Педагогика факультеті


Сегіз түсті Люшер əдістемесі



Pdf көрінісі
бет6/19
Дата15.02.2017
өлшемі1,27 Mb.
#4143
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

 Сегіз түсті Люшер əдістемесі. 
Люшер тестісінің екі түрлі нұсқауы бар. Толық зерттеуге алһрналған 73 түрлі-түсті кесте жəне 8 түсті қысқа 
тест  түрі.  Алғашқысы  психо-диогностикалық  зертеулерде  тек  бір  зерттеу  əдісі  ретінде  толықтай  зерттеуге 
қолданылады. Бірақ та алынған ақпарат зерттеуге кеткен уақыт пен күш-жігер ге қарамастан аз болады. Ал 8 түсті 
тест қолданғанда ыңғайлы, əрі нəтижесі де сенімді.  
Зерттеу  келесі  кезеңдер  бойынша  жүзеге  асады:  Зерттелушіге  берілген  түстерден  дəл  сол  кезеңде  өзіне 
ұнайтын  түстерді  таңдатады.  Зерттелуші  алдына  түстерді  алдына  қойғанда  ашық  бір  түсті  фонды  алған  дұрыс. 
Бөлмеге жарық біркелкі түсуі керек. Түстердің арасы 2 сантиметр болуы керек Таңдалған түс қартардан алынады, 
не  болмаса  төмен  қаратылып  қойылады.  Түстердің  реттік  саны  солдан  оңға  қарай  бағытталады.  Олардың  реттік 
саны төмендегідей: 
1-Қою көк.2-Жасыл.3-Қызғылт.4-Сары.5-Күлгін.6-Қоңыр.7-Қара.0-Сұр. 
Алғашқы  екі  таңдалған  түс  “  Күшті  қалаған”  түс  болып  саналылады  да  “+”  белгісімен  белгіленеді.Бірінші 
таңдалған түс негізгі əрекеттену əдісі, ал екіншісі зерттелушінің мақсатын көрсетеді. Жай қалаған түстер ( 3,4) “Х” 
белгісімен белгіленіп, ақиқаттардаға заттардың орналасуын жəне осы жағдайдағы əрекет белгісін білдіреді. Бижай 
түстер  (5,6)  “=”  белгісімен  белгіленіп,  қолданылмаған  күшпен  жеке  тұлғаның  əрекетсіз  қасиеттерін  көрсетеді. 
Жағымсыз түстер (7,8) “-“ белгісімен белгіленіп жауапсыз қалған қажеттіліктерді көрсетеді.  

Түстер  негізгі  (  қою  көк,  жасыл,  қызғылт,  сары)  жəне  қосымша  (  қара,  сұр,  аралас,  күлгін,  қоңыр)  түстер 
болып жіктеледі. Негізгі түстер ең басты психологиялық қажеттіліктерді көрсетеді. Зерттеуді екі қайтара жүргізуге 
болады.  
Түстерге сипаттама:  
Сұр-(0)  Айырушы,  алшақтатушы  міндеттерден  босатушы,  сыртқы  себеп  пен  əсерлерді  жасырушы.  Оның 
алғашқа  позицияда  орналасуы  компенсациялаушы  болып  саналады.  Ал  соңғы  орында  болса  зерттелуші 
жауапкершілікті  сезінетінін  білдіреді.  Сұр  түс  екінші  жəне  үшінші  орында  болса  зерттелуші  мінез-құлқында 
конфликтіні білдіреді.  
Көк-(1)  Сабырлылық,  сезімталдық,  жарақаттанғыштық,  сензитивтілік,  сенімділік,  өзін  құрбан  ету,  адалдық 
анық байқалады. Оның соңғы орында орналасуы эмоциялық қатынастың қанағаттандырылмауын білдіреді. 
Жасыл-(2)  Эластикалық  қысымды  табандылықты,  мақсатқа  бағыттаумен,  өзгеріске  деген  қарсылықты, 
көзқарасының  тұрақтылығын  білдіреді.  Жасыл  түсті  таңдау  нақтылықты,  сыни  талдау  мен  логикалық  ойлауды 
өзіне зейіе аударту қажеттілігін, өз позициясын сақтауға ұмтылыс білдіреді. 
Қызыл-(3) Өмірлік күш, жетістікке деген ұмтылыс, өмірдің бар жақсысын иемденуге деген талпыныс. Егер 
қызыл  түсті  бірінші  таңдаса  тұрмыстың  толықтылығын,  лидерлік  белгіні,  шығармашылық  бастаманы,  белсенді 
əрекетті білдіреді. 
Сары-(4)  Ұстамсыздық,  көп  үміт  күту,  сары  түсті  үлкен  бақыт,  болашаққа  деген  ұмтылысы  бар  адамдар 
таңдайды.  
Күлгін-(5)  Жақындық  сезімі,  сиқырлау,  арбау,  өзгелерді  таң  қалдыруға  деген  ұмтылыс,  жетістікке  деген 
қабілеттілік,  шындыққа  сай  емес  тілек  жəне  жауапкершілікті  сезінбеу.  Бұл  түсті  көбіне  жеткіншектер  мен  аяғы 
ауыр əйелдер таңдайды. Гомосексуалды тұлғалар да осы түсті таңдайды.  
Қоңыр–(6).Сезімталдылықты  білдіреді.  Физиологиялық  дискомфортпен  ауырған  кезде  осы  түсті  таңдайды, 
өз жанұясынан айырылғанда  қоңыр түс солға қарай жылжиды. 
 Қара -(7) Көңілі қалу, қарсылықты білдіреді, өмірден түңілуді білдіреді.  
Негізгі қорытынды: 
Əлеуметтік  ортаға  бейімделу  қиындылығынан  пайда  болған  интроверттер    реакция.  Қиял,  арман  əлеміне 
ену.  Эмоционалды  жетілмегендік,  өмірлік  құбылыстарды  субъективті  бағалау,  эстетикалық  бағытталу,  өзіндік 
құштарлық.  Көңіл-күй  тұрақсыздығы,  реакцияға  қарсылық,  əрекет,эмоционалды  құштарлық,  өзгеріс,  қарым-
қатынас  қажеттіліктері  кедергілерге  кездесіп,  шаршау,  қарым-қатынастағы  қиындыққа  тап  болады.Эмоционалды 
тұрақсыздық,  əлеуметтік    ролдерге  оңай  ену,  демонстративтілік,  өзгелерге  ұнау  қажеттілігі-  осы  мінездердің 
барлығы  орта  əсерлеріне  тəуелділігінен  туындайды.Жауапкершіліктен  қашу.Əрекетті  таңдағанда  өзі  қанағат 
алатын    əрекет  процесін  таңдайды.Кез-келген  формалды  шектеулерді  қиын  қабылдайды.Қайғысыздық,  сезім 
тұрақсыздығы, ойындарға, уақыт өткізуге қызығу.Бұның барлығы қиындыққа, қоршаған адамдардың қолдауынсыз 
жағдайды  бағалай  алмау,  аздап  мазасыздану,  мəселені  ұмыту,  эмоционалды  қысым  себебін  түсінбеу,эмоциялық 
комфорттық 
пен 
сыртқы 
əсерлерден 
қорғаныспен 
байланысты.Достастық, 
ұстанымдардың 
комфорттылығы.Түсіністік  қажеттілігі,  махаббат  пен  қолдау  басты  болып  есептелінеді,  сондықтан  ол  осы 
сезімдерге  келгенде  тез  жараланады.Осыдан  қарым-қатынастағы  таңдаушылық,  ақыл-ойдың  аналитикалық  қоры, 
мəселені  шешу,  уақытша  демалуға,  оңашалануға,  белсенділіктің  тез  пассивтілікке  ауысуы  пайда  болады.Бұдан 
ішкі  конфликт  көрініс  табады.Əлеуметтік  жағдай  бұл  қасиеттерді  оңай  бақылай  алады.Көңіл-күйдің  тез  өзгеруі, 
орта əсерлері мен жетістік не жеңілуге тəуелді болады. 
Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 
1.Тұлғалық  ерекшеліктерді зерттеудің проективті əдістері қандай?  
2.Проекция принципінде құрылған əдістемелердің түрлерін ата?  
 
№8 Дəріс. 
Тақырып: Экспериментальды құрылымдар. 
Дəрістің мазмұны: 
1.Теория жəне оның құрылымы. 
2.Болжам. 
3.Эксперименттің ғылыми проблемасы. 
Мақсаты:  Экспериментальды  құрылымдар  жөнінде,  болжам,  эксперименттің  ғылыми  проблемасы 
жөнінде студенттерге түсініктер беру, талдату.  

1.Ғылым  –  бұл  шынтықтың  критериене  жауап  беретін  шындық  ақиқат  жөніндегі  жаңа  білімдердің 
қорытындысы  жөніндегі адамзат əрекетінің бір айласы тəжірибелік, қажеттілігін оның өкілдігін  көрсетеді.Ғылым 
немесе  ғылыми  жұмыскер  –  «шындық-жалғандық»  критертін  басшылыққа  алып  жұмыс  жасайтын  професионал. 
Ғылыми  жұмыстың  нəтижесіне  шынайылықты  суреттеу  процестер  мен  құбылыстарды  жеке  түрде  түсіндіру 
құрылымдық  кесте,  графикалық  формула  жатады.  Ғылыми  ізденістік  идеасына  ақиқатты  теорилық  жасынан 
түсіндіру  жөніндегі  есептеледі.  Ғылым  білім  жүйесі  жəне  адами  əрекеттің  нəтижесі  ретінде  толықтылығынан 
жеткіліктілігімен  жүйелілігімен  сипатталады.  ІІІ  күн  екі  түрлі  ғылым  жағдайын  анықтаған:  революциялық  фаза 
жəне фаза «қалыпты ғылыми». Қалыпты ғылыми деп өткен тəжірибедегі ғылыми жетістіктерге сүйенетін зерттеуді 
айтамыз.  Қалыпты  ғылым  түсінігімен  «парадигиа»  түсінігі  байланысты.  Парадигиа  –  бұл  жалпы  қабылданған 
ғылыми  зерттеумен,  заңдылық,  теория,  тəжірибесін  қолданылулар,  əдіс  құралдар  жатады.  Бұл  қазіргі  күнде 
қолданылып  отырған  жалпы  қоғамда  қабылданған  ғылыми  əрекеттің  стандарты.  Парадигианың  бар  болуы 
ғылымның  жетілгендігін  көрсетеді.      2.Ғылыми  психологияда  парадигианың  қалыптастыруы  В.Вундтың  жəне 
оның  ғылыми  мектебінде  белгіленген.  Бұл  мектеп  эксперименталды  зерттеуге  негізгі  талаптар  мен  ғылыми 
психологияның  дамуына  тамыр  жайды.  Міне  сол  кезеңдерден  бері  қандай  теория  заң  п.б.  да  əрбір  ғалым  сол 
талаптарға сүйенеді. Осы принцитерді негізінде диесертациялық зерттеулер жүргізіліп ғылыми есептер мақалалар 
жəне  монографиялар  жазылуда.  Ғылыми  əдіснаманың  дамуына  үлкен  үлес  қосқан.  ХХ  ғ.  Ортасы  мен  аяғында 
К.Поггер,  И.Лакатос,  П.Фелерабенд,  П.Холтан  болды.  Белгілі  бір  ғылыми  болжам  уақыт  өте  эксперименталды 
зерттеулер  арқылы  сенімнің  қортындысына  шынайы,  ал  қате  наным  –  сенімдердің  ішінде  шынайылылығы    да 
қатесі  де  болады.  Кез-келген  теория  тек  жорамал  ғана  жəне  ол  эксперимент  арқылы  теріске  шығарылады. 
К.Поппер мынадай ереже қалыптастырды «біз білмейміз – біз тек қана жобалай аламыз» критикалық рационализм 
пазициясында  эксперимент  шындыққа  жақын  болжамдардың  жалған  екендігін  білдіру.  Критикалық  рационализм 
логикасына  сай  қазіргі  теория  болжамды  статистикалық  тексерумен  экспериментті  жоспарлаудан  шығады.     
Поппер  ғылыми  теорияның  жалған  екеннің  білдіру  принципін  фальсифицарлық  деп  атады.  Ғылыми  зерттеудегі 
қалыпты процес мына тұрғыда құрылыды.  
