Педагогика факультеті


Экспериментке дейінгі жəне квазиэкспериментальды жоспарлар



Pdf көрінісі
бет7/19
Дата15.02.2017
өлшемі1,27 Mb.
#4143
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19

 3.Экспериментке дейінгі жəне квазиэкспериментальды жоспарлар. 
   Экспериментке 
дейінгі 
жəне 
квазиэкспериментальды 
жоспарлар 
арасында 
айырмашылықтар 
бар. 
Экспериментке  деінгі  жоспарлар  психологиялық  ғылымның  бұрынғы  рудименттері  болып  табылады.  Ал 
квазиэкспериментальды  жоспарлар  бүгінгі  күннің  жəне  көптеген  зерттеушілердің  ойынша  ертеңгі  күннің 
атрибуты. 
   Экспериментке  дейінгі  жоспарлар  бұл  классикалық  зерттеуге  қойылатын  талаптарды  қабылдамайтын  жəне 
белгілі схемамен жүргізілетін зерттеу. Себеп – бұл талаптарды білмеу. 
   Квазиэкпериментальды жоспарлар эмпирикалық зерттеулер жүргізудегі өмір шындықтарын тіркеу амалы. өмір 
шарттары  жəне  экспериментатордың  практикалық  тапсырмалары  көбіне  «шынайы  эксперимент»  жоспарларын 
жəне сыртқы айнымалықтарды бақылау схемаларын қолдануға мүмкіндік бермейді. 
   Квазиэксперимент  тек  қолданбалы  проблемаларды  ғана  шешуге  емес  сонымен  қатар  ғылыми  зерттеуді 
жүргізуде  қолданылады.  Классикалық  еңбектің    авторлары  Кокс  пен  Кэмпбелл  квазиэкпериментальды 
жоспарлаудың  негізгі  теоритикалық  принциптерін  қалыптастырды.  Квазиэкспериментальды  жоспар  одан  да 
артық  жоспар  қолдануға  болмайтын  кезде  қолданылады.  Экспериментке  дейінгі  жоспарлар  иллюстрациялар 
ретінде қолданылады. Ғылыми зерттеулер практикасында мүмкіндік болғанша оларды қолданбаған жөн. 
 Экспериментке дейінгі жоспарлар. 
  Кэмпбел экспериментке дейін жоспардың 3 түрін көрсетеді. Олардың екеуін Макгиган квазиэкспериментальды 
жоспарға жатқызады.  
   Экспериментке  дейінгі  жоспарға  :  а)  бір  рет  болатын  жағдайды  зерттеу  ;  б)  бір  топты  алдын  ала  жəне 
қорытынды тестілеу жоспары; в) статистикалық топтарды салыстыру. 
   Бір  рет  болатын  жағдайды  зерттеу  өткен  салаға  жатады  Х0  оспары  бойынша  əсерге  тап  болғанбір  топқа  тест 
жүгізіледі.  Сыртқы  жəне  тəуелсіз  айнымалылықтарда  бақылау  жүрмейді.  Бұндай  «зерттеуді»  салыстыруға 
ешқандай  материал  болмайды.  Бұл  зерттеулер  нəтижені  күнделікті  шындықпен  сəйкестендіру  үшін  ғылыми 
қызметтің алғашқы этаптарында қолданылады.  
   Бір топты алдын ала жəне қорытынды тестілеу жоспары көбіне социологиялық, социологиялық психологиялық 
зерттеулерде  (О1ХО2)  қолданылады.  Бұнда  соңғы  таңдау  болмайды,  сондықтан  тестілеу  кезінде  тіркелетін 
тəуелді айнымалының өзгеруі тəуелсіз айнымалының өзгеруінен туады деп айтуға болмайды. Тестілеу эффектісі 
бұл  өткен  келесі  зерттеуге  əсері.  Артефактілердің  көзі  бұл  да  –  бұл  жоспармен  бақыланбайтын  сыртқы 
айнымалылар.  
   Экспериментке дейінгі жоспарлау 3 нұсқасы бұл статистикалық топтарды салыстыру.  
                                      Х   О1 
                                            О2 
Бұл  жоспар  көмегімен  зерттелушіге  фондық  əсерді  жəне  басқа  сыртқы  айнымалылардың  əсерін  анықтауға 
болғанмен, табиғи дамудың эффектісі алынбайды, себебі зерттелушілердің бастапқы жағдайымен олардың қазіргі 
күйін салыстыратын материал жоқ. 
   Бақылау  жəне  экспериментальды  топтардың  нəтижелерін  салыстыру  үшін  Стьюденттің    t  –  критерийі 
қолданылады.  Есте  сақтаған  жөн:  тестілеу  нəтижесіндегі  айнымалықтар  экспериментальды  əсерден  емес.  Топ 
құрамының айырмашылығымен де негізделуі мүмкін. Егер экспериментальды əсерді алып тастайтын болсақ, бұл 
жоспар корреляциялық зерттеулерде қолданылады, бірақ оны 2 айнымалы арасындағы себепті байланыс туралы 
гипотезаны тексеру мақсатында қолданбаған жөн. 
Квазиэкспериментальды жоспарлар. 
Т.Д.Кук  жəне  Д.М  Кэмпбелл  психологиялық  зерттеуде  квазиэкспериментальды  жоспарларды  қолданудың 
теоритикалық  негізін  жасады.  Квазиэкспериментальды  жоспардың  2  түрі  болада:  А.Эквивалентті  емес  топтарға 
арналған жоспарлар.  
В.Дискретті уақытша сериялардың жоспарлары. 
   2  айнымалы  арасындағы  себепті  тəелділікті  анықтауға  бағытталған  кез  келген  зерттеу  –  квазиэксперимент 
болып табылады. 

   Егер  экспериментальды  психолоия  квазиэкспериментальды  зерттеудің  қатаң  анықтамалары  қолданса,  бір 
зерттелуші  қатынасатын  экспериментті  квазиэкспериментке  жатқызуға  болады.  Сонымен  қатар  уақытша 
сирияның  квазиэкспериментальды  жоспарлары  экспериментке  дейінгі  жоспардың  модификациясы  болып 
табылады.  
   Кэмпбелл    топтарды  таңдаудың  2  нұсқасын  көрсетеді.  1-ші  жағдайда  эксперимент  процедурасына  қатысты 
табиғи топтар зерттеуге қатынасады. Сондықтан топ құрамының эффектісі болуы мүмкін, бірақ ол онша маңызды 
емес.  2-ші  жағдайда  экспериментальды  топ  ерікті  қатысушылардан  құралады,  ал  бақыланушы  топты  өзге 
тəсілдермен  жинақтайды.  Бұнда  топ  құрамының  факторы  экспериментальды  жəне  бақыланушы  топтың 
нəтижелеріндегі айырмашылыққа шешуші əсер етуі мүмкін. 
   Эквивалентті  емес  топтарға  арналған  квазиэкспериментальды  жоспардың  басқа  көптеген  варианттары  бар: 
«құрама  жоспарлар»,  алдын  ала  жəне  қорытынды  тестілеуге  арналған  шешуші  таңдаулары  бар  жоспарлар  жəне 
т.б.  Кэмпбеллдің  «Əлеуметтік  психологиядағы  жəне  қолданбалы  зерттеудегі  эксперимент  модельдері»  деген 
монографиясында квазиэкспериментальды жоспарлау туралы көп мəлімет бар. 
   Квазиэксперимент  фондық  əсерлер  факторын  бақылауға  мүмкіндік  береді.  Көбіне  бұл  жоспарларды 
балабақшада, мектептерде, клиникаларда немесе өндірісте табиғи топтардың қатысуымен эксперимент жүргізетін 
зерттеушілерге  қолдану  ұсынылады.  Оны  бақылаушы  таңдауы  бар  қалыптастырушы  эксперимент  деп  атауға 
болады.  Бұл  жоспарды  іске  асыру  қиын,  бірақ  егер  топтарды  рандолизациялайтын  болсақ,  ол  табиғи 
қалыптастырушы экспериментке айналады. 
 Ex – post – fakto  жоспары. 
   Психологияда,  əлеуметтануда,  педагогикада  жəне  нейропсихологияда  клиникалық  психологияда  көбіне 
қолданатын тағы бір эксперимнт. əлеуметтік зерттеулерде оны көбіне 1930-40 жылдарда қолданған. Сол уақытта 
əлеуметтанушы  Ф.С.  Чейз  бұл  əдістің  атауын  енгізіп,  мəліметтерді  талдау  схемаларын  жасады.    əлеуметтануда  
жəне  педагогикада  оны  қолдану  стратегиясы  мынадай  –  экспериментатор  зерттелушəге  өзі  əсер  етпейді.  əсер 
ретінде олардың өміріндегі жағдайлар бола алады. əсер алған зерттелушілер тобы жəне алмаған топ таңдалады. 
