Міндеттері:
Оқушылардың сан туралы, натуралды сандар қатары туралы түсінігін кеңейту.
20,100 шамасындағы сандарды санау дағдысын қалыптастыруды жалғастыру (тура, кері, берілген саннан берілген санға дейін).
Жаңа есептеу бірлігі ретінде, жаңа ? ретінде ондықты белгілеу арқылы есептеу жүйесінің қағидалары туралы оқушылардың түсініктерін қалыптастыру. Мыңдық, жүздік, ондық, бірлік.
Санның ондық құрамымен таныстыру, бір таңбалы және екі таңбалы сандар туралы түсініктерін қалыптастыру.
11-ден 20-дан 100 дейінгі сандарды цифрмен белгілеуді үйрету.
Екі таңбалы сандағы цифрдың орнының қағидасы туралы түсінік беру.
Оқушыларда 20, 100 шамасындағы сандармен ауызша есептеу тәсілдерін қалыптастыру.
Материалды меңгеру ерекшеліктері:
Сандардың аттарын көпке дейін есте сақтай алмайды, шатастырады (20, 30, 40, 50).
Санның реттілігін қиындықпен меңгереді.
Екі таңбалы сандағы әр цифрдың орнының мағынасын түсінбейді, орындарын ауыстырады (алдымен бірлікті содан кейін ондықты жазады). Мысалы: он екі - 21 12.
Санның ондық құрамын талдауда қиналады.
Келесі заңдылықты қиындықпен меңгереді: 10 бірліктен - жаңа бірлік құрылатынын.
Разрядтан асып шығаратын есепті қиындықпен меңгереді, мысалы: 5+6=11, 46+56.
Арифметикалық амалдарды орындағанда разрядтарды ескермейді.
Пайдаланатын көрнекі-практикалық материалдар: жеке және ондықтарға арналған санақ таяқшалары; арифметикалық жәшіктегі брусоктар мен кубиктер; есеп шоты; жолақшалар мен квадраттар; абак; разрядтық кесте; цифрлық касса; санауға арналған түрлі заттар.
100 шамасындағы сандардың номерленуін оқытқанда міндетті түрде келесідей көрнекі дидактикалық материалдар қолданылады: ондықтарға буылған 100 таяқша; арифметикалық жәшік; абак; метрлік сызғыш; квадрат 100 (10x10); разрядтық кесте; цифрлы касса және қосылған сандармен, ондықтар және бірліктермен карточкалар.
-2-11-ден 20-ға дейін әр санмен бөлек таныстырамыз. Әр санды оқытуға бірнеше сабақ беріледі. 20 шамасындағы сандардың номерлеуін оқытуда келесі сұрақтар қарастырылады.
«Ондық» деген түсінікті қайталау.
Санның құрылуы.
Санның ондық құрамы.
Санды жазу.
Екі таңбалы санда әр цифр орнын бекіту.
Сан қатардағы санның орны.
Сандар мен көптіктерді сәйкестендіру.
Сандарды салыстыру.
«Ондық» деген түсінікті қайталау.
Кең түрде ондықты және бірліктерді білдіретін көрнекіліктерді пайдалану қажет.
Мысалы:
Таяқшаларды сана. Қанша?
Он таяқша бір бірден жеке-жеке бірліктерді білдіреді.
Енді буындар. Бұл тұтас бір ондық болып табылады.
Санның құрылуы.
Санның құрылуының жолы қарастырылады. Негізгісі біріншісі болып табылады:
Ондықта бірнеше бірліктерді қосу арқылы;
Алдындағы санға бірді қосу жолымен;
Кейінгі саннан бірді алу жолымен; Мысалы: тақырып «13» саны.
Оқушыларға 10-ға буылған таяқшалар көрсетіледі.
Бұл нені білдіреді?
3 кубик нені білдіреді?
Мен 3-ін 1 ондыққа қоямын.
Көрсетіледі.
Бұл сан қалай аталады?
Бұл неге бұлай аталады?
Осы санда неше ондық бар? Неше бірлік бар?
Оқушылардың өздерімен аналогиялық жұмыс жүргіземіз: брусоктар мен кубиктермен, жолақшалар мен квадраттармен, есеп шотында.
Достарыңызбен бөлісу: |