2.Жүйкелі-психикалық қысымды, астенияны, көңіл-күйдің түсуін бағалау.
Кіріспе ескерту. Практикалық психолог жұмысында кездесетін психикалық жағдай көрінісінің сандық- сапалық бағасын психологиялық әдістеме арқылы анықтауға болады. Тапсырмада жүйкелі-психикалық қысым мәнерлі деңгейін, астеникалық жағдай шкаласын және субдепрессия жағдайының шкаласы өлшенеді.
Жүйкелік-психикалық қысым психикалық жағдайдың ерекше түрі болып табылады.Бұл оның ауыр өмір жағдайы және іс-әрекетіне байланысты дамиды.
Астеникалық жағдай немесе психикалық белсенділігінің қажуы,психикалық,әлсіздік,қозғыш,психалық процесс өнімділігінің төмендеуі, ұйқының бұзылуы, денелік әлсіздік және басқа да вегетативті- соматикалық бұзылыстармен сипатталады.
Субдепрессивті көңіл күй психалық іс-әрекеттің төмендеуі, психоматориканың, ұйқының бұзылуы, вегетативті- соматикалық қызметі, артериалды қысымның көтерілуіне бейім, әлеуметтік белсенділік және адамның қарым- қатынасының төмендеуі.
Достарыңызбен бөлісу: |