   Топтың  эквиваленттілігі    рандолизация  арқылы  жүзеге  асады.  Бұл  жоспар  көптеген  қазіргі  таңдағы  зерттеуде 
іске  асырылады.  Адам  денсаулығына  жəне  өміріне  қауіп    төндіретін  ситуацияларға  түскен  кезде,  оларда  пайда 
болатын посттравматикалық стресті зерттеу үйреншікті болып табылады.  
   Популяцияға травматикалық факторлардың əсерінің эффектісі жоғарылайды.    
Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 
1.Экспериментальды жоспарлар дегеніміз не?  
2. Зеррттеушіге арналған эксперимент жоспары қалай жасалады?  
3. Квазиэкспериментальды жоспарлар қалай жасалады?  
 
№11 Дəріс. 
Тақырып:Эксперименталды зерттеуді ұйымдастыру жəне жүргізу. 
Дəрістің мазмұны: 
1.Экспериментальды зерттеуді ұйымдастыру жəне жүргізу. 
2. экспериментальды таңдау. 
3. Экспериментальды айнымалылық жəне оны бақылау тəсілі. 
Мақсаты: Экспериментальды зерттеуді ұйымдастыру жəне жүргізу, экспериментальды таңдау, 
экспериментальды айнымалылық жəне оны бақылау тəсілі жөніндегі білімдермен қаруландыру.    
     1.Эмпирикалық материал алу үшін қолданылатын барлық əдістерді активті жəне пассивті деп бөлуге болады. 
Активті зерттеу əдісіне лабораториялық эксперимент жəне оның түрлі модификациялары, квазиэксперимент 
жатады. Пассивті зерттеу əдісіне-бақылау, клиникалық əдіс, еңбек өнімділігін талдау əдісі, өлшеу жəне 
корреляциялық зерттеулер, ақпарат жинау əдістері, архивтік зерттеу жəне т.б жатады. 1- топтағы əдістерді 
қолдана отырып, зерттеуші обьектке əсер ете отырып, құбылысты немесе процесті белсенді етеді. 2-ші топтағы 
əдістерді қолдана отырып, зерттеуші табиғи процестің өтуін қадағалап отырады. Зерттеуші əрекеттерін белгілі 
құрал қолдану арқылы (сауалнама, тест жəне т.б) тіркеп отырады. Ал зерттеуші əсер ету үшін əңгімені қолдануды 
немесе лабораториялық экспериментте зерттеу тəсілдерінің  көмегімен зерттеушінің əрекеттерін ұйымдастыра 
алады. Бұл- психологиялық эмпирикалық əдістің екінші «өлшемі» болып табылады. Сонымен қатар 3-ші де 
өлшем болады. Зерттеуші зерттеу кезінде ғылыми тұрғыны немесе «түсіну əдістерін», яғни зерттелушінің 
əрекетін, оның ішкі дүниесін немесе оның психикалық моделін эмпатия жолымен қорытындылау. 
 Эксперимент  барысында  жəне  өлшеу  барысында  зерттелуші  тапсырмаларды  белсенді  орындайды,  ал  бақылау 
мен сауалнама кезінде  оған ешқандай тапсырма берілмесе, ол өзін күрделі жағдайдай ұстайды. 
   Сонымен  қатар  тағы  бір  маңызды  критерий  бар.(ол  зерттеуді  ұйымдастыру  əдісін  2  үлкен  топқа  бөледі).  Бұл  
əдістің идеалды зерттеулердің белгілеріне сəйкес келуі. Бұл критерий бойынша зерттеуді у ұйымдастыру əдістері 
былай:  
1. 
экпериментальды  зерттеу.  жүйелік  бақылау  немесе  корреляциялық  зерттеу.  Олардың  ерекшелігі  онда 
зерттеуші  сыртқы  айнымалықтарды  бақылай  отырып,  негізгі  айнымалының  арасындағы  корреляциялық 
байланыстарды  орнатуға  тырысады.  Бұл  үшін  ол  зерттелуші  индивидтерінің  тобын  таңдайды  жəне  өзінің 
əрекеттерін жоспарлайды.  

2. 
табиғи  экперимент  жəне  бақылау,  əңгіме,  клиникалық  əдіс  жəне  т.б.  Бұлар  адам  əрекетінің  ерекшелігің 
анықтау  үшін  қолданылады.  Сонымен  қатар  олар  эмпирикалық  жалпылаудың  жəне  индуктивті  гипотезалар 
шығарудың  көздері  болып  табылады.  Айнымалықтарды  бақылаудың  тəсілдері  жүйелі  түрде  қолданылмайды, 
мəліметтерді  тіркеудің  техникаларын  қолдануға  болады.  (бақылау  карталары,  аудио  жəне  видео  аппараттары, 
тесттер жəне т.б) 
3. 
квази  эксперимент.  Табиғи  зерттеу  əдістері  мен  айнымалықтарды  бақылау  жүретін  адамдар  арасындағы 
эксперимент.  Оны  көбіне  жүйелік  бақылауға  ұқсатады,  онда  эксперименттер  зерттелуші  обьектке  əсер  етпейді. 
Бірақ бұл пікір расталмаған. Кейбір кезде табиғи зерттеуде əсер ету зерттелушіден тəуелсіз табиғи жағдайларда 
жүретіні  анықталды,  бірақ  бұл  жағдайда  біз  эксперимент  пен  бақылау  арасында  орын  алатын  зерттеу  əдістерін 
аламыз.  Квазиэкспериментте  идеалды  экспериментті  бейленейтін  схеманы  жүзеге  асыру  мүмкін  емес,  бірақ  бұл 
қатынастар ерекше квазиэкспериментальды жоспарларды қолданумен ауыстырылады. 
   Дəстүрге сəйкес  экспериментальды зерттеулер барлығы экспериментальды емес əдістерге қарсы қойылады. 
  Осылайша, Ф.Дж.Мактиган экспериментальды əдістерді келесіге қарсы қояды:  
1. 
классикалық клиникалық əдіске 
2. 
табиғи бақылауға 
3. 
сауалнамаға 
4. 
архивтік зерттеулерге 
5. 
корреляциялық байланыс орнатуға 
6. 
квазиэкспериментке 
 М.В.Мэтлин экспериметке қарсы қоймаған əдістің мына тізімін көрсетті: 
1. табиғи бақылау 
2. сауалнама 
3. корреляциялық зерттеу 
4. архивтік зерттеу 
5. белгілі бір жағдайды зерттеу 
Н.Козби  экспериментке  корреляциялық  əдісті  жəне    экспериментке  дейінгі  əдісті  (сауалнама,  далалық  бақылау, 
далалық  эксперимент)  қарсы  қояды.  Ол    əрекетті  өлшеу  əдісін  (архивтік  жəне  тестілеу,  өзіндік  сұрау)  бөліп 
қарастырады. 
   Психологияда экспериментальды зерттеу экспериментатордың тəуелсіз айнымалықтарды белсенді өзгертуімен 
ерекшеленеді.  Экспериментальды зерттеу  бір нұсқасы бұл зерттелуші топтардың болуы. Эспериментальды емес 
зерттеулерде негізгі жəне бақылаушы барлығы топтар бірдей болады, сондықтан олар салыстырылады.  
   Формальды  негіз  бойынша  экспериментальды  зерттеу  бірнеше  типтерге  бөлінеді.  Олар:  эксплотаторлық 
эксперимент  жəне  дəлелдеуші  эксперимент.  Олардың  айырмашылығы  проблеманың  зертелу  деңгейіне  жəне 
тəуелді, тəуелсіз айнымалықтар арасындағы байланыс туралы білімнің болуына байланысты. 
   Эксплотаторлық  эксперимент  тəуелсіз  жəне  тəуелді  айнымалықтар  арасындағы  себептік  байланыстардың 
болуын  анықтау  үшін  қолданылады.  Сондықтан  эксплотаторлық  зерттеу  А  жəне  В  айнымалықтардың 
арасындағы себепті тəуелділіктің болуын немесе болмауын тексеруге бағытталған. 
    Егер  айырмашылықтар  арасында  сапалы  байланыстың  бары  туралы  ақпарат  болса,  онда  бұл  байланыс  түрі 
туралы  гипотиза  жасады.  Онда  зерттеуші  дəлелдеуші  конформаторлық  эксперимент  жүргізу,  ал  бұнда  тəуелді 
жəне  тəуелсіз айырмашылықтар арасында болатын функцияларды сандық байланыс түрі анықтайды.  
     Зерттеу алгоритмі: 
1.  А жəне В-ның сандық байланысы туралы гипотиза шығарылды.  
2.  Эксплораторлық эксперимент жүргізү. 
3.  Егер  гипотиза  дəлелденбесе,  басқа  сапалы  гипотиза  жасағандар,  жаңа  эксплораторлық  эксперимент  жүргізіп, 
егер сапалы гипотиза дəлелденсе, онда сандық функционалды гипотиза құрылады. 
4.  Дəлелдеуші эксперимент жүргізу. 
5.  Айналымдар арасындағы байланыс түрі туралы гипотиза қолданылады немесе қолданылмайды.  
Психологиялық  зерттеу  практикасында  эксперименталды  зерттеудің  түрлерін  сипаттау  үшін  “критикалық 
эксперимент”,  “пилотах.  зерттеу”  немесе      “пилот.  эксперимент”,  “далалық  эксперимент”  немесе  “табиғи 
эксперимент”  ұғымдары  қолданылады.  Критикалық  эксперимент  барлық  мүмкіндік  белгісі  гипотизасында 
уақытша  тексеру  үшін  қолданылады.  Оның  біреуін  дəлелдеу,  басқасын  қабылдамау  б.т.  .....да  критикалық 
экспериментті  құру  тек  жоспарлауды  ғана  емес  сонымен  қатар  ғылыми  теорияны  өңдеудің  жоғары  деңгейде 
жүруін талап етеді.  Ал  біздің ғылымда редуктивті, эмпириялық жалпылаулар үстем болғандықтан зерттеушілер 
критикалық экспериментті сирек қолданады. 
   «Пилотаждық  зерттеу»термині  I  немесе  эксперимент  алдында  жүргізуін  зерттейтін  əдісті  белгілеу  үшін 
қолданнылады. Бұнда негізгі гипотеза, жоспар, зерттеу ұйымдастыру тұрғылары қарастырады. Көбіне пилотажды 
үлкен  экспериментальды  зерттеу  алдында  қаржылы  жəне  уақытты  бос  жібермес  үшін  жүргізу.  Пилотажды 
зерттеу    зерттелушінің  аз  санына,  қысқартылған  жоспар  бойынша  сыртқы  айнымалықтарды  бақылаусыз 
жүргізіледі.  Пилотаж  нəтижесінде  алынатын  мəліметтің  сенімділігі  өте  кең  емес,  бірақ  оны  жүргізу  барысында 
гипотезаның  шығарылуымен,  зерттеу  жоспарларымен  жəне  айнымалықтарды  бақылауда  кететін  қателіктерді 
болдырмауға болады. 

   Далалық  зерттеу  күнделікті  өмірдегі  реалды  айнымалылар  арасындағы  байланыстарды  анықтау  үшін 
жүргізіледі.  Мысалы,  баланың  топтағы  статусы  мен    оның  ойындағы  құрдастарымен  контактілерінің  санының 
немесе оның ойын бөлмедегі алатын территорияның арасындағы байланысты анықтау.  
   Психологияда  экспериментальды  зерттеу  бірнеше  туралы  оның  бір  бөлігі  міндетті,  ал  бір  бөлігі  кейбір 
жағдайда болмауы мүмкін. 
   Психологиялық экспериментальдық зерттеудің негізгі кезеңдері:  
1. 
кез-  келген  зерттеу  оның  тақырыптарын  анықтаудан  басталады.  Тақырып  зерттеудің  ауқымын, 
проблема шеңберін, пəнді,  обьектті, əдістерді  таңдауды шектейді. Бірақ 1-ші  кезең болып проблеманы алғашқы 
құру табылады. 
   Эмпирикалық зерттеу 2 негізгі жағдайда жүргізіледі:  

құбылыстың болуы туралы гипотезаны тексеру. 

Құбылыстың байланыстарының болуы туралы гипотезаны тексеру. 
2. проблеманы құрудан кейін ғылыми əдебиетпен жұмыс кезінде басталады. 
   Қазіргі  таңда  зерттеуші  үшін    компьютерлік  мəліметтер  базасы,  интернет  немесе  релком  жəне  т.б., 
кітапханалар, арналған журналдар т.б. мүмкіндіктер бар.  
   Жұмыс  психологиялық  сөздерді  базалық  ұғымдарды  анықтаудан  басталады.  Келесі  қадам  бұл  кітапхананың 
жүйелік  каталогтар  көмегімен  библиография  құрастыру.  Зерттеу  тақырып  публикациясымен  алдын-ала  танысу 
реферативті журналдар көмегімен жүзеге асады.  
   Əдебиетпен  жұмыстану  нəтижесі  бұл  проблеманы  нақтылай  түсу,  жаңа  гипотезалау  жəне  зерттеу 
экспериментальды  жоспарлау  идеяларының  пайда  болуы.  Егер  проблема  шешілмеген  немесе  теріс  шешілсе 
жаңалық ашуға мүмкін емес болатындай көп зерттеген болса, онда психолог зерттеуден бас тартуы мүмкін. 
3. Келесі кезеңде гипотезаны нақтылау жəне айнымалықтарды анықтау жұмыстары жүргізіледі. Проблеманы қою 
оған жауап берудің нұсқаоларын көрсетеді.  
   Экспериментальды  гипотеза,  теоритикалық  гипотезаға  қарағанда  импликативті  пікір  ретінде  құрылуы  тиіс: 
«егер ... онда...». 
   Психолог  психикалық  реалдықты  емес  зерттелушінің  психиканы  əсер  ететін  ситуацияның  сыртқы 
параметрлерін  басқарады.  Тəуелсіз  айнымалыны  тіркей  отырып,  ол  «модератор-айнымалы»  жəне  əрекет 
параметрлері  арасында  функциональды  байланыс  бар  екендігі  анықталды.  Тəуелсіз,  тəуелді  жəне  «модератор-
айнымалы» мен қатар сыртқы айнымылылар да анықталыу тиіс. 
4. зерттеуші оған мынадай мүмкіндіктер берілген экспериментальды құралды таңдауы керек:  
а) тəуелсіз айнымалыны басқаруға 
б)  тəуелді  айнымалыны  тіркеуге.  Бұнда  психологиялық  эксперименттің  нақты  əдісі  айтылып  отыр.  Сонымен 
қатар эксперименттің өту жағдайлары сыртқы айнымалының тəуелді айнымалыға əсер ету деңгеін сақтап отыруы 
қажет. 
5.  экспериментальды  зерттеуді  жоспарлау  процедурасының  орталық  кезеңі  болып  табылады.  Алдымен  сыртқы 
айнымалықтар туралы айнымалыларды жоспарлау сыртқы жəне ішкі валидтілігін қамтамасыз ету үшін керек. 
   Келесі  қадам  экспериментальды  жоспарлауды  таңдау.  Алдын  ала  жоспарлау  қандай  болады.  Бұл  сұрақтың 
жауабы  гипотезаға,  айнымалылар  санына  зерттеу  жүргізу  ситуацияларына  байланысты.  Уақыт  пен  ресурстар 
шектелген болса қарапайым экспериментальды жоспарлар таңдалады. 1-ші тəуелсіз айнымалықтарды басқаруды 
талап ететін қиын гипотезаларды тексеру үшін оларға сəйкес тереңдетілген жоспарлар қолданылады. 
   Зерттеуші  экспериментті  бір  зерттелушінің  өатысуымен  жүргізе  алады.  Бұл  жағдайда  ол  жалғыз  зерттелуші 
үшін  жоспардың  1-ін  қолданады.  Егер  зерттеуші  топпен  жұмыс  атқарса,  онда  ол  экспериментальды  жəне 
бақыланушы  топтарда  қолданылатын  жоспарлар  қатарын  таңдай  алады.  Қарапайым  жоспар  болып  2  топқа 
арналған жоспарлар табылады. 
   Бірнеше  топтарға  қолданылатын  жоспарлар.  Психологияда  жиі  қолданылатын  өзге  нұсқа-  бұл  факторлы 
жоспар. Егер 2 немесе одан да көп тəуелсіз айнымалының тəуелдіге əсерін анықтау талап етілгенде қолданылады. 
Қарапайым  факторлы  жоспардың  2х2  түрі  немесе  2х2х2    2  жəне  3  тəуелсіз  айнымалыға  сəйкес  2  дəрежелі 
градацияда қолдануды болжайды. 
   Экспериментальды  жоспардың  одан  да  күрделі  түрлері  бар.  Зерттеудегі  процессуальды  жоспарлар 
классификациясының 2 айнымалыға байланысын Д.Кэмпбеил жасады. Оның негізгісі: жай жоспар 2 топты алдын 
ала тестілеу үшін (тест-əсер ету-ретест). 2 рандолизировты топқа алдын ала тестілеу үшін қолданылатын жоспар 
(рандолизация-əсер ету-тест) 4 топ үшін осы 2 жоспарды біріктіретін Соломон жоспары. Бұлар эксперименттегі 
шын  жоспарлар  деп  аталады.  Егер  эксперименттегі  шын  жоспарларды  жүзеге  асыру  мүмкін  болмаса  немесе 
қажет болмаса, зерттеуші квазиэкспериментальды жоспарлардың біреуін қолданады. 
6.Зерттелушіні  топтарға  іріктеу  жəне  бөлу  эксперименталды  жоспарға  сай  жүргізіледі.  Осы  психологиялық 
зерттеудің  объектісі  болатын  потенциалды  зерттелушілер  жиынтығы  популяция  немесе  жалпы  жиынтық  болып 
табылады.Көптеген  адамдар  немесе  жануарлар  ,  зерттеуге  қатысатындар  таңдау  деп  аталады.  Эксперименталды 
таңдаудың  құрамын  модельдеу  жалпы  жиынтығын  көрсету  қажет,  экспериментте  алынатын  қорытындысы  тек 
таңдаудың өкілдеріне ғана емес, сонымен қатар барлық популяция мүшелеріне де таратылады.  
    Популяцияны таңдау зеттеу мақсатына байланысты. Барлық потенциалды зерттеушілер жынысымен, жасымен, 
əлеуметтік  жағдайымен,  білім  деңгейімен  ,  денсаулық  жағдайымен  сипатталады.  Сонымен  қатар  олар  əртүрлі 
индивидуальды психологиялық ерекшеліктерді меңгереді, мысалы интеллект деңгейінің əртүрлілігі, нейротизм , 
агрессивтілік. Таңдау жалпы жиынтық болу үшін потенциалды зерттеушілер зерттеудің шынайы қатысушылары 

болуы қажет. Рандализация техникасы жиынтықтың  барлық өкілдеріне индекс беріледі , ал содан кейін топтарға 
кездейсоқ таңдау жүреді, экспериментке қатысу үшін қажетті сандар беріледі. Бұл жағдайда үш топ болады: 
1.  Барлық жалпы жиынтық. 
2.  Таңдау жүргізген рандализация тобы. 
3.  Эксперименталды рандализировты таңдау.  
Таңдауға деген бірден-бір талап – репрезентативтілік. Таңдау сапалы жəне сандық жағынан жалпы жиынтықты, 
популяцияда болатын негізгі потенциалды зерттеушінің негізгі типін көрсетуі қажет. 
     Зерттеушілер  эксперименталды  жəне  бақылау  топтарына  дұрыс  бөліну  қажет,  барлық  топтар  эквивалентті 
болуы үшін.   
1.экспериментті жүргізу адамнан тек қана білім мен дағдыны ғана емес, экспериментке деген қабілеті де талап ететін 
зерттеудің жауапты бөлігі болып табылады. Кез келген ең жақсы ой болса да, оны экспериментті жүргізу барысымен 
бұзуға болады. Эксперимент барысында зерттеуші зерттелушімен əсерлесу процесін ұйымдастырады, нұсқау береді. 
Кейде ол зерттелушіні эксперимент соңында əңгімеге шақырады. 
Кез  келген  жағдайда  эксперименттегі  зерттелушінің  əрекеттерінің  қосымша  белгілерін,  оның  эмоциональды 
реакцияларын  тіркеу  қажет.  Аяқтаушы  маңызды  кезде  бұл  постэкспериментальды  интервью.  Эксперимент 
аяқталған соң зерттелушімен əңгіме жүргізіп, оған зерттеуге қатысқаны үшін рахмет айту қажет.  
2.зерттеудің келесі кезеңі – статистикалық өңдеу əдісін таңдау, оны жүргізу жəне нəтижені интерпретациялау. 
   Көбіне  мəліметтерді  өңдеу  əдістері  экспериментті  жоспарлау  кезінде  немесе  одан  да  ерте  экспериментальды 
гипотезаны шығарған кезде таңдалады. Экспериментальды гипотеза статистикалық болып ауысады. 
   Статистикалық  бағалар  бақыланушы  жəне  экспериментальды  топтың  нəтижесінің  ұқсастықтары  мен 
айырмашылықтары туралы ақпарат береді. 
қорытындылар жəне нəтижені интерпретациялау зерттеу циклін аяқтайды. Экспериментальды зерттеу қорытындысы 
айнымалылар арасындағы тəуелділік туралы гипотезаны дəлелдеу немесе жоққа шығару болып табылады. 
   Статистикалық гипотезаны дəлелдеу, бірақ экспериментальды гипотезаның қолданудың шешуші, бірақ жалғыз 
аргументті емес. Зерттеуші өзінің қорытындысын өзге авторлардың қорытындыларымен салыстырып, мəліметтер 
арасындағы өзгешіліктер мен ұқсастықтар туралы гипотеза шығарады. 
зерттеудің  соңғы  өнімі  ғылыми  есеп,  мақала  жазу,  монография,  ғылыми  журнал  редакциясына  хат  жазу  болып 
табылады. 
Ғылыми  жұмыс  жазудың  белгілі  бір  талабы  болады,  қорытындыны  көрсетудегі  көрнекілеу  жəне  мазмұндық 
құрылымы. 
   Қорытынды  шығару.    Экспериментальды  зерттеу  белгілі  бір  схемада  жасалады.  Оның  өткізілуіндегі  негізгі 
этаптар:  мəселе  қою  жəне  болжамды  ұсыну,  əдістеме  құру,  аппаратура  таңдау,  зерттелушілерді  таңдау, 
айнымалыларды  бақылау  үшін  жоспар  қүру,  эксперимент  өткізу,  қорытынды  өңдеу  жəне  интерпретация  жасау, 
,ылыми есепті дайындау. 
   Зерттеу аяқталды деп есептеледі, егер экспериментальды гипотеза тапсырылған сенімге жеткен кезде, жетпеген 
кезде, ал зерттеу қорытындысы ғылыми қоғамға сай формада көрсетілсе. 
1. 
тест  тиімділігі-  экспериментальды  əсер  етудегі  зертелушінің  қабылдауына  тестілеу  арқылы  əсер  етудің 
төмендеуі  немесе  жоғарылауы.  Мысалы,  оқушының  білімін  алдын  ала  бақылау  жаңа  оқу  материалына 
қызығушылығын жоғарылауы мүмкін. Генеральды жиынтық алдын ала тестілеуде əсер етпейді, қорытынды оған 
репрезентативті емес болуы мүмкін. 
2. 
зерттеу жүргізудегі жағдай. Олар зерттелушінің экспериментке реакциясын шақырады.. 
3. 
экспериментальды  əсер  етудің  мазмұны  мен  таңдау  факторларының  өзара  əрекеті.  Олардың  ізі  – 
артефакторлар. 
4. 
экспериментальды  əсер  етудің  интерференциясы.  Зерттелушілер  есі  мен  оұуын  меңгереді.  Егер 
эксперимент бірнеше сериялардан тұрса, онда бірінші əсер ету олар үшін із-түссіз болады жəне соңғы əсер етуден 
тиімділіктің пайда болғандығы айтылады. 
   Сыртқы валидтіліктің бұзылуының үлкен себебі психологиялық эксперименттің ерекшеліктерімен байланысты, 
эксперименттегі  психологиялық  зерттеуге  қатысатын  адамның  ерекшелігі  өзге  жаратылыстану  ғылымының 
мамандарымен жүзеге асады. 
   Тестілеу  процедурасының  өзара  əрекеті  мен  экспериментальды  əсер  етудің  мазмұнын  алғаш  анықтаған  1949 
жылы  Р.Л.Соломон  болып  табылады.  Оқушыларға  жүргізілген  зерттеу  бойынша  алдын  ала  тестілеу  оқудың 
тиімділігін төмендеткен. əлеуметтік жағдайды зерттеу көрсеткендей алдын ала тестілеу жеке тұлғаға əсер еткен, 
ал Ховленд экспериментінде керісінше фильмдердің əсер етуін сендіру əлсіз болған. «топ құрамының өзара əсері 
мен əрекеті» экспериментке кездейсоқ қатысатын зертелушілерге байланысты. Реакция 2 типті болуы мүмкін: өз 
еркімен  келгендердің  «өзара  əрекетке  душар  болуына»  дайындық  жəне  бас  тарту,  экспериментке  қатысушының 
негативті реакциясы. Зерттеуге қатысуға тек интеллектуальды дарынды адамдар келісуі мүмкін. 
   Кэмбелмен  келісе  отырып,  сыртқы  валидтілік  проблемасы  эксперименттің  репрезентативтілігі  ретінде 
шынайылыққа  қатысты  рұқсат  етілмейді,  индукция  яғни  қарым-қатынас  ешқашан  толығымен  обьективті 
болмайды.  
  Сыртқы  валидтілік  проблемасы  эксперименттегі  ситуацияның  адеквадтылығы  ретінде  оның  «алғашқы  бейне» 
өмірлік ситуациясы логикалық жəне математикалық əдістерге рұқсат етілмейді: олар ситуацияны тұтас бейнелеу 
үшін барлық ғылыми психологиялық білімнің жиынтығын талап етеді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет