Педагогика факультеті Мектепке дейінгі және арнаулы білім кафедрасы



Pdf көрінісі
бет79/148
Дата07.01.2022
өлшемі1,87 Mb.
#20519
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   148
Байланысты:
ktj 20481

Бірінші  тәсілде  балалар  алдымен  қарапайым  есептерді  шешуді  үйренеді,  содан 
кейін ғана әртүрлі қарапайым есептерді қамтитын күрделі есептерді шешуді үйренеді.  
Қарапайым  есептерді  шешуді  үйрету  процесі  бір  мезгілде  математикалық 
ұғымдарды  қалыптастыру  процесі  болып  та  табылады.  Сондықтан  бастапқы  мектеп 
математика курсында қарастырылатын қарапайым есептер үш топқа бөлінеді.  


 
 
Бірінші  топқа    шығару  барысында  балалар  әрбір  арифметикалық  амалдың 
мағынасын меңгеретін қарапайым есептер жатады:  
          1)  Қосындыны табу;  
2)  Қалдықты табу;  
3)  Бірдей қосылғыштардың қосындысын табу;  
4)  Бірдей бөліктерге бөлу; мағынасы бойынша бөлу.  
Екінші  топқа  есептерді  шығару  барысында  оқушылар  арифметикалық 
амалдардың  компоненталары  мен  нәтижелерінің  арасындағы  байланыстарды  меңгеретін 
қарапайым есептер жатады.  
Үшінші топқа есеп шығару барысында  айырма ұғымы мен еселі қатынас ұғымы 
мағыналары ашылатын қарапайым есептер жатады.  
Екі  санның  айырмасын    табуға  берілген  есептердің  бірінші  түріне  «қаншаға 
артық?» деген сұрағы бар есеп жатады, ал аталған мағынадағы есептердің екінші түріне 
сол шарттары бар, тек «қаншаға кем?» деген сұрағы бар есеп жатады.  
Мысалы:  
Бір үйді 10 аптада салып бітірді, ал екінші үйді  8 аптада салып бітірді. Бірінші 
үйді салуға қанша апта артық жұмсалды?  
Бір  үйді  10  аптада  салып  бітірді,  ал  екінші  үйді    8  аптада  салып  бітірді.  Екінші 
үйді салуға қанша апта кем жұмсалды?  
Үшінші  түр  –  санды  бірнеше  бірлікке  арттыруға  байланысты  есептер  (тіке 
формасы).  
Бір үйді 8 аптада салып бітірді, ал екінші үйді салуға екі  апта артық жұмсалды. 
Екінші үйді салуға қанша апта жұмсалды?  
Төртінші  түр  –  санды  бірнеше  бірлікке  арттыруға  байланысты  есептер  (жанама 
формасы).  
Бір  үйді  8  аптада  салып  бітірді.  Бұл  екінші  үйді  салуға  кеткен  уақыттан  екі    апта 
кем. Екінші үйді салуға қанша апта жұмсалды?  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   148




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет