Педагогика факультеті «Педагогика және психология» кафедрасы



бет58/231
Дата06.01.2022
өлшемі1,92 Mb.
#11807
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   231
Байланысты:
Эксп.психология ПП 3кр.2009

Дәрістің мазмұны:

1.Ғылым адамның өзге іс-әрекеттерінен өзіндік мақсатымен, әдістерімен мотивімен және өзге де негіздермен ерекшеленеді.

Ғылымның мақсаты- шындықты анықтау, ал шындықты анықтаудың әдісі- ғылыми зерттеу.

Зерттеу қоршаған орта жөніндегі таным формаларынан гөрі, ғылыми әдістемелік жағынан белгілі.

Зерттеулер эмпирикалық және теоритикалық болып бөлінеді.

Белгілі болғандай көптеген зерттеулер теоретико-эмпирикалық негіздерімен ерекшеленеді.Кез-келген зерттеулер толық ғылыми бағдарлама немесе ғылыми бағыттарды дамыту мақсатында болады.Тұлғаның нарцистік ерекшеліктері жөнінде Э.Фром зерттеуді ғылыми бағытта агрессияның зиянды жақтарын анықтауда қолданды.Ал К.Левиннің бағдарламасы жетістіктер мотивациясы және квазиқажеттілікті анықтау негізіндегі зерттеу жұмысы болды.Б.Ф.Ломовтың бағдарламасы қарым-қатынас жүйесі мен сенсорлы тапсырлардың шешілу эффективтілігін зерттеу болды.

Зерттеулерді олардың сипатына қарай фундаменталды және қолданбалы, монодисциплинарлы және дисциплинараралық , аналитикалық және комплексті болып бөлінеді.

Фундаменталды зерттеу – практикалық әрекеттің қатысынсыз шындықты тануға бағытталады.

Қолданбалы зерттеу -дәл практикалық тапсырманы шешудегі қолданылатын білімді алу мақсатында жүргізіледі .

Монодисциплинарлы зерттеу- бұл бір бағыттағы ғылымда жүргізіледі. Мысалы: психология дисциплинараралық зерттеулер сияқты бұнда да зерттеу аймақтары және жақтары болады.Яғни этнопсихологиялық немесе социологияны зерттеу сияқты.

Комплексті зерттеу -ғалымдардың шындық параметрлерін тануда әдістемелер жүйесімен жұмыс жасау үшін қолданылады.

Бір факторлы немесе аналитикалық зерттеу – бір зерттеушінің пікірі бойынша шындық аспектісін тану бағытында жүргізіледі.

Кез-келген зерттеу өзінің құрамына мынадай кезендерді еңгізеді. Әрбір кезеңде белгілі бір тапсырмалар шешіледі. Зерттеу жұмысы "Не белгісіз″ деген сұрақтан басталады, яғни тапсырманы анықтап алу .Келесі кезенде ғалымдар зерттеп жатқан мәселе туралы ақпаратты жинақтап, оны талдайды. Кей жағдайда бұл мәселе шешіліп, бірақ толық қорытындысы шықпауы мүмкін .Егер ғалымдар алынған мәліметке күманданса олар қайтадан әдістер арқылы зерттеп, оларды талдап, қайта тексереді.

Зерттеудің шығармашылық кезеңі болып, дәл әдісті табу болып табылады.Дұрыс әдістеменің табылуы зерттеу жұмысының ғылыми облыстарынан жаңа бағыттарын ашады.Эббенгауездің "Мағынасыз буындары" деген шығармасы көп уақыттық естің заңдылықтарын ашуға бағытталады.Гальтордың егіздердің психикалық ерекшеліктерін салыстыру бағдарламасы жаңашыл психогенетиканың ашылуына әкелді.Зерттеудің келесі маңызды кезеңі алдын –ала жағдайларды формулалау және оларға гипотеза жасау болып табылады.Оларды тексеру үшін зерттеудің жоспары құрылады.Ол өз құрлымына обьект таңдайды,яғни экспериментке және бақылауға қатысатын адамдар тобын.Зерттеу жұмысының пәні анықталады.Эксперименттің орны мен уақыты белгіленеді.

Құрылған жоспарға сай жүргізілген зерттеу келесі кезең болып табылады.Зерттеу жүргізу және қортындылау барысында көптеген қиыншылықтар туындап отырады.

2. Зерттеу нәтижелерінің фиксациясынан кейін алғашқы анализдеу,матиматикалық қайта өңдеу ,интерпритациялаулар және жоспарлаулар жүреді.Бастапқы гипотезаның дәлелденгендігі тексеріледі.Жаңа фактілер мен заңдар құрылады.Теория нақтыланады немесе жоққа шығарылады.Осының барысында ұсыныстар пайда болады.

Зерттеудің өткізілу мақсатына байланысты мынандай типтерге бөлеміз: бірінші болып ізденіс зерттеулерін айтамыз. Кей уақытта аналогиялық зертеулерді мынандай мысалдармен түсіндіруге болады:"Былай істеп көрейік,мүмкін бір нәрсе шығар"деген сияқты.Осындай ғылыми жұмыстар принципиалды жаңа қортындыларды анықтауға бағытталады.

Екінші типке критикалық зерттеуді жатқызамыз, олар қалыптасқан теорияны, модельді, гипотезаны, заңдарды немесе екі альтернативті гипотезаның қайсысы дәл екендігін тексеруге арналады.Критикалық зерттеулер көбіне теоретикалық және эмперикалық білімдерде өткізіледі.

Көптеген зерттеулер ғылыми нақтыланумен байланысты Олардың мақсаты шекараны белгілеу, яғни теория эмпирикалық заңдармен фактілерді қалыптастыру шегін қарастырады.Алғашқы эксперименттік үлгісімен салыстырғанда ,жүргізілген зерттеудің обьектілері мен методикасы ерекше болады.Алдын- ала теоретикалық білімнің шындығының қандай ауқымына жатқызатындығы да тіркеледі.

Оның мақсаты алынған нәтиженің обьективтілігін ,сенімділігін және жеткіліктілігін анықтау болып табылады.Кез-келген зертеудің нәтижесі зерттелген басқада жұмыстардың нәтижесіне ұқсас болу керек.Сондықтанда жаңа эффектілердің, заңдардың,методикалардың ашылуынан кейін осы нәтижені тексеру болып табылады.Экспериметтің әдісі мен нақты әдістемесі интерсубъективті болу керек.Шынайы ғылыми зерттеудің теориясы алдын-ала болжамға сүйенеді.

Уақыт ол үздіксіз яғни өткен шақтан болашаққа өтіп отырады.Себептен бұрын жағдайдың болуы мүмкін емес.Екіншіден біздің ойымызша барлық жағдайлар болатын кеңістік изотропты.

Кеңістіктін бір аумағындағы үрдіс оның басқа аумағында да дәл солай болады.

3. Қорытындылай келе біз әлемдегі оқиғалар біздің оларды тануымызға тәуелсіз түрде болып жатады.Әлем шынайы және объективті.Зерттеушінің көмегімен алынған ғылыми нәтиже уақытқа тәуелді түрде идеалды болуы керек. Заңдардың қалыптасуы уақытқа тәуелді болады. Сонымен ғылыми білім интерсубьективті, яғни ғылыми нәтиже зерттеушінің жеке тұлғалық мотивтерімен және интуицияларына тәуелсіз болуы керек.

Соңғы уақытта ғылыми нәтиженін оның әдісіне тәуелді емес екендігі анықталды.Зерттеушінің объектінің танудағы іс-әрекетімен байланысты.

ХХғ.басындағы ғылыми ойлауда "квант- механикалық ревалюция"болып жаңадан теория қалыптасты.

Белгілі методолог М.Бунге мынандай ғылымдардың арасындағы айырмашылықтарды тапты.Біріншісі зерттеу нәтижесі әдіске тәуелді еместігі.Екіншісі нәтиже мен объект инвариантты болып келеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет