Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.Психологиялық эмпирикалық зерттеулердің обьективті проблемаларының өзгешелігі қандай?
2.Зерттеуші мен зерттеулшінің қарым-қатынасы қалай жүзеге асады?
3.Зерттеулушінің обьективті –субьективті табиғаты қандай?
№22 Дəріс.
Тақырып:Психологиялық эмпирикалық зерттеулердің принциптері.
Дəрістің мазмұны
1.Каузальды бағыт.
2. Психологиядағы герментивтік əдіс.
3.Психологиядағы эмпирикалық əдістердің үштік класификациясы.
Мақсаты: Каузальды бағыт, психологиядағы герментивтік əдіс, психологиядағы эмпирикалық əдістердің
үштік класификациясы жөніндегі білімдермен қаруландыру.
1.Картезиандық детерменизмді жеңу психикаға деген көзқарасты көбіне психофизиологтар атымен, соның ішінде
Н.А.Бернштейн жəне П.К.Анохин есімдерімен байланыстырады. Алайда функционалды теологиялық бағыттың
бастаушысын У.Джемс деген жөн.
XX ғасыр басында интроспективті психолгия өкілдері үшін таным мазмұны мен сырттай бақыланатын
мінез-құлық арасындағы қатынас мəселесі болған жоқ, өйткені басқа адамның мінез-құлқы психологиялық
зерттеу аймағы ретінде саналмайды.
Тереңдету психологиясы бойынша мінез-құлықты сана басқарады, жəне мінез-құлықты санасмыхздық
басқарудағы басты рөлді шегереді. Бірақ бұл жағдайда да басқа адамның санасыз мінез-құлқы
интерпретацияланатын жəне зерттеушімен бақыланатын мінез-құлық актілерінде көрінеді.
П.Я.Гальперин бұған өзгеше көзқараспен қарайды, ол психикалық реттеуді іс-əрекетті бағыттау
фазасымен байланыстырады. Іс-əрекетті автоматты түрде орындау, іс-əрекеттің орындаушы бөлігі психикамен
басқарылмайды жəне бұл психологиялық зерттеу мазмұны емес, дəлірек айтқанда, нейрофизиологиялық,
биомеханикалық зерттеу мазмұнына жатпайды. Егер бұл көзқарасты қабылдасақ, онда мінез-құлық актілерінің
жиынына қарағанда психикалық күйлер жиыны əлсіздеу. Бірақ бұндай позиция тереңдету психологтарының
позициясына ұқсауы мүмкін. Ол үшін П.Я.Гальперин схемасында «сана» сөзін «психикамен» ауыстырып, ал
əрекеттің автоматтандырылған бөлігін санасыз психикалық реттеуге бағындыру керек.
Ақырында тіпті өзгеше методологиялық бағыт болуы мүмкін. Сана мазмұны мінез-құлық көріністерінде
жүзеге асуы түгелдей емес деуге болады. Сонымен қатар психикалық күйлер жиынының «күші» зерттелуші өз
өмірінде жүзеге асыратын мінез-құлықтың əртүрлі сапалы формалар жиынының «күшінен» əлде қайда жоғары.
Бұдан мынадай қорытындылар шығарамыз. Біріншіден, бір мінез-құлық актіне əртүрлі психикалық күйлер сай
келеді. Екіншіден, көптеген психикалық күйлер, білімдер жəне т.б. мінез-құлықта ешқашан жүзеге аспайды.
Қысқаша айтқанда индивид өмірінің рухани, психикалық байлықтары оның мінез-құлық көріністерінің
байлықтарынан əлде қайда көп. Мінез-құлықтың психикаға қатынасының бұл нұсқасы адамның рухани өмірінің
тəуелсіздігі мен қатысты автономия принципінен шығады. Бұндағы тəуелсіздік деп мінез-құлықты реттеу
функциясынан тəуелсіздік түсіндіріледі.
