Ондық бөлшектерді жазу-үтір арқылы жазылған бөлшек сандар ондық бөлшектер деп аталады.
Ондық бөлшектердің жазылуында үтірдің сол жағында- ондық бөлшектің бүтін бөлігі жазылады, ал оң жағында ондық бөлшектің бөлшек бөлігі жазылады.
Мысалы: 1) 2,3 санында 2- бүтін бөлігі, 3- бөлшек бөлігі
5,03 санында 5- бүтін бөлігі, 03- бөлшек бөлігі
0,51 санында 0- бүтін бөлігі, 51- бөлшек бөлігі
0,219 санында 0- бүтін бөлігі, 219- бөлшек бөлігі
Бөлімдері 10; 100; 1000 т.с.с болатын жай бөлшектің бөлімінде қанша нөл бар болса, ондық бөлшек түрінде жазғанда үтірден кейін сонша таңба болуы тиіс.
Қажет жағдайда бөлшек бөлігіне үтірден соң керегінше нөл тіркейміз Мысалы:
5,7 3,19 0,007
Тең ондық бөлшектерді жазу ондық бөлшектердің жазылуында бөлшек бөлігінің соңына нөлді немесе бірнеше нөлді тіркеп жазсақ, немесе соңғы нөлдерді алып тастасақ ондық бөлшек өзгермейді.
Мысалы: 1) 5,7= 5,70= 5,70000 2) 0,09 =0,090= 0,09000 3) 1,090000 =1,0900= 1,09
Техникада және тұрмыста жуық сандарға амалдар қолдану жиі пайдаланады. Жуық сандарға қосуды қарастырайық. Мысалы: х=4,367; у=12,5 сандарының қосындысын табайық.
Қосылғыштың біреуінде үш ондық таңба, екіншісінде бір ондық таңба бар. Екінші қосылғыштың жүздік және мыңдық үлестеріндегі цифрлары белгісіз. Сондықтан қосындының жүздік және мыңдық үлестеріндегі цифрлары күмәнсыз цифрлар деп айтуға болмайды. Демек, қосындының ондық үлестерге дейін дөңгелектеу керек. х+у=4,367+12,5=16,9
Қосынды 16,9 жуық сан. Қосындыда бір ғана ондық таңба бар.
Есептеуден шығатын қорытынды.
Достарыңызбен бөлісу: |