1. Болжамды ұсыну  
2. Зерттеуді жоспарлау  
3. Зерттеуді жұргізу 
4. Интерпретация 
5. Болжамды жоққа шығару немесе шындыұұа шығару  
6. Бұрынғыны жоққа шығарудың негізінде – жалпы гипотизаны еңгізу. 
Поппер  еңгізген  əдіс  жаңа  білім  бере  алмайды  ол  тек  ескі  білімді  жоққа  шығарып  отырады.  Жаңа  ғылым 
ғылыми жобалаудың болжамның формасында пайда болып отырған интерпретациялануы. Болжамды ұсыну ақиқы 
жəне  теория  моделін  құнастық  –  бұл  интуитивті  жəне  шығармашылық  процесі.  Олар  ғылыми  эксперимент 
теориясы  маңында  қарстырылады.  Эксперимент  бұл  жерді  тек  таңдау  əдісі  ғана.  Жаңа  ғылым  мына  жолмен 
эмпирикалық – бақылау, ал шығармашылық – интуициалардың өңделуге жолмен іске асады. Поппер бірнеше рет 
ескерткен болатын ғылымның даму жолында болжам да теорияда өзгеріліп отырылады. Парадигианың өзгеруімен 
əдіс, өзгеріліп  жаңа мəселе  қарастырылады.  Критикалық рационанды жаңа ғылымның қайдан п.б  көрсетпейді,  ал 
ескісінің жоққа шығарылатынын дəледеп береді.жəне проблеманы жалпы əдістен нмесе  тұрғысынан шешу керек. 
Сондай-ақ астрологиялық білім адам  план əсері тұрғысынан да түсіндіруге болады. Проблема – бұл риторикалық 
сұрақ.  Философиялық  тұрғыдан  қарағанда  проблема  сұрақты  төну.  Сұрақтан  негізгінде  практикалық  немесе 
теорекиналық қызығушылығын қаже ету.  
6-гипопезя  
Болжам – бұл теориядан шығатын əлі дəлелденбеген ғылыми ұсыныс. Əдіснамада теоретикалық блжам жəне 
экспериментальдық  болжам    болады.  Біріншісі  теорияның  құрылымының  негізі  болып  табылады.  Теоретикалық 
болжамдар  теориядағы  ішкі  қарама-қайшылық  пен  эксперементальды  нəтижелердің  қарама-қайшылығына 
ұсынылады. Болжамның  екінші типі-эксперементальды зерттеулер əдістерімен проблеманы шешу.  
3.Готтсданкер эксперементалды болжамның мынадай вариантарын ұсынады: 
-контргепотеза-эксперементальды  болжам  негізгі  ұсынысқа  альтернатив  жəне  автоматты  түрде  пайда 
болады.  
-үшінші  бəсекелестіктегі  эксперементальды  гипотеза  тəуелсіз  өзгермеліліктің  жоқтығының  əсерінен 
тəуелділікке ауысу: ол тек лабораториялық эксперементте текселіледі. 
-нақты  эксперементальды  болжам  –бірізді  тəуелсіз  өзгермелілік  жəне  тəуелді  лабораториялықэксперимент 
арасындағы қатынас  
-максимальды 
көлемі 
жайындағы 
эксперементальды 
болжам-тəуелсіз 
айнымалылықтың 
тəуелді 
айнымалылыққа  маңыздылық деңгейі. 
-эксперементалды  болжам  абсолютті  пропорциональды  қатынастағы  тəуелді  айнымалылықтың  біртіндеп 
сандық өзгерілудегі   саалыққа өзгерілу. 
-  экспериментальды  бір    қатынастағы  болжам  –бір  тəуелді  айнымалылық  пен  тəуелсіз  айнымалылық 
қатынасының альдын ала ұсыну. 
-комбинирвті эксперементальды болжам- екі тəуелсіз айнымалылықтың нақты комбинациясы.       
Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 
1.Теория жəне оның құрылымы дегеніміз не?   

2.Болжам дегеніміз не?  
3.Эксперименттің ғылыми проблемасы қандай?  
 
№9 Дəріс  
Тақырып:Психологиялық таңдау. 
Дəрістің мазмұны: 
1.Экспериментальды таңдау. 
2.Реальды жəне идеалды эксперимент. 
3.Реалды эксперимент жəне толық сəйкестік эксперименті. 
Мақсаты:  Студенттерге  экспериментальды  таңдау,  реалды  жəне  идеалды  эксперимент  жөнінде 
ақпараттар айту.  
1. Психологтардың жеке ерекшеліктері зертеу мен психолог практикасы. Мінездеме бірлігі, ойлаушылдығы 
жəне  ғылыми  псхологиясы.  «Ұғынушы»  жəне  экспериментальды  психология.  Сұрыптамалық  əдістер  бұл 
психологиялық  зерттеу  эмперикалық  əдістерде  психологиялық  зерттеулері.  Басты  сипат  экспериментальды  емес 
əдістер, тексерулер, əңгіме ( сұхбат ), «архивтік əдіс» жəне тағыда басқалары. 
Ұғым  негізі  :  Экспериментальды  психология  ,  «  ұғыну  »  психологиясы,  зерттеу  əдістерін  жүргізу,  жүйелі 
зерттеулер, зерттеу қосылғыштары, зерттеуші қателігі, сұхбат, интервью, проектикалық əдістері. 
Неге адамдар ( көптеген бөлігі ) ғылым секілді қызықты ортаға  көбірек көңіл бөледі? Мүмкін, олардың көп 
таңдауының  мазасыздығы  əлемге  деген  білімдігінің  төмендігінде,  яғни  қайсы  -  бір  түсініспеушілікті  түйсінуі. 
Сондықтанда,  ғылым  -  бұл  Адам,  яғни  кей  -  кездері  жеткілікті  білім  барлығын  сезінуі  мүмкін,  бірақ  бұл 
мазасыздық  түйсік  сол  сəтте  жетіспеушілікке  толық  еместікке,  «түйсіксіздікке»  жəне  бұл  жетіспеушілікті  тек 
қиялмен  емес  (онда  ол  ғалым  емес,  ертегіші  ),  қандай  да  бір  қимылмен  ,  қандай  болмасын  «ішкі»  ойдың  немесе 
іштей болуы . Бастысы , өзінің түсініспеушілігінен зерттеуші əлем туралы білімінің жетіспеушілігі деп түсіндірді. 
Кейде  бұл  білмегенді,  кітаптан  оқу,  жетік  адамдармен  сұхбаттасу,  бұған  хабардар  орта  жəне  жоғары  білімді 
мектепте  оқуға,  практика  кезінде  өзінің  білмегенін  тексеру  арқылы.  Егер  бұл  түйсік  əлемнің  жұмбақтығынан  
сауықтырмаса,  ЖОО  түлегі  аспирантураға  немесе  ол  ғылыми  лабораториялық    баяндауға  үміткер.  Білімнің 
жетіспеушілігін сезіну, бар болғаны ирроциональды табиғат жəне ойланбауы . Мен бұларды есепке алмаймын «кім 
ғылыммен  айналысса  сол  ішкі  қатынастардың  себептерінен  -  99.9%    құрайды.  Əңгіме  ғылым  бірлігінің 
субъектісімен  жүреді,  яғни  -  өмір  бейнесі  əңгіме  тұрпайсыздығында  емес  9  -  дан  8  -  ге  дейін  немесе  əлеуметті 
жұмыс секілді тағыда басқа  . Бірақ бұл əдістеме санағын қайтадан бастауға болмайды . 
Психология  ғылымының  біліміне  байланысты  сұқтар  əлі  де  шиеленісуде  .  В.М.  Бехтервтің  айтуынша 
«Психологтар  –  психикамен,  ал  неврологтар  –  нервтармен  »    .Ал  Ч.  Дальтон  «дальтонизм»  туралы  көптеген 
пікірлер  айтқан  ,  яғни  түстерді  айыра  алмау  туралы  -  бұл  жағдай  өз  басынан  өткен  .  З.  Фрейд  ол  өзіне  жақын 
адамдарын  қолдауымен  ,  ол  сексневролог  болған  .  Басқа  бағытатан  қарағанда  көптеген  психологтардың 
бағыттауында  Ф.  Гальтон  қабілет  мəселелерімен  айналысу  арқылы  ой  -  өрісінің  мөлшері  Ж.  Пиаженің  сын  жəне 
бағалауында бола алды . В. Кеттелл өзінің жұмыстастарымен психолог – зерттеушімен , психолог – практиканттың 
айырмашылығын 16РҒ - тің көмегімен зерттеді . Олардың айырмашылығы : 
  Психолог – практикант : 
                                Эфф. = 0,72А + 0,29Н+ 0,29N 
   Психолог – зерттеуші : 
                                 Эфф. = 0,31А + 078В + 0,47N  
А - бұл қарым – қатынас даярлығы , N - қарым – қатынасты сүйемелдеу , В - ортақ парасаттылығы , Н - басқа 
адамдармен  қарым - қатынас орнықтыра алуы . Ескергендей психолог зерттеуші қиындықпен қарым – қатынасқа 
барады . Күнделікті уайыммен бейімдеу өте ауырға туседі . Себебі олар қарым – қатынас аз ғана дайындық бөледі . 
Бірақ  көп  маңыздылық  бұл  қарым  –  қатынас  бір  қалыпты  ұстау  зертеушінің  кəсіпқой  жетістігі  болып  табылады. 
Психолог – практикант адамдармен қарым – қатынасты керек етеді . Бұл ол үшін шынайы тіршілік ортасы болады , 
адамдар оған үміттенеді , олармен қарым - қатынас ешқашан сенің шөліңді қандырады .  
Орыс  психолог  Н.А.  Аминов  жəне  М.В.  Молоканов  айтты  :  практикант  психолог  үшін  ең  басты  жетістік 
болып  табылады . Ортақ ой , ( В шарты Кеттелл  бойынша ) жəне табанылығы қарым – қатынас стильін ұстауы ( 
шарт Н ) . Психолог – зерттеуші көптеген дəрежеде қарым – қатынасқа дайын , ақылдылығымен , эмоциялық суық 
жəне  қарым  –  қатынас  ұстауға  жаңашыл  ,  адамдардың  ортақ  қызығушылығына  көңіл  бөледі  .  Практикант  стресс 
кезінде - ақ қарым – қатынасқа түсе алады , өзін - өзі ұстай алады , эмоцияналды , өз - өзіне сенімі мол , сергек , 
қуатты жəне өз - өзіне сенімді . Егер адам сезінсе , егер өзінің субъекті əлемі мен объектілік шындығы – бұл « екі 
турлі » деп тусінсе , мысалы : бір – біріне ұқсас адам жоқ деп , оның сезімімен жəне оның саласында əлем субъекті 
əлемдегі адамдар мен олардың жүріс тұрысында білім сезімі жетіспеу тұрақтаса , əлемдей оның психолог болуға 
мүмкіндігі бар . 
 3.ХIХ  ғасырдың  орта  шамасында  позивизм  негізін  салушы  О.  Конт  өз    адам  білімінің  дамуы 
тұжырымдамасын  ұсынды . Ол бірінен соң кезегінен қалыптасатын білімнің үш жолын қарастырды : 1.            əдет 

– ғұрыпты жəне жекеше сенімнің қалыптасуы . 2. Философиялық  - бұл автордың сенім немесе тұжырымдамасы , 
жаңашыл жəне ақыл – ойының жолында қалыптасуы . 3. Позицивті – ғылыми білімнің негізін бекіту ақиқатының 
барысында  мақсатын  бақылау  немесе  зерттеу  жүргізу  .  Кант  айтуынша  ,  яғни  адамзат  білім  оқиғасы  күнделікті 
ауыстырылып  отырады  ,  жасөспірім  сенімді  ,яғни  күнделікті  кейімін  тарылған  сайын  ауыстырады  ,  ол    сəнқой 
секілді күндегі көйлегін соңғы сəнмен кейетін , ол олай жасай алмайды . 
Бірақта  ХХ  ғасыр  білімі  философиямен  реолигизммен    байланыста  болған  жоқ  …  «  Психология  »  термині 
адамзат  біліммен  тұжырымдамалар  бойынша  дамып  отырады  мүмкін  .  Біріншіден  психика  адамдардың  біріккен 
білімдігімен  психология  ғалымы  бар  ,  басқа  адамдардың  мінез  –  құлық  ерекшеліктерімен  заңдылықтарының 
дамуы  өзінің  жəне  басқаның  өмірін  де  тұжырымдайды  .  Бұл  «  біріктірілген  психология  »  бүгінде  ғылым 
психология пəінің бірі болды . Əдеттегідей біріктірілген білім шынайы тілде  ( natural language ) сөзінің берілуінде 
Адам психикасының ерекшелігі оның мінез – құлқын , жеке дара бейнесін , қабілетілігін , əдісін жəне тағыда басқа 
бейнелейді ол мақал мен мəтелден тұрады . 
Екіншіден « философиялық психология » бар . Сұрақ табиғи психологтың мынау кілті  болып табылады ма ? 
Психология ғылымы ХIХ ғасырдың аяғымен ХХ ғасырдың əдістемелер пайда болады . 
 Неміс  философы  Дильтей  ғылымның  жан  дүниесі    мен  ішкі  əлемді  бір  уақытта  қарастыруды  ұсынды  . 
Біріншіден ол философияны қарастырып əдеп , тіл мамандығы , құқығын басқа қатар деп есептеді  . 
Б.Г.  Ананьевтің  көз  қарасы  бойынша  психология  əдістемесі  зерттеулері  ,  операциялық  жүйе  жəне 
психологиялық  объекті  ,  психологиялық  ғылым  болады  деген  .  Ол  бұл  қиындықтарды  қарастыра  отырып 
психологияда эмперикалық əдістерді психологиялық əдістемелерді психологиялық əдістемелердің басынан бастау 
керек деп есептеді . Өте - мөте кезінде бес деңгейді бөліп алуға болады : 
1. Əдістеме деңгейі. 
2. Қолданбалы əдістеме деңгейі. 
3. Əдістемелер деңгейі  ( зерттеулер , бақылау жəне тағыда басқалар ) . 
4. Топтастыру бақылау деңгейі. 
5. Қолайлы əдістемелер деңгейі. 
«  Əдістеме  »  термині  кез  –  келген  деңгейге  қолдануға  құқылы  .  Мысалы  :  Психофизика  əдістемесі  ортақ 
қателік бар,əдістеме психодиогностика – проективті əдіс ( 2 деңгей ) . Психосематикада айтады сематикалық əдіс ( 
деңгей 1 ) . Психологияда психогенетика əдісінің дамуы талқ ыланады – егіздер əдістемесі ( деңгей 4 ) . 
Əрекет деңгейінің біліну əдістемесі психологиялық зерттеулерде қолдануды Г.Д. Пирьов ұсынған болатын , 
əдістерді    бөлу  арқылы  1.  Жеке  əдістерді  (  бақылау  ,  тəжірейбе  ,  үйлесу  жəне  тағыда  басқалары  )  2.  Қабылдау 
əдістемелері жəне 3. Қолайлы əдістемелер . 
С.Л.  Рубинштейн  «  Жалпы  психология  негізі  »  (  Рубинштейн.  С.Л  1946  )  психологиялық  əдістемелерді 
бақылап  жəне  тəжірейбелеу  арқылы  бөлді  .  Бақылау  екі  турге  бөлінді  «  ішкі  »  жəне  «  іштей  »  ,  ал  тəжірейбелеу 
лобараторияда . 
Психолог – педагог əдістемелерді жəне физиологиялық тəжірибе əдістемелері . Одан басқа да ол анкета мен 
сұхбат деп бөлді .       
  Екіншіден  сұрыптау  психологиялық  зерттеуде  дамуы  Б.Г.  Ананьевтің  арқсында  дамыды  .  Сұрыптама 
болгариялық психолог Г.Д. Пирьовтің ( Пирьов. Г.Д. 1985 ) арқасында дамыды . Ол өзіндік əдістемелерді бөліп : 
бақылау , зерттеулер , үлгілеу , психологиялық мінездемелер , көмекші əдістемелер . Əр – бір осы əдістемелер əр 
топқа бөлінеді . Мысалы : бақылау анкеталарға бөлінеді жəне тағыда басқалар . Б.Г. Ананьев ( Ананьев . Б.Г 1977 ) 
, Пирьовтың тұжырымдамасына керсінше пікір айтты . Барлық əдістемелерді ол əр топқа бөлді : 1. Ұ йымдасу . 2. 
Эмперикалық  . 3. Көрсеткіштік . 4. интерпретация . 
 Ұйымдастыру  əдістемесіне  Ананьев  салыстырмалы  түрде  қарады  ,  яғни  кешенді  жəне  лонгитютты  .  Ал 
екінші  топтағы  əдістемелер  (  бақлау  жəне  өзін  –  өзі  бақылау  )  ,  зерттеу  жүргізу  (  зертханалық  ,  далалық  , 
шынайылылық жəне тағыда басқалары ) психодиогностикалық əдістеме , талдау  жүргізу , жəне өнім қайраткері , 
құрастыру жəне өмірлік əдістемесі . 
 Үшінші топқа математикалық – санақ əдістемесінің нəтижелер көрсеткіштері мен сапалы тізімі  жатады . Ал 
енді  төртінші  топтамаға    генетикалық  (  фило  жəне  онтогенетикалық  )  жəне  жақтар  кіреді  .  Ананьев  əр  бір 
əдістемелерді  толықтай баяндады , бірақта кей əдістемелерде ережеде толығымен шешілмеген қиындықтар болды 
:  мысалы    неге  əдістемелер  эмперикалық  əдістемелер  болып  табылады  ?  Практикалық  əдістемемен  далалық 
əдістемелер немен ерекшеленеді ?  
М.С.  Роговин  мен  Г.В.  Залевскийдің  (Роговин  .М.С  ,  Залевский  .Г.В  1988  )  жұмыстарында  жоғарғы 
классификация қарастырылады яғни жəнеде өзіндік ұсыныстар .Бұл авторлардың көз қарасы бойынша , əдістеме – 
бұл өзін – өзі тану кезіндегі объекті жəне субъекті процесс ұғымы. 
Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 
 1.Экспериментальды таңдау дегеніміз не?  
2.Реальды жəне идеалды эксперименттер қалай жүзеге асады?  
3.Реалды эксперимент жəне толық сəйкестік эксперименті дегеніміз не?  
 
           №10 Дəріс. 
Тақырып:психологиялық экспериментті жоспарлау. 

Дəрістің мазмұны: 
1.Экспериментальды жоспарлар. 
2. Зеррттеушіге арналған эксперимент жоспары. 
3. Квазиэкспериментальды жоспарлар 
Мақсаты:  Эксперименталды  жоспарлар,  зерттеушіге  арналған  эксперимент  жоспарын  құрастыра  білуге 
үйрету, квазиэксперименталды жоспарды талдау.  
   Экспериментальды зерттеудегі “шынайы” жоспар өзгелерден мына негізгі белгілер бойынша ажыратылады:  
1) 
Эквивалентті топ жасаудағы бір стратегияны қолдау, бұл – рандмизация. 
2) 
Минимум ретінде экспериментальды бір бақылау тобының болуы.  
3) 
Тестілеу экспериментін аяқтау жəне топ əрекетін салыстыру, топтан алынған (х1) экспериментальды əсер 
етуді жəне алынбаған əсер ету (х0).  
     Жоспардың  классикалық  нұсқасы  2  тəуелсіз  топқа  арналған  жоспар  болып  табылады.  Психологияда 
экспериментті жоспарлау ХХ ғ. 1 онжылдығында қолданыла бастады.  
    Бұл жоспардың үш негізгі нұсқасы бар. 
       
1. Экспериментальды топ 
RXO 
2. Бақылау тобы 
R  O2 
 
        Мұндағы: R-рандализация, Х-əсер ету, О1-бірінші топты тестілеу, О2-екінші топты тестілеу.  
1).  2-рандализацияланған  топқа  əсер  етуден  кейін  тестілеу  үшін  жоспар.  Оның  авторы  –  атақты  биолог  жəне 
статистик Р.А.Фишер. 
   Экспериментальды  жəне  бақылау  топтарының  тепе-теңдігі  бұл  жоспарды  қажетті  шартты  қолдану  болып 
табылады.  Топтың  эквиваленттілігіне  жету  үшін  рандализация  процедурасы  қолданылады.  Бұл  жоспар 
зерттелушіге  алдын  ала  тесті  өткізу  қажет  жəне  мүмкін  болмаған  жағдайда  қолданылады.  Егер  рандализация 
сапалы өткізілсе, онда бұл жоспар ең жақсы болады 
 Егер  əсер  етудің  1  дəрежесін  қолдану  қажет  болмаса,  онда  жоспар  бірнеше  экспериментальды  топқа  жəне  1-
бақылау  тобына  қолданылады.  Егер  бір  қосымша  айналымның  əсер  етуін  бақылау  қажет  болса  ,  онда  жоспар  2 
бақылау тобымен 1-экспериментальды топқа қолданылады. 
     2  рандализацияланған  топқа  əсер  етуден  кейін  тестілеу  жоспарын  қолдану  ішкі  валидтілікті  емес  негізіндегі 
көздерді бақылау жүзеге асырылады. Рандализация - мүмкін болатындардың ішіндегі ең жақсы процедура , бірақ 
таңдаудың   дұрыстығына абсолютті кепілдеме бермейді.  
    Рандализация қорытындысына күмəнданса, онда алдын-ала тестілеу жоспары қолданылады. 
2). 2-рандализацияланған топқа алдын ала жəне қорытынды тестілеу үшін жоспар. 
1. Экспериментальды топ  
R O1 X O2 
2. Бақылау тобы 
R O3 O4 
 
  Алдын ала тестілеу жоспары психологтарда қарапайым қолданылыды. Биологтар рандализация процедурасына 
үлкен  сенім  артады.  Психолог  əрбір  адамның  өзгелерден  ерекше  жəне  өздеріне  тəн  мінездері  бар  екенін  жақсы 
біледі, тест арқылы бұл өзгешелікті саналы түрде, рандализациядағы механикалық прцедурасы арқылы анықтауға 
болады.  Бірақ  психологиялық  зерттеулердің  көптеген  гипотезасы,  негізінен  даму  психологиясы  аймағында 
индивидтің  қасиетіндегі  белгілі  бір  өзгерісі  сыртқы  фактордың    əсеріне  байланысты  деген  болжам  айтылады. 
Сондықтан “тест-əсер ету-ретест” жоспарын рандализация жəне бақылау тобына қолдану өте  көп таралған.  
   Сыртқы валидтілікті бақылау үшін 1949 жылы құрылған Р.Л.Соломон жоспары қолданылды.  
3). Соломон жоспары 4 топқа эксперимент жүргізгенде қолданылады. 
      1. Эксперимент 1: R O1 X O2 
      2. Бақылау         1: R O3     O4 
      3. Эксперимент 2: R       X O5 
      4. Бақылау         2: R           O6 
  Жоспар 2 экспериментальды жəне 2 бақылау тобына зерттеу жүргізгенде қолданылады, бұл мультитопты болып 
табылады  (2х2  типі).  Соломон  жоспары  бұрын  қарастырған  2  жоспарды  біріктіреді.  1-сі  алдын  ала  тестілеу 
жүргізілмесе, 2-сі “тест-əсер ету-ретест”.  
   “Бірінші бөлім” жоспар көмегімен 1-тестілеу əсер ету тиімділігін бақылау жəне экспериментальды əсер ету.  
 2.Бір тəуелсіз айнымалы жəне бірнеше топтар үшін жоспар.  
    Кейде 2 топты салыстырғанда экпериментальды гипотезаны  растау жеткіліксіз. Мұндай проблема 2 жағдайда 
пайда болады: а) сыртқы айнымалыны бақылау қажет болғанда, в) сандық байланыс пен 2 айнымалы арасындағы 
айқындылау қажет болса. 
     Сыртқы  айналысты  бақылау  үшін  əртүрлі  факторлы  экспериментальды  жоспардың  нұсқасын  қолданады.  2 
айнымалы арасындағы сандық байланысты анықтау “дəл” экспериментальды  гипотезаны тексеру кезінде қажет 
болды . 2 топ қатысқан экспериментте тəуелсіз жəне тəуелді айнымалылық арасындағы себепті факт байланысын 
қондыруға  болады.  Бірақ  2  нүкте  арасына  шексіз  көп  қисық  нүктені  келтіруге  болады.  2  айнымалы  арасында 

сызықты байланыстың бар екеніне көз жеткізу үшін, 3 нүкте бөлу керек, яғни тəуелсіз айналымның 3 дəрежесіне 
сəйкес келетін. Сонымен қатар, экспериментатор бірнеше рандализацияланған топты бөлу керек , оларға əртүрлі 
экспериментальды шарт  қою қажет. Қарапайым  нұсқа  3 топқа  жəне 3  дəрежені тəуелсіз айнымалылық  жоспары 
болып табылады.  
Эксперимент 1:R X1 O1 
Эксперимент 2 :R X2 O2 
Бақылау :           R      O3 
  Бақылау тобы – бұл 3-экспериментальды топ, оның айнымалылық дəрежесі: х=0. 
  Бұл жоспарды жүзеге асыруда тек тəуелсіз айнымалының 1 дəрежесінің санына сəйкес келеді.  
  Қарапайым «жүйелі экспериментальды жоспар» қазіргі экспериментальды зерттеуде сирек қолданылады. 
3.Факторлы  эксперимент  айнымалық  арасындағы  күрделі  гипотезаны  тексеру  қажет  болғанда  қолданылады.тең 
гипотезаның жалпы түрі: «егер А1, А2, . . . Аn, онда В». Мұндай гипотеза кешенді, комбинирофты деп аталады. 
Бұнда  тəуелсіз  айнымалық  арасында  əртүрлі  қатынас  болуы  мүмкін:  коньюнкция,  дизьюнкция,  сызықты 
тəуелсіздік,  аддитивті  немесе  мультипликатты  жəне  т.б.  Факторлы  эксперимент  көп  өлшемді  зерттеу  жеке 
жағдайы болып табылады, факторлы экспериментте ереже бойынша бір уақытта гипотезаның 2 типі тексеріледі: 
1. 
əрбір тəуелсіз айнымалыққа бөлек əсер ету гипотезасы. 
2. 
айнымалықтардың өзара əрекет гипотезасы, тəуелсіз айнымалының өзгеге əсер ету эффектісі. 
  Факторлы  эксперимент  факторлы  жоспар  бойынша  құрылады.  Эксперименттің  факторлы  жоспарында  тəуелсіз 
айнымалының барлық дəрежесі бір-бірімен тең келу керек. 
  Қазіргі кезде факторлы жоспар психологияда қолданылады, 2 айнымалық арасындағы қарапайым байланыс онда 
мүлдем кездеспейді. 
  Факторлы жоспардың көптеген нұсқалары бар. Оның жиі қолданылатыны 2 тəуелсіз айнымалық пен 2 дережелі 
2х2 типіне арналған факторлы жоспар қолданылады. 2х2 жоспары 2 тəуелсіз айнымалықтың 1 тəуелдіге əсерету 
тиімділігін  анықтау  үшін  қолданылады.  Экспериментатор  айнымалы  мен  дəреже  байланысын  монипуляция 
жасайды.  
 
 1-ші айнымалылық 
 
2-ші айнымалылық 
        Бар 
        жоқ 
 
        бар 
          
              1 
 
           2 
         
        жоқ 
 
               3 
 
            4 
 
   Сонымен қатар факторлы  жоспардың өзге де версиясы сирек қолданылады, соның ішінде 3х2 немесе 3х3. 3х2 
жоспары 1 тəуелді айнымалыққа 1 тəуелсіз айнымалықтан байланыс түрін қондыру қажет болғанда, ал 1 тəуелсіз 
айнымалықтан  дихоталикалық  параметр  ұсынылған.    1-ші  тəуелсіз  айнымалық  жай  жүйеленгенде:  бақылаушы 
бар,  бақылаушы  жоқ.  2-ші  тəуелсіз  айнымалық  –  тапсырманың  қиындық  дəрежесі.  Бұл  жағдайда  біз  3х2 
жоспарларын аламыз. 
 
 1-ші айнымалылық 
 
2-ші айнымалылық 
 оңай 
 орташа 
қиын 
Бақылаушы бар        
     1 
      2 
   3 
Бақылаушы жоқ              
     4 
      5 
   6 
 
 
3х3  жоспары  егер  2  тəуелсіз  айнымалы  тəуелсізде  қолданылатын  жағдайда.  Бұл  жоспар  тапсырманың  əртүрлі 
қиындықта сəтті орындалғанын анықтайды. 
 
  Тақырыптың 
қиындық 
дəрежесі 
   Стимуляция интенсивтілігі 

   Төмен  
   Орташа  
  Жоғары  
   Төмен 
  1 
  2 
  3 
   орташа 
  4 
  5 
  6 
   жоғары 
  7   
  8 
  9 
 
 
Ротационды  жоспар  «латын  квадраты»  əдісі  бойынша  құрастырылады,  бірақ  жоғарыда  қарастырылғандардан 
айырмашылығы, жол бойынша зерттелуші тобы бейнеленген, ал бағанда – 1-ші тəуелсіз айнымалының əсер ету 
дəрежесі, кесте де – 2 тəуелсіз айнымалықтың əсер ету дəрежесі бейнеленген. 
 