Əртүрлі психикалық күйлер, сырттай бақыланатын мінез-құлық жəне субьективті шындық арасындағы
өзара қатынасты мына схема көмегімен көрсетуге болады.
Мінез-құлықта көрінуі
Субьективті шындықта көрінуі
Иə
Жоқ
Иə
1.Мінез-құлықты реттеуші сана
2.Субьекттің ішкі рухани əлемі
Жоқ
3.Мінез-құлықты реттеуші сана
асты
4.Санасыздық
1. Мінез-құлықты реттеуші сана кез-келген эксперименталды зерттеудің пəні болып табылады. Классикалық
нұсқасы: В.Вундт бойынша интроспекция эксперименті. Бұнда табиғи - ғылыми жəне түсіну бағыттары қиысады.
2.Субьекттің ішкі рухани əлемі - бұл ойлар, образдар, сезімдар, түс көрулер, қиялдар байлығы, бұлар тек оны
кешетін индивидке беріледі. Бұлар жөнінде білім алушы жалғыз жан - адамның өзі.
3. Мінез-құлықты реттеуші сана асты - бұл дəстүрлі тереңдету психологиясының пəн аймағы.Адам өзі түсіндіре
алмайтын оның қылықтарын, мотивтерін, дүниеге келу заңдарын түсіндіру үшін зерттеуші басқа адамның сана
асты моделін құрайды.
4.Санасыздық. Оны З.Фрейд түсінігі бойынша - бұл мінез-құлық көзі жəне реттеушісі деп түсіну керек. Бұл өз
алдына «психикалық вакуум», онда психикалық білімдар пайда болады жəне өшеді, бірақ олардың болуы
жөнінде тек рухани өмір мен мінез-құлық реттеу ерекшеліктері бойынша айтуға болады.
2.Психологияда герменевтика əдісін қолданудың теориялық негізі В.Дильтей есімімен байланысты.
В.Дильтей тəжірибенің екі формасын шектеді: ішкі өмірлік тəжірибе (біріншілей, психикалық) жəне сыртқы
сезімдік тəжірибе. Өмірлік тəжірибе ғалымға бастапқы керек нəрсе. Ол адам туралығылымда» («жан туралы
ғылымға» тең) зерттеу фундаменті болып табылады.
В.Дильтей адам туралы жəне табиғат туралы ғылымдар - эмпирикалық ғылымдар, бірақ эмпирикалық
білімнің табиғаты бұл ғылымдарда əртүрлі. Табиғи ғылымдарда тəжірибе сипаты басынан бастап
антропорморфты сапалардан(құндылықтар, мақсаттар) айырылған, сондықтан бұл білім өмірлік тəжірибе шегінен
шығарылады(экзотерикалық білім). Гуманитарлы білім өмірлік тəжірибеге жақын, оның мазмұны эзотерикалық
жəне оның үлкен бөлігі белгілі.
Кейін В.Дильтей пəні бойынша əртүрлі түсіну түрлерін көрсетті:
1. түсіну теоретикалық əдіс ретінде, оның критерилері: шындық - жалған;
2. іс - əрекет бағытталған мақсаттарды құрастыруды талап ететін іс - əрекетті түсіну, оның критерилері: сəттілік -
сəтсіздік;
3. «тірі тəжірибенің» көрінуін түсіну: шығармашылық өнімдерінен өмірлік мінез - құлық актілеріне (жест,
иннотация, т.б.) дейін, оның критериі: аутентикалық.
Кейінгі кезде герменевтика өкілдерінің еңбектерінде В.Дильтей критериі бойынша ғылым бағыттарын бөлу
сақталған. Солайша, А.Демер барлық таным бағыттарын:1.гермневтикалық(феноменология,экзистенционализм,
психоанализ, структурализм, марксизм жəне т.б.) жəне 2. антигерменевтикалық( бихевиоризм, сыни рационализм
жəне т.б.). Г.Х. фон Врихт осы бағыттарды позитивті жəне антипозитивті дəстүрлер ретінде қарастырады.
2.Герменевтикалық əдісті өңдеуде Х.Ю.Хабермас пен Х.Г. Гадамер арасындағы дискуссия үлкен мəнге ие. Біздің
зерттеу үшін бірінші автордың көзқарасы маңыздырақ. Х.Ю.Хабермас герменевтикалық интерпретацияның
бастапқы моделі ретінде дəрігер мен пациент арасындағы психоаналитикалық өзара əсерді қарастырды. Оның
көзқарасы бойынша психоанализ В.Дильтей герменевтикасынан алшақ, өйткені бұл жағдайда психоанализ
символикалық константтарға жүгінеді, сезінетін қайғырулар, көңіл-күйлер шегінде қалып қоймайды. Сондықтан
Х.Ю.Хабермас түсіну əдісін дамыту ретінде «тереңдету герменевтикасы» түсінігін енгізді.
Қазіргі кезде көптеген авторлар, соның ішінде Е.Д.Хирш «интерпретация» жəне «түсіну» түсініктерін бөліп
көрсетті. Хирш көзқарасы бойынша, интерпретация өнері мен түсіну өнері əртүрлі процесстер, өйткені дұрыс
түсіну тек біреу болуы мүмкін, ал интерпретациялар көп немесе интерпретатор терминологиясына, ал түсіну -
текст терминологиясына негізделген. Бұл жағдайда Хирш трактовкасындағы интерпретацияны Дильтей бойынша
түсінудің бірінші нұсқасына (теоретикалық), ал түсінуді - үшінші нұсқасына сəйкестендіруге болады.
«Түсіну» термині мағынасының аумағы өте кең. В.К.Нишанов бойынша, оған:
1.
декодирование;
2.
зерттеушінің «сыртқы» тілін «ішкі» тіліне аудару;
3.
интерпретация;
4.
түсіну баға ретінде;
5.
уникалдыға қол жеткізу;
6.
түсіну түсіндіру нəтижесі ретінде;
7.
түсіну тұтастық синтезі ретінде анықтама берген.
Герменевтикалық əдіст¢ң негізгі ерекшеліктері мен шектеулеріне тоқталайық. Біріншіден, интерпретация
нəтижелері интерпретатор ескеретін эксплицидті жəне имплицидті схемалар, концепциялар, психикалық шындық
теорияларға тəуелді. Екіншіден, интерпретация сапасы психолог басшылық ететін қауымның мəдени деңгейімен
анықталады. Үшіншіден, герменевтикалық əдіс субьективті емес, өйткені, кейбір бастапқы заттық, вербальды
жəне мінез-құлықтық материал жəне теоретикалық схемалар мен табиғи тілде интерпретациялау үшін тірек бар,
бірақ оның нəтижелері интерсубьективті білімдер болып табылмайды. Əрбір жаңа интерпретатор материалға
өзгешелеу талдау жасайды. Тек əртүрлі концепцияларды (мыс., психоанализдің əртүрлі бағыт өкілдері)
ұстанушылар ғана диктаторлардың (Гитлер, Сталин, Муссолини) өмірлік жолдары жайлы əртүрлі зерттеулер
жазып қоймай, сонымен қатар бір концепцияны ұстанушылар да сəйкес емес нəтижелер беруі мүмкін.
Герменевтикалық білімде зерттеушінің нақты өмірлік тəжірибесі ғылыми сенімділік талаптарымен үйлесімділік
мəселесі герменевтика аумағында əлі өз шешімін тапқан жоқ.
Герменевтикалық əдіс өзінің пайда болуынан бастап жеке психологиялық əдіс болып табылады. Оның негізгі
ерекшелігі - басқаның психикалық шындығын тікелей тану.
Герменевтикалық əдістің қолдану аймағы - уникалды, тұтас, «ақыл-ойы» бар обьектілер.
Психологиялық герменевтикалық əдістің əртүрлі модификациялары бар, оларға: биографиялық əдіс, іс-əрекет
нəтижелерін анализдеу, психоаналитикалық əдіс жатады.
Герменевтикалық əдіс зерттеушілік іс-əрекет субьектісіне қатысты білімдердің инварианттылық талаптарын
қанағаттандырмайды.
3. Бастапқы модель ретінде R ( SuB, J, Ob ) қатынастары бар 3 элементтен тұратын жүйнеі қарастырамыз,
онда Sub – зерттеу субьекті, J –құрал- жабдық ( тест, эксперимент тапсырмасы, т.б.), Ob- зерттеу обьекті, ол да
субьект ( Sub2) болып табылады.
Соған сəйкес 3 бинарлы қатынас болады:
1)
R1 (Sub Ob) қатынасы, тікелей өзара əсер ( қарым- қатынас) ретінде интерпретациялануы мүмкін,
2)
R2 ( Sub J ) – зерттеуші мен құрал- жабдықтың өзара əсері, экспериментатор тапсырмасы
3)
R3 (Ob J) қатынасы – зерттелуші мен құрал- жабдықтың өзара əсері, зерттелуші тапсырмасы.
3.Психологиялық эмперикалық зерттеу əдістерін активті жəне пассивті деп бөлуге болады. Активті əдіске
лабороториялық эксперимент, пассивті əдіске- өзін бақылау жатады.
Сонымен бірге бұл əдістерді инструменталды жəне субьективті деп бөлуге болады, субьективті əдісте түсіну
процестері, талқылау, интерпретациялар көп орын алады. Инструменталдыға тестілеу, инструменталды бақылау
(техникалық құралдар, видеокамера, магнитафон арқылы бақылау) жатады. Субьективті əдіске
психоаналетикалық əдіс, контент- анализ, ашық əңгіме жəне т.б. жатқызуға болады.
Зерттеушінің белсенділігі (зерттеушімен өзара əсері) мен субьективті құраушы (түсіну) үлкен мəнге ие, бірақ
құрал- жабдықтарды қолдану бəсеңдетілген əдістенді коммуникативті əдістер деп атауға болады.
Зерттеуші мен зерттелушінің өзар əсерімен қатар зерттелушілік құрал- жабдықтарды қолдану басты рөлге ие
əдістерді іс- əрекеттік əдістер деп атаймыз. Шынымен де лабороториялық экспеоиментте де, тестілеуде де
зерттелушімен экспериментатордың өзара пəндік іс- əрекетін ұйымдастыру шешуші мəнге ие.Қарым- қатынас
бұл жерде қосымша рөл атқарады.
Басқа əдістер класында құрал- жабдық үлкен мəнге ие, ал зерттелуші мен зерттеуші ара қатынасы минимумға
жақын, бұларды обсервациялық əдістер деп атаймыз.
Түсіну əдісі – кейбір шартты тұтастықты тікелей ойлау. В.Дильтей оны түсіндіру əдісіне қарма- қарсы қойды. В.
Дильтей бойынша, өзінің ішкі тəжірибесін түсінуді адам интроспекция көмегімен жүзеге асырады.
Табиғи экспериментте зерттелушімен экспериментатор тікелей қарым- қатынас жағдайында болады, ал жасанды
құралдардың ( құрал- жабдықтар, тапсырмалар, т.б.) рөлі кең емес. Лабороториялық эксперимент эксперименттің
жасанды құралдарын максималды қолданумен ерекшеленеді. Инстументалды бақылауды обсервациялық
əдістерге жатқызады. Бір жағынан, мұнда техникалық құрал- жабдықтар максималды түрде қолданылады. Келесі
жағынан, зерттеушінің белсенділігі таы да көбірек азаяды.
«Герменевтикалық» əдістерге түсіну мен интроспекцияны жатқызамыз. Герменевтикалық əдістерде басқа
субъектпен сырттай өзара əсер нөлге теңелген.Бұл əдісте басты рөлді рефлексия,басқа адамның орнына өзін қоя
білу,барлық болуы мүмкін мінез-қылық дағдыларын қарастыру алады.
Коммуникативті əдістер класына көшсек,оның екі плюсін еркін (ашық)жəне мақсатқа бағытталған
сауалнама(интервью)құрайды.Олардың айырмашылықтарыөте үлкен .
Еркін əңгіме герменевтикалық əдістерге ұқсастығы мынада,оны жүргізгенде зерттелуші паритетті бастамаларда
көрінеді.Зерттеушінің əсері тек зерттелуші күйін ескеруімен жəне əңгіме барысына тəуелді жүзеге асады.Бұндай
жұмысқа мысал зерттеушінің өз өмірі жайында еркін əңгімелеуі.Коммуникация құралдары бұл əдісте
минималды,басты рөлді өзара түсінушілік пен эмпатия құрайды.
Мақсатқа бағытталған сауалнама немесе стандартталған интервью алдын-ала зерттеуші анықтаған мақсаттармен
жүргізіледі.Əрине,бұл интервью барысы зерттелушінің мінез-құлқы мен оның зерттеушімен қарым-қатынасқа
түсу тілегі болған жағдайда жүреді.Сонымен қатар мақсатқа бағытталған сауалнамада зерттеушінің белсендігі
максималды,жəне оның техникалық қаруланғаны да (мыс,диктафон)өте маңызды.
Өзінің ерекшелітеріне қарай аралық болып табылатын,өзіне инструменталды бақылау мен лабортиялық
эксперименттің кейбір элементтерін енгізетін əдісті психологиялық өлшем деп атайды. Психологиялық өлшем
мінез-құлықтың объективті қалыптасуына көмектесетін құралдарды максималды қолдану арқылы
жүргізеді.Өлшем процедурасы максималды түрде стандартталған.Тесттерді ғылыми-психологиялық өлшем
əдістерінің жеңілдетіген категориясына жатқызады.Біріншіден,өлшемді өткізген кезде
инструкцияның,материалдың,уақыттың,зерттеушімен қатынасқа түсу тəсілдерінің өзгеруі
мүмкін.Екіншіден,барлық зерттеушілерге бірдей талаптар қою керек.
Табиғи эксперимент пен мақсатқа бағытталған сауалнаманың синтезі «клиникалық əдіс» болып табылады. Оған
осындай мəн берген Ж. Пиаже. «Клиникалық əдіс» түсінігінің кем дегенде үш мағынасын айтуға болады.
Біріншіден, бұл терминмен патопсихологиялық мəселелерге бағытталған əдістер жүйесі түсіндіріледі. Екіншіден,
қазіргі психологиялық əдебиеттерде «клиникалық» деп бөлек жеке тұлғалықты интенсивті, сапалы жəне тұтас
зерттеуді атаған. Үшіншіден, клиникалық əдіс Ж.Пиаже түсінігі бойынша табиғи өмірлік жағдайларда баламен
үлкеннің тікелей өзара əсер ету контексті кірістірілген ғылыми эксперимент. Оны өткізуде басты рөлге зерттеуші
мен зерттелуші арасындағы диалог ие.
Проективті əдіс кейбір сыртқы құралдардың (сурет, сұрақнама, материалдар жəне т.б.) зерттелушінің
зерттеушімен қарым-қатынасын жəне минималды стандартталған оның жауаптарын интерпретациялаудың
болуын көрсетеді. Бұл əдіс өзіне герменевтикалық, іс-əрекеттік жəне коммуникативті, дəлірек айтқанда –
психодиагностика мен кеңес беру кезіндегі таным түсінуін кірістіреді.
Бұндай классификацияға байланысты психологиялық зерттеу артефакттарын бөлуге болады:
Бірінші топ: өзара əсер жəне изоляция артефакттары.
Екінші топ: инструменталды жəне интерпретация артефакттары.
Үшінші топ: қабылдау – қабылдамау жəне зерттеуші тапсырмасын трансформациялау артефакттары.
Жалпы барлық əдістер: іс-əрекеттік, коммуникативті, обсервациялық, герменевтикалық болып бөлінеді. Сегіз
«таза» зерттеу əдістері бөлінген: табиғи эксперимент, лабораториялық эксперимент, инструменталды бақылау,
интроспекция, түсіну, еркін əңгіме, мақсатқа бағытталған интервью. Кейбір əдістер қатары «синтетикалық»
болып табылады. «Синтетикалық» əдістер өзіне «таза» əдістердің кейбір сипаттарын енгізеді, бірақ оларға
теңелмейді.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.Каузальды бағыт дегеніміз не?
2. Психологиядағы герментивтік əдіс қалай жүзеге асады?
3.Психологиядағы эмпирикалық əдістердің үштік класификациясы.
№23 Дəріс
Таным процестерін анықтау əдістері жəне оларды өңдеу.
Дəрістің мазмұны
1. Түйсіну
2.Қабылдау
3.Елестету жəне қиял
4.Ес
Мақсаты: Таным процестерін анықтау əдістері жəне оларды өңдеу жөнінде білімдерді беру.
1. Əдістеме.
Тақырыбы: Кеңістіктік көру табалдырығын айыруды анықтау
(көз өлшемінің нақтылығы)
Кіріспе ескертулер. Кеңістіктің үлкендігін бағалау көру анолизаторының функцияларын құраушыларының
бірі. Бұған сəйкес берілген объектінің абсолюттік метрлік үлкендігін көрсету талап етілмейді, бірақ 2
стимулдың ( эталонды жəне ауыспалы) теңдік жəне əртүрлілігін бағалау керек.
Адамның көзі объектінің өлшемін жеткілікті түрде нақты бағалауға қабілетті келеді, бұл қабілеттілікті
көздік өлшем деп атайды.
Тапсырмадан эксперименталды мəлімет алу үшін орташа қателік əдісі қолданылады. Сондықтан
экспериментатор берген эталонды стимулды ( тəжірибеде - сызғыштың кез-келген бөлігі) зерттелуші
ауыспалы стимулмен салыстыру керек. Ауыспалы стимул эталонды стимулға қарағанда ұзынырақ немесе
қысқарақ болады. Зерттелушінің міндеті ауыспалы стимулдың ұзындығын эталонның ұзындығымен
мүмкіндігінше нақты теңестіру.
Құрал – жабдықтары: Эксперименталды психологияда көздің нақтылығын бағалап үйрену жəне көру
өлшемінің əртүрлі табалдырығын өлшеу үшін Лемонның сызғышын қолданады. Ол горизонтальды бағанға
бекітілген болады. Сызғыш нақты белгіленген əртүрлі 2 бөлікке бөлінген, зерттелушіге де,
экспериментаторға да көрінуі керек. Оның екі жағында жеңіл жылжитын қозғағыш орналасқан.
Экспериментатор жағында зерттелушіге көрінбейтін см. Шкаласы сызылған. Тəжірибе алдында студенттер
протокол дайындайды.
Жүру барысы: Экспериментті өткізу үшін бір студент экспериментатор қызметін, ал екіншісі зерттелуші
рөлін алады. Зеріттелуші сызғыштан созылған қол қашықтығында отырады. Бұл жағдайда басы бекітілген
болғаны жөн. Содан соң зерттелушіге инструкция беріледі.
Инструкциясы: « Сіздің көз алдыңызда көздік өлшеу сызғышы орналасқан. Онда орталық белгі оң жəне
сол жақ қозғағыш көмегімен сізге белгісіз ұзындықта үзік көрсетіледі. Оң қолыңыз арқылы орталық
белгінің келесі жағынан дəл осындай үзік жасаңыз. Тəжерибе барысында ара қашықтығыңызды
өзгертпеуге тырысыңыз.»
Табалдырықтарды өлшеу процедурасын мыналар құрайды. Экспериментатор көп рет сол немесе оң
жақтан үзіктер көрсетеді. Зеріттелуші мүмкіндігінше нақты осы үзіктерді белгілейді. Оған 4 эталонды үзік
көрсетіледі, олардың ұзындықтары: 8,5; 12,5; 15,0 ; 19,5 см. 10 рет сол жақтан, 10 рет оң жақтан
көрсетіледі. Сонымен қатар əрбір жағынан берілген үзік эталондарға қарағанда 5 рет үлкен немесе кіші
болуы керек.
Эксперименттің өңделуі: Ең алдымен қателіктерді санайды. Əрі қарай өңдеу бірнеше эталон бойынша
жүргізіледі:
1 . Абсолютті қайталаудың орташа арифметикалық үлкендігі мен қате қайталауды санау,
2 . Болуы мүмкін қателіктерді мына формула бойынша есептеу:
ВО= 0, 6745 о
3 . Үнемі қайталанатын белгілер мен өлшемдерді анықтау, субъектілерді теңестіру əртүрлі жəне берілген
эталон ұзындығын есептеу.
Сараптау кезінде қорытынды Вебер заңына бағына ма соны тексеру керек.
2.Əдістеме.
Тақырыбы: Геометриялық иллюзияны көз арқылы қабылдау.
( Мюллер – Лайер иллюзиясы)
Кіріспе ескертулер. Геометриялық иллюзия - көз арқылы қабылдау иллюзиясын зерттеуде жиі қолданылады.
Оны көбіне қабылдау үлкендігімен ( ұзындығы мен өлшемі) немесе сызықтық бағытталуын қабылдаумен
қарастыруға болады. Ұзындық үзігінің иллюзиясына жақсы мысал болып Мюллер – Лайер иллюзиясы
табылады, 2 бір-біріне тең сызық, олардың біреуі төмен , біреуі жоғары қарай бағытталған, сондықтан
адамдарға тең емес сияқты көрінеді.Адам тіпті оның қалай қабылданып тұрғанын білсе де иллюзияның
эффектісі сол күйінде көрінеді, ол өте тұрақты.
Құрал - жабдықтары. Вертикальды түссіз экранда ақ қағаз қартон бекітіледі. (297 + 210 мм.) Онда 3 мм
жəне 230 мм ұзындық шамасында тегіс горизонталды сызық тушпен берілген. Сол жақ сызық (соңы садақ
тəрізді) жиылған сына, ал оң жақ сызық тарқаған сына түрінде болады. Экранның жоғарғы жағына
қозғалмалы планка ілінеді, онда горизантальды сызық бойымен оңға қарай өткір бұрышпен бекітілген
сына сызылған. Зерттелушіге көрінбейтін жағында мм. Сызғыш бекітілген, нөлдік нүкте 2 əртүрлі үзік
сызығының ұзындық нүктесіне сəйкес келеді.
Жүру барысы: Тəжірибеде орташа қателік əдісі қолданылады. Ол еркін бақылау жағдайында өткізіледі.
Инструкциясы: Қозғалтпаны оңға немесе солға жылжытып, үзікті 2 əртүрлі бөлікке бөлесіз. Тапсырманы
мүмкіндігінше дəл орындауға тырысыңыз. Экспериментатор қозғалманы тең емес түрде орналастырады.
Содан соң зерттелуші қозғалманы тең еткенше жылжытады.
