Педагогика факультеті



бет67/129
Дата07.01.2022
өлшемі437,3 Kb.
#20518
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   129
Байланысты:
ktj 20481

Арнайы мектеп оқушылары ұзындық, масса, салмақ, сыйымдылық, аудан, көлем өлшем бірліктерімен қарапайы құралдардың көмегімен танысады.

Аталған тақырыптармен таныстыру жұмысы оқушыны бастаған істі аяқсыз қалдырмауға, өз әрекетін жоспарлай білуге үйретеді. Өлшем бірліктерімен танысуда сан туралы ұғымды тереңірек түсінуге дағдыланады.

Өлшем бірліктерді пайдаланып практикалық әрекеттер орындау кезінде оқушылар сандардың орындарын, өлшем бірліктердің атауларын шатастыру сияқты қателіктерге жолығады.

Мұндай қателіктерді түзету үшін бастауыш сыныптарда мынадай жұмыс түрлері орындалады.

  1. Бастауыш сыныптарда ұғым қалыптастыру, жоғары сыныптарда түсінік беру, өлшемдерді пайдаланып әрекеттер орындауға үйрету

  2. Өлшем бірліктермен таныстыру жұмысын өмірмен байланыстыру керек.

  3. Өлшем бірліктерімен жұмыс жасауда баланың сезім органдарының барлығы сезінуін қадағалау керек.

  4. Өлшемдерді үйретуде оқышылардың өздері сызғышпен, квадратпен жұмыс жасау дағдыларын шыңдаулары керек. Мысалы, дәптердің, кітаптың ұзындығын, класс бөлмесінің ауданын, адамның бойын, өзінің бойын өлшеу түріндегі тапсырмаларды орындауы керек.

  5. Өлшемдермен таныстыру жұмысы көзбен өлшеу, бұлшық етпен сезіну түрінде игерілуі тиіс.

Өлшемдермен таныстыру жұмысы кезінде пәнаралық байланыс сақталуы керек.

Интеллектісі бұзылған балалар үшін өлшемдермен таныстыру жұмысы ұзақ уақытты қажет етеді.

Баға өлшем бірліктерін үйрету



Баға туралы ұғым қалыптастыру жұмысы күрделі процесс. Баға өлшемдері теңгемен, тиынмен таныстыру жұмысы практикалық әрекет түрінде түсіндіріледі.

Теңгемен таныстыру жұмысының реттілігі былайша құрылады:



  1. Тиынның сыртқы түрі, түсі, формасы, жазылған цифрмен таныстыру.

  2. Көрсетілген тиынды басқалардың арасынан табу.

  3. Аталған тиынды табу.

  4. Дәптерге тиынды қоршап салу.

  5. Тиынның бағасымен бірдей заттармен танысу.

  6. «Дүкен» ойынын ұйымдастыру.

  7. Тиынды ауыстыру және айыру.

Сурет -4. Ұзындық өлшемдерімен таныстыру.


Ұзындық өлшемдерінің барлығымен бастауыш сыныпта танысады. Ұзындық өлшемдерімен таныстыру жұмысының міндеттері:

  1. ұзындық өлшемдері үшін қажетті сызғышпен таныстыру.

  2. Сызғыштың бірліктері мен сандардың қатынасымен таныстыру.

  3. Сызғышпен өлшеуге үйрету.

  4. Өлшеуге арналған құралдармен таныстыру.

  5. Өлшеуге арналған құралдармен ұмыс жасауға үйрету.

Заттың бегілерімен танысуда ұзын-қысқа, кең-тар, жоғары-төмен ұғымдарымен таныстыру жұмыстары жүргізіледі.

Жаңа өлшем бірлігі дециметрмен таныстыруда 2-сыныптағы өткен 20 көлеміндегі сандар нумерациясымен байланыстыру керек.

Миллиметр — арнайы мектеп оқушылары үшін ең қажетті өлшем бірлігі болып табылады. Сантиметр мен миллиметр арасындағы қатынастарды оқушылар өздері санап көздерін жеткізеді.

Километр —ұсақ өлшм бірліктерімен танысқаннан кейін түсіндіріледі. Сыйымдылық өлшемдерін үйрету.

Пропедевтикалық кезеңде басталған құмды, шекерді, суды өлше жұмыстары 2- сыныпта жалғасады.

Масса өлшемдерімен таныстыру.

Масса өлшемдерімен ауыр-жеңіл түсініктері арқылы таныс 1-сыныпта басталады. 3- сыныпта кесемен салмақты өлшеу, 5- сыныпта граммен танысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   129




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет