Педагогика факультеті «Педагогика және психология» кафедрасы


-тәжірибе Жүйке жүйесі күшін теппинг-тест көмегімен анықтау



бет125/231
Дата06.01.2022
өлшемі1,92 Mb.
#11807
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   231
Байланысты:
Эксп.психология ПП 3кр.2009

1-тәжірибе Жүйке жүйесі күшін теппинг-тест көмегімен анықтау.

Жүйке процестерінің күші жүйке жасушасының жұмыс қабілеттілік көрсеткіштері және жүйке жүйесінің тұтастығы болып табылады.Күшті жүйкен жүйесі әлсіздерге қарағанда және үлкен мөлшерлі қысымды ұстай алады.Қолданатын бұл әдіс қолдың қозғалысының максималды темпі динамикасын анықтауға негізделген.Тәжірибе алдымен оң қолға,сосын сол қолға бір мезгілде жүргізіледі.Алынған жұмыс нәтижесіндегі эксперименталды тәжірибе қорытындысы.Максималды темп динамикасының 5 типті вариантына бөлінеді:



Дөңесті тип: темп максималдыға дейін жұмыс барысында 10-15 секундта ұлғаяды,келесісінде,25-30 секундқа жетеді,ол шығу деңгейінен де төмен болуы мүмкін.Бұл тип зерттелушінің жүйке жүйесі күшінің қисайған екендігін дәлелдейді.

Тең тип: максималды темп жұмыстың барлық уақытында бір деңгейде тұрады.Бұл тип зерттелушінің жүйке жүйесі күші орташа екенін көрсетеді.

Бәсеңделген тип: максималды темп екінші 5 секундтық бөлімде төмендейді және барлық жұмыс кезенді сол төменгі деңгейде қалады.Бұл тип зерттелушінің жүйке жүйкесінің әлсіздігін көрсетеді.

Аралық тип: жұмыс темпі 10-15 сек. төмендейді.Бұл тип орташа әлсіз жүйке жүйесі болып табылады.

Ойыс,иілген тип: максималды темптің бастапқы төмендігі шығу деңгейіне жеткенше темптің қысқа уақытты өсуімен алмасады.Бұл тип те орташа әлсіз топқа жатқызылады.

Жабдықтау: Стандартты бланкілер,қағаз көлемі 203-283мм,ол алтыға бөлінген,үш квадратты қатарлар белгіленген,секундамерлер,карандаш,протакол жазуға дайындалған форма.

Жұмыс барысы: Студенттер тобы 2-ге бөлінеді: зерттелуші экспериментатор (әр студент жұмысты экспериментатор әрі зерттелуші ретінде өткізу керек) Зерттелуші столға отырады,экспериментатор зерттелушіге құрылымды мәлімдейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет