Педагогика факультеті


Өзін-өзі тексеру сұрақтары



Pdf көрінісі
бет15/19
Дата15.02.2017
өлшемі1,27 Mb.
#4143
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 
1.Үрейлену деңгейін анықтау қалай жүзеге асады?  
2. Эмпатияны диогностикалау қалай жүреді?  
3. Тартылу деңгейі дегеніміз не?  
4. «Монада» психодиогностикалық жүйесі бойынша комьютер  арқылы психологиялық мінездеме 
құрастыру қалай жүзеге асады?  
 
№26 Дəріс. 
Тақырып:Интелектуальды  қызметінің дамуын анықтау диогностикасы. 
        Дəрістің мазмұны 
1. Оқу дағдысын анықтау. 
2.Орта жəне жоғары класс оқушыларының жазу дағдысын анықтау. 
3. Тұлғаның кəсіби бағытын анықтау. 

1.Іштей» оқу білігін өзіндік бағалау. 
Мақсаты: Оқу дағдысын анықтау, орта жəне жоғары класс оқушыларының жазу дағдысын анықтау, 
тұлғаның кəсіби бағытын анықтау, « іштей» оқу білігін өзіндік бағалау. 
 
Кірістірілген ескертпелер. «Іштей» оқу немесе үнсіз (жəй оқу),-мəтіннің қабылдануы жəне оның түсінігі болып 
табылатын жеке жақтары бар оқу процесінде үздіксіз бір тұтас байласқан тілдік əрекеттің күрделі түрі. «Іштей» 
оқудың маңызды сипаттамасы бұл оқудың ерекшелігі болып табылады. Негізінен ол қатты дауыстап оқу 
жылдамдығынан екі, үш есе жоғары болады. «Іштей» оқу мəтінмен өзіндік жұмыстың негізін құрайды, сондықтан 
да оқу біліктілігінің өзіндік диагностикасы əрі қарай оқу  дағдысын жетілдіру үшін маңызды. 
Сабақтың мақсаты. Оқу жылдамдығын өзіндік тестілеу арқылы анықтау. 
Жабдықталуы. оқу жылдамдығын есептеу  кезінде кез-келген ғылыми-дəрежелі немесе қоғамдық-саяси 
мазмұндағы мəтіндерді қолдануға болады. Бұрында оқылған (немесе тыңдалған) мəтіндерді алудың қажеті жоқ. 
Бұндай жұмыс үшін секундомер жəне жазу үшін қағаз қажет.
 
Жұмыстың тəртібі. Сабақ қарапайым оқу ғимаратында немесе үйде өткізілуіне болады. Экспериментті өткізу 
үшін ыңғайлы отыру керек. Ойша оқуға дайындалып, оқудың басынан секундоиерді қосу керек. 2 минуттай 
мəтінді түсінуге толық бағытталып, ешнəрсеге алаңдамай оқу керек. Содан кейін секундомерді тоқтатып дəл 
уақытты жазып алу керек. Əр кезде  жаңа мəтіндерді пайдаланып,осындай 2-3 тəсілді орындау қажет. 
Нəтижелерді өңдеу.  
1. 
Əр тəсіл бойынша оқылған жолдың санын санап шығу жəне бір минут ішінде оқылған жолдардың санын 
есептеу (соңғы əрекет жеңілденеді, 

егерде минуттік интервалдың басы жəне соңы қандай да бір тəсілмен 
оқушы адамға белгіленілсе). Есептеу кезінде толық емес жолдар толық  жолдарға айналады-жарты жолдар толық 
жолға қосылады. 
2. 
Үш тəсілде оқылған жолдар суммасынан шыға келіп, 1 минут ішінде оқылған жолдардың орташа санын 
есептеу. 
3. 
Оқылған мəтіннің  бір жолындағы əріптердің орташа санын есептеу (алдымен беттің ортасынан толық 
жолды алған жөн). 
4. 
Əріптің 6,4-ке тең болатын орыс тіліндегі сөздің ұзындығының орташа статистикалық мағынасынан шыға 
келіп, жолдың коэффициенті мына формула бойынша есептеу: 
                             К=
64
В

мұнда, В-жолдағы əріптер саны. 
5. 
Оқудың орташа жылдамдығын 1 минут ішінде оқылған немесе сөздердің санын есептеу.
 
                                  V=k
×

мұнда, n-1 минут ішінде оқылған жолдың орташа саны.
 
         «Іштей» оқу біліктігін өзіндік бағалау нəтижесін протоколда көрсету (47 форма). Нəтижелердің анализі 
кезіндегі  «Іштей» оқудың жылдамдығы бойынша (сөздер\минут )келесі бағытталған белгілерді қолдануға 
болады: 
Кіші сынып оқушылары.......................................................................30-75 
» орта   ».................................................................................................76-140 
» жоғары  ».............................................................................................141-180 
Студенттер.............................................................................................181-250 
Интеллектуалды профильдің мамандары...........................................350-ге дейін. 
 
                                 Форма 47  
 
Сабақтың протоколы
×
 
Тегі, аты-жөні............................................................................................. 
Уақыты........................................Əрекет түрі............................Жасы. 
 
«Іштей» оқи білігінің өзіндік бағалауы 
1. Мəттіннің сипаттамасы(автор, атауы,шыққан жылы)................................ 
2. 1 минутта оқылған жолдардың орташа саны............................................... 
3. Жолды  коэффициент (К)............................................................................... 
4. Оқудың орташа жылдамдығы (V)................................................................. 
Қорытынды жəне ұсыныстар............................................................................. 
 
Оқу жылдамдығы төмен болған жағдайда оқу кезінде психологтармен бірге қиындықтардың болуының себебін 
анықтау жəне  дайындық  жаттығулары жүйесін мақсатқа сəйкесті ойластыру. 
2.Орта жəне жоғары сынып оқушыларының жазу бағытын анықтау 

Кірістірілген ескертпелер. Сөздің жазу формасын меңгеру əріптік белгілердің графикалық жүйесіне жəне 
орфография ережелеріне сүйенеді. Жазу ерекшелігі адамның  жазуының түсінікті жəне мəтіндік информацияның 
дəл, нақты берілуі тілдің бірліктері немесе сөйлеуі болып табылады. Жазу біліктілігінде оқушылардың ақыл-ой 
жəне психикалық дамуы ерекшеліктері көрінеді. Жазу дағдысының психолого-педагогикалық бағалауының пəні 
бұл оқушыға сөйлеу əрекетінің берілген формасын меңгеру деңгейі болып табылады. 
Сабақтың мақсаты. Жазба тілін бағалау əдісін меңгеру. Ұсынылатын əдіс жылдамдықтың өлшенуімен жəне 
жазудың сапасы  мен  мəтіннің көшірілуі тиімділігінің коплексті критерийіне сүйенеді. 
Жабдықталуы. «Адам еркі» деген шартты атаумен көшіруге арналған мəтін, 87 сөзден жəне бақылау парағынан 
тұрады, секундомер, қалам. 
        Стимулды материал ретінде берілетін мəтін тақырыпшасы жəне көлемі бойынша зерттелушілердің 
контингентке тəуелді түрлендіруге болады. Бірақ ол 2 минуттан  7 минутқа дейін тапсырманы орындауды қажет 
ететін 50 сөзден кем болмауы керек. Мəтін фрагменттерден құралуы мүмкін. Онда таныс сөздерден де жəне жиі 
кездесетін сөздерден де құрылуы тиіс, мысалы, жеке атаулар, терминдер. Мəтін машинаға басылған жəне 
кодоскоп, графопроектор түрінде ұсынылуы мүмкін. Соңғы нұсқада, топтық зерттеуде өте тиімді, алдын ала 
кадограмма немесе слайд дайындалады. 
Жұмыстың тəртібі. Оқушылар тобында мақсатқа сəйкес нəтижелердің жекелей тіркелу шарттары кезінде 
зерттеу өткізіледі. Бөлменің іші қабылданған  нормаларға сəйкес жарық болуы керек. Зерттелушілер жазу 
жұмысына ыңғайланып партаға отырады.  
 
 
Сабақтың протоколы 
Жазба тілінің бағасы 
Нөмірі 
Тегі, 
аты-жөні 
Жасы 
Уақыты мин 
Сөздің 
жылдамдығы
V, мин 
Сапаның 
коэфициенті 
К 
Тиімділігі 
Т 

 
... 

 
 
 
 
 
 
 
 
Зерттеу екі кезеңнен  өтеді. Біріншісінде, дайындық кезеңінде экспериментатор жазу біліктігі туралы жазба 
тілінің дағдарыстары жəне жазу мəдениеті туралы қысқаша əңгіме өткізеді. Еркін талқылау кезінде, жазудың 
темптік сипаты зерттелушілерге мəлім бе ?, түсінікті жазулармен иемдену əдістері, жазулардың кейбір 
индивидуалды ерекшеліктері жəне т.б. Дайындық кезеңнің мақсаты болып əдеттің анализіне, байқауға, жазбаша 
тілдік мазмұндама ерекшелегіне қызығушылықтың қалыптасуы болып табылады. Тəжірибеге дайындықтың 
тиімді əдісі «Мен қалай жазам» деген тақырыпқа шығарма жазу керек. Оған екі минут уақыт беріледі. 
Шығарманың материалы жазудың сапасы мен жылдамдығының объективті өлшеулері мен салыстыру үшін 
қолданылады. Екінші деңгейде экспериментатор жазушы адамның тиімділігін жəне көшіру кезіндегі нақтылығы 
анықталатын жазудың уақытылық көрсетіліінің маңыздылығын түсіндіреді. Содан соң тапсырманы орындауға 
келесі нұсқау беріледі: «Сізге шағын мəтін беріледі, оны таза бетке көшіру қажет. Қате жібермеуге тырысып, 
өзіңізге үйреншікті темппен жазыңыз.Тапсырманы команда беру арқылы орындайсыз.  
       Тапсырманы аяқтаған соң бірден бақылау бетіне минуттың жəне секундттың көрсеткен уақытын белгілеп 
алыңыз. Жұмыстың қортындысы көшірудің жылдамдық жəне нақтылығымен көрінеді. Жазғанды үйде тексеруге 
жəне жіберілген қателер болса түзеуге болмайды.» 
      Жұмыстың басталуына экспериментатор команда береді жəне секундомерді қосады. Əрі қарай зерттелушінің 
тапсырманы өз бетімен орындауын қамтамасыз ету керек. Сонымен қатар зерттелуші туралы мəліметтер жəне 
оның жұмысты орындау уақытының бақылау парағында жазылуын қамтамасыз ету керек. Сын 
экспериментатормен нəтижелерді өңдеу кезінде ең алдымен көшіру кезінде жіберілген қателердің түрлерін 
анықтау үшін бақылау беттері тексеріледі. Жіберілген қателер түрін жəне нақты еместерді шығару үшін 
жазылған мəтінді мұқият тексеру керек. Мəтінде табылған қателердің асты сызылып, жиектерге арнайы 
белгілермен белгіленеді: 
 
11.6.1.таблица   
Жазу сапасының бағасы 
Қателер түрі 
Белгіленуі 
Қатенің мөлшерлік көрсеткіші 


 

 

 

 


 

 

 

 

0,05 
 
0,10 
 
0,15 
 
0,20 
 
0,50 
 
1. 
Ұсақ қателер (жаңылыс): орын ауыстыру, ауысым, жеке əріптердің қойылуы жəне жіберілуі-сирек 
сызықпен. - -. 
2. 
Пунктуациялы қателер-сұрақ белгісі. ? 
3. 
Орфографиялық қателер-галочка. v 
4. 
Дөрекі қателіктер: фразалардың  сөздердің  жəне сөздің бөлшектерін жіберілуі, сөздерді қою-екі 
сызықпен.  =  
5. 
Байланысқан мəтіннің ойын бұрмалайтын қателер,-крестик х. 
           Тексеру қателердің суммасын шығару: бақылау парағында қатенің əр түрінің санын көрсету. Қатенің нақты 
түрінің жоқ болуы сызықпен белгіленеді. Тексерудің қорытындыларын сабақтың протоколына енгізеді. (форма 
48). 
      Қорытындылардың əрі қарай өңделуі есептеуді қосады:  
1  жазудың жылдамдығы формула бойынша v=o\t, мұнда о-сөздердегі тесттік мəтіннің көлемі, t-минутта көшіру 
уақыты; 
2  жазудың сапасының коэффициенті мынадай арнайы таблица (табл. 11.6.1.) негізінде анықталатын: еш бір 
қатесіз дəл көшіру немесе жаңылысты мөлшерлеу мағынасына теңеседі 1,0; қате болған жағдайда нақтылық 
коэффициенті (К) салмағының мəні  анықталған үлесіне төмендейді. 
3  жазудың тиімділігі (Т) көбейту жолы арқылы сапаның коэффициентінің жылдамдығын көрсетеді.  
Топтағы зерттеулер қорытындылары орташа түрде көрсетіледі-жазудың жылдамдығы, сапаның коэффициенті 
жəне тиімділігі. 
    Қорытындыларды талдай отырып, жазу біліктілігі бойынша нормативті мəліметтер жоқ екенін естен шығармау 
қажет. Сондықтанда əрбір жеке қорытындыны басқалармен салыстыра отырып қорытындылауға болады: 
мысалы, бір оқушының қортындысын барлық топтың немесе кластың қорытындыларымен салыстыру жолымен, 
əр түрлі кластардың орташа қорытындыларын. 
       Зерттеу қорытындыларын талқылау кезінде оқушы үшін жоғары тəрбиелік эффект олардың көрсеткіштерінің 
бағалануы болып табылады. Осы мақсатпен жазудың тиімділігін бағалайтын шкалалар өңделді. 
         Тапсырманы орындау қорытындысы бойынша жазбаша қорытынды ұсынылуы керек, онда жылдамдықтың, 
тиімдліктің жəне жазу сапасының көрсеткіштері көрсетілуі тиіс жəне жазудың білік-дағдыларын жетілдіру 
бойынша ұсыныстар беріледі. 
Көшіруге арналған мəтін 
«Біздің жеке тұлғамыз-бұл бақша, біздің еркіміз оның бағбаны»(В.Шекспир). 
«Бəрінен күштісі-өзін-өзі билей алатын адам»(Сенека). 
«Ұлы жеңіс бұл өзіңді өзің жеңе білу»(П.Каолдерон). 
«Біздің бұлшықеттеріміз сияқты күшейтпелі іс-əрекеттерден əр дайым қатаяды; оларға жаттығу бермей, сіз 
міндетті түрде əлсіз бұлшықеттерді иемденесіз,жəне əлсіз ерікті де»(К.Д.Ушинский). 
«Өз денесін жаттықтырып, адам дені сау, шыдамды,енті бола бастайды; сонымен қатар өзіңнің ақылыңды жəне 
еркіңді жаттықтыру керек»(М.Горький). 
 
Қосымша 11.6.2. 
Бақылау парағы 
Мəтінді көшіру қорытындысы 
Тегі, аты-жөні.......................................................................................................... 
Уақыты.......................................................................Жасы.................................... 
Тапсырманы орындау уақыты.................................Минут...................................с 
Мəтін 
Экспенриментардың нұсқауы 

 
 
 
 
Қателер 
1............... 
2................ 
3................ 
4................ 
5................ 
К=.............. 
 
3.Тұлғаның кəсіби бағыттылығын анықтау 
Кірістірілген ескертпелер. Бағыттылық психологиялық ыңғайды анықтайтын, тұлғаның сапасын құрайтын 
жүйесі ретінде қалыптасады. Осы бағыттылықта тұлға əрекет ететін оның мотивтері жəне шынайылылықтың əр 
жақтарына субъективті қатынасы мақсаты білдіреді. 
       Осыған байланысты С.Л.Рубенштейн жазды: «Бағыттылық мəселесі-бұл ең алдымен динамикалық тендеция 
туралы сұрақ болып табылады. Олар мотивтер сапасында қызыметті анықтайды, өздері өз кезегінде, олардың 
мақсаттарымен, тапсырмаларымен анықталады.». Мотивтің дамуымен жəне қызметті меңгеру арасында күрделі 
өзара қатынас бар. Мотивтің қалыптасуы əрекеттің қалыптасуының алдына шығады, ал кейде керісінше, қалып 
қояды, онда ол əрекетті меңгеруге əсер етеді. Адамның өмірінің əрбір кезеңі мотивациялық сфераның өзгеруіне 
əкеледі.  
        Кəсіби əрекеттің таңдалуының адекватты  жəне қалыптасқан мотивациясы кəсіби оқудың сəттілігіне жəне 
əрекеттің тиімділігіне барынша əсер етеді. Оқушылармен кəсіпті таңдаудағы мотивтерді зерттеуде оларға 
қоршаған ортаның пікірлері, кеңестері маңызды роль атқаратындығы көрсетеді:балалардың 25%  досының əсер 
етуі бойынша мамандық таңдайды, 17% -ата-ананың кеңесі бойынша, 9% -бұқаралық ақпарат құралдары арқылы 
жəне 9% -маңыздылығы төмен факторлармен таңдайды (мысалы, үйіне жақын болуы бойынша т.б.) 
Тек қана жасөспірімдердің 40% қызметтің мазмұнына бағытталып мамандық таңдайды. Тұлғаның мамандық 
таңдауда жəне кəсіби бағыттылықтың мотивтері кəсіптік жоспардың қалыптасуының көрінуі  үшін 
профконсультацияда қолданылады: оптанта анкета, мектеп жəне мектептен тыс əрекеттің анализі; Е.А.Климов 
(ДДС) дифференциальды-диагностикалық сауалнамасы. 
Сабақтың мақсаты. Кəсіби жоспардың қалыптасуын, кəсіп таңдаудың жəне кəсіби бағыттылықтың мотивтерін 
анықтау. 
 Тəжірибе 1 
Тəжірибенің жабдықталуы. Оптант анкетасы. 
Жұмыстың тəртібі. Зерттелушіге анкетаны толтыру ұсынылады жəне нұсқау беріледі: « Мамандық таңдауда 
мүмкін болатын варианттарды сізбен талқылау үшін, сізді мына сұрақтар қатарына жауап беруіңізді өтінемін» 
      Анкетаның қорытындысын анализдеуде профконсультанат келесі қорытындыларды шығарады: 
-кəсіби жоспармен оның қалыптасу деңгейінің болуы туралы оған кəсіби жоспарды қалыптасқан деуге болады, 
егерде мамандық таңдалса, оны игеру жолдары қарастырылса жəне таңдаудың дұрыстылығына сенімді болса 
ғана қалыптасқан кəсіби жоспар деп атауға болады. 
-кəсіби таңдаудағы саналылық болғанда қызығушылықтар мен тұлғаның бұрынғы тəжірибесін ескеріп жасалса 
кəсіп таңдау адекватты мотивтер көрсетіледі жəне ұғынатын болса, онда  саналы таңдау деп атауға болады. 
Тəжірибе 2 
Тəжірибенің жабдықталуы. Дифференциалды-диагностикалық сауалнама жəне жауап парағы  
       Адамның қалаған іс-əрекет түрінің сипаты бойынша талдау негізінде кəсіби бағдарлығын бағалау үшін ДДС 
қолданылады. Барлық мамандықтар еңбек пəні бойынша 5 топқа бөлінеді дегенмен сəйкес осы əдістеме негізінде 
кəсіптің классифмкациясының схемасы болуы керек: «адам-табиғат»,  «адам-техника», «адам-адам», «адам-белгі 
жүйесі», «адам-көркем бейне». Ұсынылатын əдістеме толтыру жəне өңдеу кезінде қарапайым жəне ыңғайлы. 
Зерттелушіге нұсқау: «Сəйкес келетін оқудан соң сіз кез-келген жұмысты орындай аласыз делік. Бірақ, сізге екі 
мүмкіндіктен біруін таңдау керек болды, сіз нені қалар едіңіз ? Жауап парағына сəйкес келетін клеткаға қосу 
белгісі арқылы жауап қоясыз».  
       Қорытындыларды өңдеу кезінде əрбір 5 тік бағандардан қосу суммасын санап шығу керек. Алынған 
мəліметтерді талдай келіп, сұрақтардың мынадай түрде топталып жиналғанын естен шығармау керек: бірінші 
бағанда олар «адам-табиғат» кəсібіне жатады (Т), екіншіде- «адам-техника» (Т), үшіншіде-«адам-адам»(Ч), 
төртіншіде-«адам-белгілер жүйесі» (Б), бесіншіде-«адам-көркем бейне» (К) 
       Бұл əріптерді жауап парағының жоғарғы жолына экспериментатор жазып қояды. Сол немесе басқа бағандағы 
қосулардың максимальды суммалары кəсіби əрекеттің сəйкес келетін аймағына бағытталуды көрсетеді. 
Тегі, аты-жөні..................................................................................................... 
Сынып................................................................................................................. 
Уақыт................................................................................................................... 
1.Өзіңіздің сүйікті пəндеріңізді атаңыз ? 

2. Өзіңіздің ұнатпайтын пəндеріңізді атаңыз ? 
3.Сізге ұнайтын мамандықтарды атаңыз ? 
4.Сізге ұнамайтын мамандықтарды атаңыз ? 
5.Бос уақытыңызда немен айналасқанды ұнатасыз ? 
6. Қандай үйірме,секция, факультативтерге қатысасыз немесе қатыстыңыз ? 
7. Қандай мектептік немесе сыныптық жұмыстарға қатысасыз № 
8. Сіздің сабақ дайындауға қанша уақытыңыз кетеді ? 
9. Төменде көрсетілген қызметтер аймағы немесе білімдердің қайсысы сізді көбірек қызықтырады: 
а) ғылыми-жаратылыс (химия, биология, медицина, геология, ауыл шаруашылығы); 
б) нақты ғылымдар (математика, физика); 
в) ғылыми-қоғамдық (тарих, философия, экономика, құқық); 
г) гуманитарлық (əдебиет, журналистика,лингвистика, педагогика,психология); 
д) өнер (музыкалық,театрлық, бейнелеу) немесе нақты қызығушылықтар жоқ? 
10. Сіз қандай мамандықты таңдауды ұйғардыңыз № 
11. Оны алудың жолын сіз көрдіңіз бе ? 
12. Сіздің таңдаған мамандығыңыз бойынша жұмыс істеп жүрген достарыңыз немесе туыстарыңыз бар ма № 
13.Таңдалған мамандықта сізді қызықтыратыны: 
а) еңбектің шарттары; 
б) еңбек əрекетінің процесі; 
в) жоғары матенриалдық қамтамасыздық; 
г) жұмыстың дамуы жəне жаңа əсерлер алу мүмкіндіктері; 
д) тыныш жұмыс; 
е) жауапкершіліктің жоғары деігейі; 
ж) шешімді өзіндік қабылдау; 
з) күрделі немесе қакуіпті жағдайлардың пайда болуы; 
и) адамдармен қарым-қатынас; 
к) шығармашылық əрекеттің мүмкіндігі; 
л) іс сапардың жиілілігі; 
м) өз қолыңмен бір нəрселерді жасау мүмкіндігі; 
н) таза ауада жұмыс; 
о) романтикалық; 
п) нəтижелердің пайдалылығы; 
р) тəуелсіздік; 
с) перспектива (кəсіби деңгей, қызметтік баспалдақ бойынша қозғалу) 
т) тұратын жерге жақын болуы 
 Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 
1. Оқу дағдысын анықтау қалай жүреді?  
2.Орта жəне жоғары класс оқушыларының жазу дағдысын анықтау қалай жүзеге асады?  
3. Тұлғаның кəсіби бағытын анықтау қалай жүзеге асады?  
1.Іштей» оқу білігін өзіндік бағалау қалай жүзеге асады?  
 
№27 Дəріс 
Тақырып:тұлғалық құрылым, сөйлеу əрекетінің қызметін, психикалық қызметтің ауытқуын анықтау. 
Дəрістің мазмұны; 
1.« Сөзді алып таста» əдістемесі арқылы ойлаудың бұзылуын анықтау. 
2. Көңіл күйдің түсіңкілігін, астеникалық, жүйкелік –психикалық жағдайды бағалау. 
3.Өзіне деген қатынасын анықтау. 
Мақсаты: « Сөзді алып таста» əдістемесі арқылы ойлаудың бұзылуын анықтау, көңіл күйдің түсіңкілігін, 
астеникалық, жүйкелік –психикалық жағдайды бағалау, өзіне деген қатынасын анықтау. 
 
 1.«Сөзді алып таста » əдістемесі арқылы ойлаудың бұзылуын диагностикалау. 
«Сөзді алып таста »əдістемесі ауруларды аналитик-синтетикалық іс-əрекетін зерттеуге бағытталған. 
   Патопсихологияда ойлау потологиясын үш түрге ажыратады : 
1.Ойлаудың операционды жағының бұзылуы 
2.Ойлау динамикасының бұзылуы 
3.Ойлаудың мотивация компонентінің бұзылуы 
 
Сабақ хаттамасы 
 
Аты-жөні………………………………………………………. 
Күні……………..  Жасы…………  Білімі…………………… 
 
«Сөзді алып таста » əдістемесі бойынша ойлауды зерттеу. 

                                                                       
Жол 
№ 
Өзге сөз 
Зерттелушінің түсіндіруі 
Экспериментатордың сұрақтары жəне ескертулері 

 
… 
 
15 
 
 
 
 
Мақсаты: «Сөзді алып таста» əдістемесі көмегімен ойлау бұзылуының диагностикасы. 
Жабдықтау:  Сөздер  сериялары  басылған  (5сөзден  15серия)  əдістеменің  стандартты  бланкілері,алдын  ала 
дайындалған хаттама жəне секундомер. 
Жұмыс  тəртібі:  Зерттеу  ереже  бойынша  психо-жүйкелік  клиникаларда  жүргізіледі,зерттелуші  реттінде  ауру 
саналады. 
   Ауруға  əдістеме  бланкілері  жəне  нұсқау  беріледі:  «Бланкіде  сөз  топтары  жазылған.Əрбір  топ  5сөзден 
тұрады.5сөздің  ішіндегі  4-уі  бір-бірлеріне  ұқсас  жəне  жалпы  белгілер  бойынша  біріктіріле  алады,ал  сөздердің 
ішіндегі  біреуі  бұл  белгілер  бойынша  сай  келмейді  жəне  оны  алып  тастау  керек  ».Егер  зерттелуші  нұсқауды 
түсінбесе,1-2 мысал келтіріп кетуі тиіс.1-ші тапсырмадан 15тапсырмаға дейін жалпы уақыт бекітіледі.Зерттелуші 
жұмысын аяқтап болғаннан кейін,жауаптарын талқылауын сұрайды. 
   Экспериментатор  хаттамаға  жол  нөмірін,өзге  алынып  тасталынған  сөзді,зерттелушінің  түсіндіргенін,сонымен 
қатар өзінің сұрақтары мен ескертуін тіркейді. 
   Алынған мəліметті талдау жəне өңдеу, «Сөзді алып таста» əдістемесі зерттелушінің түсіндіруі мен мінез-құлық 
қателігін сапалы талдау басты болып болжалынады. Сонымен қатар, сандық бағасын:  
1.дұрыс шешілген тапсырма санын есептеп кілтке сəйкестендіру, дұрыс шешімге 2 баллдан беріледі; (қосымша 1) 
2.формула бойынша жалпы бағасы (А) есептелінеді.(таблица 1)  
 
                              А=В+Т, 
«Сөзді алып таста» тапсырманы уақытқа орындауды түзету. 
 
 
Уақыт,С 
Т(В>26) 
Уақыт, С 
Т(В<26) 
<91 
 
91-250 
 
>250 
+3 
 

 
-3 
<250 
 
250-330 
 
>330 

 
-3 
 
-6 
   
   В тапсырманы дұрыс орындағаны үшін қойылатын балл саны, Т уақыт бойынша орындау. 
   Сапалы  баға  шатасудың  мінез-құлықты  талдауын  болжайды.  Ең  үлкен  типті  қателер  келесі  2  типті  болып 
табылады.  
1.Бір  сөз  алынып  тасталынады,қалған  төртеуі  жалпы  сəйкестендірмейді,нақты  ситуация  белгілері  бойынша; 
мысалы  ауру  «жапырақ»,  «бүршік»,  «терек»,  «қабық»,  «бұтақ»  деген  сөздерден    жапырақ  сөзін  алып  тастауы 
мүмкін.Ол «қазір  ерте көктем жəне жапырақ əлі шыққан жоқ»  деп түсіндіруі мүмкін;  
2.Сөзде  жалпы  сəйкестендірімді,  бірақ  жеңіл-  желпі,  кездейсоқ,  жиі  парадоксалды  белгілермен:  мысалы,  ауру 
«ұя»,  «ін»,  «илеу»,  «тауық  қора»,  «апан»  деген  сөздер  ішінен  «ұя»  сөзін  алып  тастауы  мүмкін.  Ол  «ұя,  ереже 
бойынша теректен табылады, ал қалғандары жерде» деп түсіндіруі мүмкін; 
Бірінші типтегі қателер талдау деңгейінің төмендеуін куəландырады, ал екінші типтегі қателер- талдау процесінің 
бұрмалануы туралы. 
Зерттелуші жауаптарын мынадай түрде классификациялауға(жіктеуге)болады: 
а) категориалды- мəнді, басты белгілер негізінде класқа қатыстыру; 
б) функционалды- функционалды белгілер негізінде класқа қатыстыру; 
в) нақты- нақты белгілер негізінде класқа қатыстыру; 
г) нөлдік- заттық санау,не əрекетсіз талдау функциялары; 
   Əртүрлі нозологиялық топтағы жауаптар ерекшеліктері: 
-Шизофрения кезінде жеңіл-желпі, кейде парадоксалды белгілер бойынша талдау жасалынады. 
- Олигофрения кезіндегі талдауда нақты мінез-құлық тасылады, ситуационды байланыстың бөлінуіне бекітіледі. 
-  Ересектік  кемақыл  кезінде  əсіресе  тапсырманы  орындауда  мүмкін  еместік,  сонымен  қатар  қарапайым 
тапсырмаларда да орын таба алмайды. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет