Сынып жетекшісі-тек адамзаттық құндылықтарға үйреніп қана қоймай, сонымен қатар әр баланың бойындағы бейімділігін, кәсіби икемділігін, табиғи мүмкіндіктерін ашып, сүйіспеншілік, сенім, түсінушілік және достастық хал-ахуалын тудыру білуі керек.Сынып жетекшісінің негізгі қызметі-оқушы тәрбиесі мен оларды бір ұжымға біріктіру, өзін-өзі жетілдіруге, тәрбиелеуге және іске асыруға жағдай жасау. Ол оқушылардың жан-жақты дамуы, патриоттық сезімдерін қалыптастыру тәрбиесі туралы, еңбексүйгіштігін, ұжымшылдығын, оқу үлгерімінің жақсаруы мен тәртіптің нығаюын және еңбекке дайындығы бағытындағы жұмыстарды ұйымдастырады.Сынып жетекшінің қызметтері: Тәрбиелік-түзетушілік:· креативті қабілеттерін дамыту· жалпы адамзаттық құндылықтарды тәрбиелеу· қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу.Жеке жұмыс· психологиялық педагогикалық жұмыс.Карталары· Тестілеу· Сауалнама жүргізу· Бала денсаулығын қадағлау· Ауырған балаларға қамқорлық көрсету· Баланың жеке денсаулық картасының талапқа сай жүргізілуін қадағалау· Психологиялық қызметпен бірлесе жұмыс істеу.
Ұйымдастырушылық· түрлі қоғамдық пайдалы шаралар ұйымдастыру· оқушы, мұғалім, ата-ана байланысын ұйымдастыру.Бақылаушылық· оқушы үлгерімін есепке алып отыру· оқу кабиентінің санитарлық жағдайын қадағалап отыру.Коммуникативтік- балалар арасындағы қатынастарды реттеу- «Оқушы-мұғалім », «Оқушы-ата-ана», «Мұғалім –ата-ана» өзара тиімді қарым-қатынасын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізу.Аналитикалық- әр оқушының жеке ерекшеліктерін зерттеу- сынып ұжымының қалыптасуын зерттеу және талдау- әр баланың отбасы тәрбиесі жағдайын зерттеу және талдау.
Мектеп басшыларының қызметі
Отбасы, мектеп, жұртшылық
Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғаш рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларын игереді. Сондықтан отбасылық өмір - жеке адамның азамат болып өсуінің негізі. Отбасы ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келеді. Бала тәрбиесінің отбасында, мектепте нәтижелі болуы ынтымаңтастыққа негізделеді. Мектеп тәрбиеге байланысты қоғамдық күштерді ұйымдастыру және біріктіру рөлін атқарады, Ол ішкі тәрбие процесін атқарып қана қоймайды, мөлтек аудандарда, кәсіпорындарда жүргізілетін тәрбие жұмысының мақсатқа бағыттылығын қамтамасыз етеді. Мектеп оқу-тәрбие жұмысының мазмұнын жақсартуға қамқорлық жасап, ата-аналарды, жұртшылықты қатыстырады. Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының бірнеше нысандары бар. Мектеп пен отбасы байланысының басты формасы - ата-аналар жиналысы. Онда күнделікті өмір, еңбек, демалыс, оқушылардың бос уақыты, кәсіптік бағдар, оқу және тәрбие жұмысы, т.б. талқыланып, оларды одан әрі жетілдірудің нақты жолмен қарастырылады. Сынып ата-аналары жиналысында ата-аналар комитеті, олардың төрағасы сайланады.
Байланыс нысандарының бірі - педагогтардың оқушылар үйіне баруы.
Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының тағы бір түрі - педагогикалық насихат, яғни ата-аналарға педагогикалық білім беру.Педагогика пәні, негізгі ұғымдары, салалары, басқа ғылымдармен байланысы