Нәтижені қорытындылау: 1.Әр квадраттағы нүктелерді санау және нәтижесін протоколға енгізу.
2.Жұмысқа қабілеттілік графигін құру,абсцисса осіне 5сек уақытты,ал ордината осіне әр квадраттағы нүктелер санын орналастырады.
Талдау негізінде жүйке жүйесі күшін критерилермен сәйкестеп диагностикалаңдар,диагнозды протоколға толтырыңдар.
2.Жанамалық қозғалыс белсенділігі (ЖҚБ)-еріксіз белсенділік.Ол организмнің қоршағн ортамен өзара әрекетіне негізделеді,организмнің жалпы энергия алмасуын көрсетеді.ЖҚБ-ны анықтаудың кең таралған әдістемесі-ВиС.Гурренкелдің ұсынған стабилография әдісі.ЖҚБ көрсеткіштері ампитуда(А,мм),жиілік(f,тербеліс саны),өздігінен жазу лентасының қисық айналымының ұзындығы(L,мм),және қуат (W).Қуат мына формала бойынша есептеледі.
W=Amax f ,
А –қозғалыстың орташа максималды ампитудасы (мм) және f-анықталған уақыт бөліктеріндегі тербеліс саны.Мұнда,ЖҚБ-ның қуаты мм мен өлшенеді.Қисық айналымның ұзындығы курвиметр көмегімен өлшенеді.Қисық айналма ұзындығы мен қуат ЖҚБ-ның энергетикалық көрсеткіші.
ЖҚБ адамның жүйке жүйесінің функционалды жағдайының өзгерістеріне аса сезімтал, (гемодинамикалық сипаттарға қарағанда сезімтал),сондай-ақ іс-әрекетірің ақпараттық жағдайына сезімтал,ол организм реактивтілігінің сенім көрсеткіші қызметін атқарады.Организм реактивтілігі жайлы қысым жағдайындағы психофизиологиялық көрсеткіштер динамикасы талданады,ол үшін реактивтілік индексі (РИ) есептеледі.
РИ=fфон-fқыс /f фон + f қыс 100
Ұсынылған әдіс мақсаты-ЖҚБ-ны көрсеткіштерін жиілік тербелістің орташа максималды амплитудасы,жеке нәтиже ретінде-ЖҚБ-ның қуаты,қисық айналманың ұзындығын анықтау болып табылады.
Жабдықтау: әдістің эксперименталды жағдайы:тизодитчиктермен монталданған креслодан,биопотенциалды күшейткіш және өздігінен жазу құралынан тұрады.Жұмыс үшін секундамерлер,циркуль,кулвиметр және сызғыш қажет.Әр студент тәжірибе басталғанға дейін протоколды жазбаны толтыруға дайын болуы керек.
Жұмыс реті: әр студент кезекпен зерттелуші болады.Оның ЖҚБ-нің көрсеткіштерін инженер мұғалім ассистенті жазып отырады.Зерттелуші креслоға отырады.Тік отырып,аяғын еденге жібереді,тізесін тік бұрыштап бүгеді,қолы тізеде жатады,ашық болады.Экспериментатор зерттелушіге нұсқау береді.
Достарыңызбен бөлісу: |