 
  Топ  
 
  1-ші айнымалы дəрежесі 
 
  Х1 
  Х2 
  Х3 
 
    А 
  У1 
  У2 
  У3 
    В 
  У2 
  У3 
  У1 
    С 
  У3 
  У1 
  У2 
 
Ротационды  жоспардағы  баған  бойынша  суммасы  əртүрлі  мəндегі  1  тəуелсіз  айнымалықтың  эффект  дəрежесін 
көрсетеді,  ал  жолдағы  сумма  топ  арасындағы  айырмашылықты  сипаттау  қажет.  Егер  топ  сəтті 
рандолизацияланса,  онда  топаралық  өзгешілік  болмау  қажет.  Егер  топ  құрамы    қосымша  айнымалық  болып 
табылса, онда оны бақылау мүмкіндігі туады.  
    Экспериментальды жоспардың əртүрлі нұсқасына қорытынды келтере отырып, оны былай жіктейміз. 
    Экспериментальды жоспар мына негіздер бойынша ерекшеленеді: 
1.  тəуелсіз  айнымалық  саны-  біреу  немесе  көп.  Олардың  санына  байланысты  қарапайым  немесе  факторлы 
жоспар қолданылады. 
2.  тəуелсіз айнымалық дəрежесінің саны- 2 дəрежеліде сапалы байланысты қондыру болса, 3 жəне одан да көп – 
сандық байланыс. 
3.  кім  əсер  етуді  алады.  Егер  «əрбір  топта  -  өз  комбинациясы»  схемасы  қолданылса,  онда  топаралық  жоспар 
болады.  Егер  «барлық  топ  –  барлық  əсер  ету»  схемасы  қолданылса,  онда  ротационды  жоспар.  Готтскандер  оны 
кросс- индивидуальды салыстыру деп атады. 
  Экспериментті жоспарлау схемасын гомогенді немесе гетерогенді болуы мүмкін. 
4. 1 зерттелушіге арналған эксперимент жоспары. 
  Психологияда таңдау эксперименті. Экспериментальды зерттеудің топқа таралуы атақты биолог жəне математик 
Р.А.Фишердің  экспериментті  жоспарлау  жəне  олардың  қорытындысын  өңдеу  теориясын  жасағаннан  кейін 
танымал болды. Бірақ психологияда экспериментті таңдауды зерттеуді жоспарлау теориясының пайда болғанына 
дейін  ұзақ  қолданылады.  Алғашқы  экспериментальды  зерттеу  1  зерттелушінің  қатысуымен  өткізілді  –  ол  
экспериментатордың  өзі  немесе  оның  ассистенті  болды.  1913  жылы  өткізілген  1  зерттелушіге  классикалық 
экспериментальды  зерттеу  Г.Эббингауз  жұмысы  болды.  Көп  жағдайда  1  зерттелушіге  жүргізілетін  зерттеу 
əдістемесін 1970 – 1980 жылдары көптеген авторлар жасаған:  А.Кездан, Т.Кратохвилл, Б.Ф.Скиннер, Ф.Дж.Мак 
Гиган жəне т.б. 
   Экспериментте  артефактінің  2  көзі  бөлінеді:  А.Жоспарлау  стратегиясындағы  қате  жəне  зерттеуді  өткізу. 
В.индивидуальды айырмашылық. 
Оқыту  психологияда  критерийлерді  ауыстыру  əдісінде  немесе  «критерий  өңдеу  жоспары»  қолданылады.  Бұнда 
əсердің  өсуіне  зерттелушінің  жауабы  тіркеледі.  əрекет  параметрінің    өсуі  тіркеледі  жəне  келесі  əсер 
зерттелушінің  берілген  деңгейден  шығуынан  кейін  ғана  жасалады.  Орындау  деңгейі  тұрақталғаннан  кейін 
зерттелушіге əсердің келесі градациясы беріледі. Сəтті өткен эксперимент қисығы аяқпен тапталған баспалдаққа 
ұқсайды,  онда  баспаның  басталуы  əсердің  бастапқы  деңгейімен,  ал  оның  соңы  зерттелушінің  келесі  критерийге 
шығуымен сəйкес келеді. А – В – В – А жоспары бұл əсерлердің бірізділігінің инверсиясы. Бірізділік эффектілері 
алдыңғы  əсердің  кейінгі  əсерге  əсер  етуімен  байланысты.  Ауысу  жағымды,  жағымсыз  жəне  симметриялы, 
ассиметриялы  болады.  А  –  В  –  В  –  А  бірізділігі  позиционды  тұрақты  схема  болып  табылады.  Готтсданкер 
айтқандай,  А  жəне  В  айнымалының  əсері  ерте  жəне  кейінгі  ауысудың  эффектілерімен  негізделеді.    əсерлер 

бірізділігінің  кездейсоқтығы  тапсырмаларды  рандолизациялау  жолымен  іске  асады.  Оны  көп  тексеруді  талап 
ететін экспериментте қолданады. 
   Бір зерттелушіге арналған жоспардың түрлі нұсқалары туралы Барлоу жəне Херсен «экспериментальные планы 
для единичных случаев» монографиясында жазылған. 
   Аналогиялық  схема  мəліметтерді  интерпретациялауда  қолданылады.  РАН  психология  институтында  Дрынков 
қарапайым  жасанды  ұғымдарды  қалыптастыру  процесін  зерттеді.  Оның  ойынша,  оқудың  бастапқы  деңгейін 
қатысты  индивидуальды  көрсеткіштің  нормасы  жəне  критетийге  жету  барлық  зерттелушіге  бірдей,  уақытқа 
тəуелді, функциональды сəттілікті алуға мүмкүндік береді. 
   Бір  ғана  зерттелуші  қатынасатын  эксперимент  ерекшіліктерін  қарастырайық.  Бұндай  эксперименттің  нəтижесі 
экспериментатордың  болжамына  жəне  оның  зерттелушімен  қарым-қатынасына  байланысты.    əсердің  бірізділігі 
байқалған  кезде  экспериментатор  өзінің  саналы  жəне  санасыз  əрекеті  арқылы  зерттелушіде  болжамды 
дəлелдейтін  əрекет  тудыруы  мүмкін.  Сондықтан  бұндай  зерттеуде  «соқыр  тəжірибелерді»  қолдану  ұсынылады. 
«Соқыр  тəжірибеде»  экспериментатор  соңғы  плацебо  эффекттің  жəне  қашан  əсердің  болатынын  біледі,  ал 
зерттелуші  одан  беймəлім.  Бір  зерттелуші    қатысатын  эксперименттер  психофизиологияда,  психофизикада, 
когнитивті психологияда маңызды роль атқарады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет