Жуық сандардың қосындысындағы ондық таңбалар саны қосылғыштардағы ең аз ондық таңба санына тең. Жуық сандарды азайту, жуық сандарды қосу сияқты орындалады. Мысалы: х=4,2856 және у=1,37 жуық сандарының айырмасын табайық. х-у-ті табу керек.
Азайғышта (4,2856)төрт ондық таңба бар. Азайтқышта (1,37) екі ондық бар. Азайтқыштағы мыңдық және оң мыңдық үлес цифрлары белгісіз.Сондықтан айырмадағы (2,9156) мыңдық және он мыңдық цифрларын күмәнсыз цифрлар деп айтуға болмайды. Демек,айырманы жүздік үлестерге дейін дөңгелектеу керек.2,9156=2,92. Айырмада (2,92 санында) екі ондық таңба бар. x-y=4,2856-1,37=2,92.
Қорытынды:
Достарыңызбен бөлісу: |