Қортындының өңделуі:
1. Орташа қателікті «+» жəне «-» таңбасымен санау;
2. Орташа квадратты ауытқуды санау;
3. Орташа қателік жəне орташа квадратты ауытқуды алмай, тек жалпы мəнін санау.
3.Əдістеме.
Тақырыбы: Елестетудің анықтық жəне нақтылығын бағалау.
Кіріспе ескертулер:Екіншілік бейнені зерттеуде өзін-өзі бақылау принципі негізгі əдіс болып қолданылады.
Бұны объективті əдіспен бірге қолдану нақты əрі толық мəлімет береді. Бұл жағдайларда зерттелетін сапа
полярлы бағамен мінезделеді, олардың арасында үзілмейтін бірізділік болады. Процедура шкалаға салу
арқылы бағаланады. Анықтық- нақтылық елестетуді бағалауда көбіне Д.Маркс сауалнамасы қолданылады.
Сауалнамада 5 баллды бағалау шкаласы бар.
Экспериментті жабдықтандыру: Əрбір студентке сауалнама парағы берілуі керек.
Д.Маркс сауалнамасы.
Шкала
5.абсолютті анық, таза, нақты, қабылдау бейнесі сияқты елестету;
4.анық, нақты, таза елестету;
3.орташа анық, нақты елестету;
2.бұлдыр, анық емес, түсініксіз елестету;
1.елестету мүлдем жоқ, сіз тек зат туралы ойлауды білесіз.
Тапсырма.
Өзіңіз жиі көретін достарыңыз немесе жақындарыңыздың біреуін ойлаңыз. Өз ойыңызды бейнемен
байланыстырыңыз. Қойылған сұрақтар арқылы елестету шкаласын бағалаңыз.
1.Ол адамның нақты басының, бетінің, иығының, денесінің контурын елестетіңіз.
2. Басының орналасуы мен денесінің тұрқын елестетіңіз.
3. Оның жүрісін, адым ұзындығын, өзін ұстауын барлығын бір бейнеде елестетіңіз.
4. Оның өзіңізге жақсы таныс киімінің түсін елестетіңіз.
Күннің атуын өзіңізге елестетіңіз жəне шкалада бағалаңыз.
1.Күн бұлтты аспанда көрінді.
2.Көк аспанда күн шықты.
3.Таң атқанымен аспанда бұлт, күн күркіреп , найзағай жарқылы көрінді.
4.Күн шықты, кемпірқосақ көрінді
Өзіңнің жиі баратын дүкенмен байланысты келесі көріністерді шкалада бағалаңыз.
1.
Көшенің қарсы бетінен дүкеннің толық бейнесін елестетіңіз
2.
Бұл дүкеннің заттарын елестетіңіз
3.
Сіз есікке жақындадыңыз, есіктің түсін, өлшемін, детальін елестетіңіз
4.
Сіз дүкенге кірдіңіз, дүкеншінің қолын, зат жəне артық ақша қайтарғанын елестетіңіз
5.
Берілген ландшафтты бұтіндей елестетіңіз
6.
Ағаштарды, олардың түстері мен өлшемдерін елестетіңіз
7.
Өзеннің түсі мен өлшемін елестетіңіз
8.
Жел тұрып, ағаштар шулады, өзен тасыды , осы кездерді елестетіңіз
Əрбір қатысушы бланка толтырады.
Жүру барысы: Тəжерибеден бұрын экспериментатор зерттелушілерге инструкциясын хабарлайды.
Инструкциясы. « Сіздің мақсатыңыз елестетудің анықтық-нақтылығын анықтау. Сауалнама тапсырмалары
сізде анық бейнелер тудырады. Сіз оларды бағалау шкаласына салуларыңыз керек.»
Елес бейнесін нақты белгілермен шатастыруға болмайды. Қортынды ұпай неғұрлым көп болса, соған сай
елестету анық.
Елестетудің анықтық-нақтылығын ес, зейін, сөзбен қалай байланысты екендігін талдаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |