Педагогика» 17 и 20 нету Мектеп мұғалімі, мұғалімдік мамандықтың ерекшеліктері мен қабілетері


Мектептегі педагогикалық кеңес және оны жүргізу барысы мен мазмұны



бет3/11
Дата18.04.2023
өлшемі28,67 Kb.
#83835
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Мектептегі педагогикалық кеңес және оны жүргізу барысы мен мазмұны

Педагогикалық кеңес барлық мектептерде жұмыс істеуге тиіс. Педагогикалық кеңес оқу-тәрбие жұмысының негізгі мәселелерін қарау үшін құрылған жұмыс орталығы онда қаралатын мәселелер – мектептің жылдық оқу-тәрбие жоспарында атап көрсетіледі және онда қаралып бекітіледі. Педагогикалық кеңес мүшелері болып барлық мұғалімдер, психология қызметкерлері, дәрігер, ата-аналар комитетінің басшылары кіреді. Мектеп директоры педагогикалық кеңестің басқарушысы.
Педагогикалық кеңес мәжілісінде:
мектептің жылдық оқу жоспары;
оқу-тәрбие жұмысының тоқсан бойынша қорытындылары;
емтиханға және бірыңғай ұлттық тестілеуге дайындық;
сыныптан сыныпқа көшу және ондағы жүргізілетін емтихандар;
оқу жылының қорытындылары;
оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру.

  1. ҚР білім беру жүйесінің құрылу принциптері, құрылымы

Орта білім беру Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың 2010 жылға дейінгі бағдарламасы негізінде жалпы орта білім үш сатылы
Жалпы орта білім – үздіксіз білім беру жүйесіндегі негізгі деңгей. Жалпы орта білім 3 сатылы: бастауыш (1-5 сыныптар) негізгі (6-10 сыныптар) және жоғарғы (10-12 сыныптар).
Гимназия – негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын, оқушыларды олардың бейімділігі мен қабілетіне сәйкес тереңдетіп, салаға бөліп, саралап оқытуды көздейтін, жалпы орта білім беретін оқу орны. Лицей – негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын, жоғары сатыдағы оқушыларды кәсіби бағдарлап оқытуды жүзеге асыратын жалпы білім беретін оқу орны. Білім берудің мазмұны туралы ұғым.Оқу жоспары, оқулық, бағдарлама, стандарт және оның құрылымы мен мазмұны

  1. Әдістемелік жұмыс және оның ұйымдастырылуы мен жүргізілуі

Әдістемелік жұмыс – педагог кадрлардың ғылыми-ілімдік, кәсіптік, әдістемелік, мәдени деңгейін сапалы көтеру бойынша ұжымдық, топтық, жеке жұмыстар жүйесін қосатын кешенді және шығармашылық даму үрдісі. Әдістемелік жұмыс – оқу-тәрбие жұмысының әдіс-тәсілдерін игеріп, оны сабақ пен сыныптан тыс шараларда қолдануда, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың жаңа, тиімді әдіс-формаларын іздеу бағытында мектеп әкімшілігінің мұғалімдер және тәрбиешілермен бірлесіп өткізетін іс-шараларының жиынтығы.
Негізгі міндеттері
Оқу жоспарлары мен бағдарламаларды жетілдіру.
Оқу құралдарының мазмұнын дайында мен оны жаңарту.
Сабақтардың барлық түрлерінің өту тиімділігін, әдістемесін жетілдіру.
Жаңа талаптарға сай жаңа оқулықтар мен оқу құралдарын дайындау.
Оқытудың әдіс - формаларын жетілдіру, тиімді жолдарын іздестіру. Әдістемелік жұмыстардың мазмұны. Ғылыми зерттеулер жүргізу,Бағдарламаларды үйлестіру,Ақпараттандыру мәселелерін талқылау тб.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет