«Педагогика ғылымдары» сериясы



Pdf көрінісі
бет23/48
Дата03.03.2017
өлшемі3,34 Mb.
#7430
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   48

 
1. Байденко В.И. Болонский процесс: поиск общности европейских систем высшего образования [проект 
ТUNING]. Москва-Астана 2006. 34-37 с. 
2. Джуринский А.Н. История педагогики. М: «Владос», 2000., 432 с. 
3. Абдуллина О.А. Общепедагогическая подготовка учителя в системе высшего педагогического образования. М.: 
«Просвещение», 1984., 208 с.  

4.  Кенжегалиев  К.К.  Формирование  политехнических  компетенций  по  физике.  Монография.  Кокшетау,  2010., 
130 с. 
Аңдатпа 
Зерттеу  мақсаты  «әмбебап  педагогикалық  құзыреттілік»  деген  жаңа  ұғымды  негіздеу,  әмбебап  педагогикалық 
құзыреттіліктердің құрылымы мен мазмұнын, қалыптастыру әдістемесін анықтау, барлық мамандық мұғалімдерінің 
әмбебап педагогикалық құзыреттіліктерінің қалыптасу критерийлерін, деңгейлерін және бағалау әдістемесін ұсыну 
болып  табылады.Зерттеу  мақсатын  шешу  үшін  педагогикалық мамандық студенттері  арасында анықтауыш экспе-
римент жүргізілді. Эксперимент нәтижелері Розенбаум және корреляция критерийлері арқылы тексерілді. Аталған 
критерийлер  көмегімен  болашақ  мұғалімдердің  әмбебап  педагогикалық  құзыреттіліктерінің  қалыптасу  деңгейі 
анықталды.  
Бұл  проблема  бойынша  теориялық,  диссертациялық  зерттеулер  талданылды.  Бірақ,  жоғары  мектеп  педагоги-
касында бұл проблема әлі зерттелінбеген. Әмбебап педагогикалық құзіреттіліктер оқушылардың жоғары білімдерін 
қамтамасыз етуге қабілетті барлық мамандық мұғалімдерінің міндетті компоненті ретінде қарастырылады. 
Мақалада  жоғары  оқу  орындарында  барлық  мамандық  мұғалімдерін  дайындағанда  әмбебап  педагогикалық 
құзыреттіліктерді қалыптастыру қажеттілігі көрсетіледі. Зерттеудің негіздемесіне келесідей психологиялық теория-
лар  алынады:  А.Н.Леонтьевтің  іс-әрекет  тоериясы,  Л.С.Выготскийдің  мәдени-тарихи  тұжырымдамасы.  Әмбебап 
педагогикалық құзыреттіліктер педагогтың кәсіби маңызды сапаларының негізі ретінде қарастырылады. 
Зерттеу барысында біз анықтаған әмбебап педагогикалық құзіреттіліктердің мазмұны мен құрылымын ғылыми 
қоғамға талдау мен ұсыныс жасауға жарияладық. Әмбебап педагогикалық құзыреттіліктердің құрылымына жалпы 
педагогикалық,  жалпы  дидактикалық  әмбебап  құзыреттіліктер  жатады.  Жалпы  педагогикалық  әмбебап  құзыретті-
ліктер мұғалімнің кәсіби мәдениетін сипаттайды. Бұл құзыреттіліктерге мұғалімнің тұлғалық сапалары, педагогика-
лық қарым-қатынас, педагогикалық қабілеттер жатады. 
Жалпы  педагогикалық  әмбебап  құзыреттіліктердің  логикалық  іс-әрекеттік  жалғасы,  шынайы  кәсіби  көрінісі 
болып  жалпы  дидактикалық  әмбебап  құзыреттіліктер  танылады.  Аталған  құзыреттіліктерге  әмбебап  әдістемелік 
ебдейліктер мен дағдылар жатады.  
Жалпы  педагогикалық,  жалпы  дидактикалық  әмбебап  құзыреттіліктердің  әр  компоненті  қарапайым  амалдар 
жүйесі  көмегімен  беріледі.  Бұл  амалдар  және  операциялар  деңгейінде  болашақ  мұғалімдердің  әмбебап  педагоги-
калық құзыреттіліктері психологиялық негізде қалыптастырылуы жүзеге асады.  
Кілтті  сөздер:  әмбебап  педагогикалық  құзыреттілік,  Розенбаумның  параметрлік  емес  критерийі,  корреляция, 
кісіби маңызды сапа, констататциялық эксперимент, статистикалық болжам, нөлдік болжам, алтернативті болжам. 
 
 
ӘӨЖ 378.196  
 
СТУДЕНТТІҢ ІС-ТӘЖІРИБЕ КЕЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢАТА-АНАСЫМЕН 
ЖҰМЫСЫ 
 
А.Уразбаев – Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің аға оқытушысы 
 
Аңдатпа 
Отбасы  баланың  мінез-құлқының,  дүниеге  көзқарасының  басты  негізін  қалайды.  Ата-бабаларымыздың  тілімен 
айтқанда, ұлттық құндылық, қадір-қасиет ата  құлқымен,  ана сүтімен ұрпақ  қанына сіңген.  Қазақтың отбасындағы 
тәрбиелік ықпалы бірімен-бірі ұштасып жатқан үш сатыдан тұрады деуге болады. Ол  - ата-әже, әке-шеше, ұл мен 
қыз. Бұлардың әр бірінің өз құқыктық міндеттері мен өздеріне тиеселі талап тілектері бар. Бұл міндеттердің салмағы 
өте ауыр, қасиеті мол. 
Әр  ата-ана  баласының  жеке  ерекшелігін,  қабілетін,  мүмкіндігін  ескеріп,  кандай  іске,  өнерге  бейімділігін  ерте 
аңғарып, шамасы келгенше баласының бойындағы табиғи қасиеттерді дамытып отырған. Сондықтан да іс-тәжірибе 
кезіндегі  әр  сыныптың  жетекшісі  баланың  дұрыс  тәрбие  алуы  үшін  оның  ата-анасымен  тығыз  байланыста  болуы 
тиіс.  Ата-аналармен  жүргізілетін  жұмыстардың  жоспарын  алдын-ала  жасап  алып,  оның  толыққанды  ұйымдасты-
рылуын басты назарда ұстағаны абзал. 
Мақаладаіс-тәжірибе  кезінде  студенттердің  оқушылардың  ата-аналарымен  тығыз  байланысты  орнату  жұмыс-
тарының кейбірмәселелерінің өзектілігі қарастырылған. 
Тірек сөздері: студент, іс-тәжірибе, инновациялық үрдістер, сынып жетекшісі, отбасы, ата-ана, тәрбие, біліктілік, 
мектеп, жеке тұлға, мінез-құлық, қарым-қатынас, дәстүр, әдептілік, байланыс. 
 
«Қазақтың тағдыры, келешегі мол ел болуы да мектептің қандай негізге құрылуына тіреледі. 
Мекте-бімізді  сау,  берік  һәм  өз  жанымызға  қабысатын,  үйлесетін  негізге  құра  білсек, 
келешегімізбен  тайынбай  серттесуге  болады.  Ал  сондай  негізді  құра  алмасақ,  келешегіміз 
күңгірт»  деп  ұлы  педагог  М.Жұмабаев  айтқандай,  біздің  болашағымызды  мектеп  айқындайды 
[1]. 

Мектеп  –  мемлекеттің,  қоғамның  және  жеке  адамның  білім  беру  саласына  сұраныстарын 
қанағат-тандыратын қоғамдық-мемлекеттік жүйе. Өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесінің, дене 
және  жан  саулы-ғының,  интеллектуалды  әлеуетінің  қамын  ойлау  –  тәуелсіз  Қазақстанның 
алдында тұрған ең маңызды мәселенің бірі. 
Қазіргі кезеңде мектептердің алдында төмендегідей міндеттер тұр: 
-  халқымыздың  ақыл-ой  әлеуетін  қалыптастыруға  белсене  қатысу,  жеке  адамның  рухани 
жаңаруына жағдай жасау; 
-  жеке  тұлғаны  саралап  оқыту  негізінде  және  факультативтер  мен  арнайы  курстардағы 
пәндерден  білім  беру  барысында  ақыл-ойы  мен  ұлттық  сана-сезімі  жоғары  жеке  тұлғаны 
тәрбиелеу; 
- дарынды балалардың қабілеттерін дамытуға қолайлы жағдайлар туғызу; 
- оқушыларды шығармашылық жұмысқа бағыттау; 
- жеке адамның өзіне-өзі сенімділік, өзін еркін ұстай білу, т.б. қасиеттерін дамыту; 
-  болашақ  мұғалімнің  шығармашылығын  дамытуға,  зерттеу  жұмысымен  айналысуына 
қабілеттілігі  мен  қызығушылығын  тудыруға,  жеке  тұлға  туралы  теориялық  білімдерін 
тереңдетуге және оқу-тәрбие үрдісінде оны дамытуға қолайлы жағдай жасау; 
-  жалпы  практикалық,  философиялық,  психологиялық  және  эстетикалық  дайындықты 
күшейту. 
Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңында:  «Қазіргі  мектептердің,біріншіден,  іс-
тәжірибе  қызметінде  жинақталған  барлық  игіліктердің  сақталуы,  екіншіден,  қоғамның 
интеллектуалдық  қуатын  жетілдіру,  еліміздің  материалдық-қаржылық  ресурстарын  әрі  қарай 
дамытатын  адам  тәрбиелеу,  орта  білім  жүйесін  одан  әрі  дамытып  жұмылдыру  міндеттерін 
көздейді.  Бұл  міндеттерді  шешу  үшін  мектеп  ұжым-дары,  іс-тәжірибе  кезінде  әр 
практиканттыңкүнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл 
жол  ашарлық  жаңа  іс-тәжірибенің,  жаңа  қарым-қатынастың  жасаулары  қажет»,  -  деп  атап 
көрсетілуі  практиканттың  іс-әрекетіне  жаңа  бағыт  сілтейді.  Бұл  заңда  қазіргі  кезеңде  болашақ 
мұға-лімдердің біліктілігін жетілдірумен қатар, кәсіби қызметтің ғылыми негіздерін іс жүзінде 
қолдануға, практикалық іскерлік пен дағдыны қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінген[2]. 
Келер  ұрпаққа  қоғам  талабына  сай  тәрбие  мен  білімді  сіңіру  болашақ  мұғалімдердің 
инновациялық  іс-әрекетінің  ғылыми-педагогикалық  негіздерін  меңгеруі  арқылы  іске  асатыны 
белгілі.  Инновациялық  үрдістерді  зерттеу  барысында  жүйенің  бір  жағдайдан  екінші  жаңа 
жағдайға  көшуі  және  жаңалыққа  енгізу  процесіне  басшылық  жасау  мәселелерін  зерттеу 
маңыздылығын  М.В.Кларин,  М.М.Поташник,  В.И.Заг-вязинский,  А.Я.Найн,  О.Г.Хомерики, 
Н.Р.Юсуфбекова және т.б. зерттеулерінде қарастырған. 
 
Білім  берудегі  инновациялық  үрдістердің  мәнін  педагогиканың  маңызды  екі  проблемасы 
құрайды.  Олар  —  озық  педагогикалық  тәжірбиені  зерттеу,  жинақтау  және  тарату  проблемасы 
және  педагогикалық-психологиялық  ғылымдардың  жетістігін  іс-жүзінде  практикаға  енгізу 
проблемасы. Соған сәйкес инноватика пәні, инновациялық үрдістердің мазмұны мен механизмі 
осы  кезге  дейін  бір-бірінен  оқшау  қарастырылып  келген  өзара  тығыз  байланысты  екі  үрдістің 
тұтастығы  тұрғысынан  қарастырылуы  тиіс,  яғни  инновациялық  үрдістердің  мазмұны  мен 
механизмі осы кезге дейін бір-бірінен оқшау қарастырылып келген өзара тығыз байланысты екі 
үрдістің  тұтастығы  тұрғысынан  қарастырылуы  тиіс,  яғни  инно-вациялық  үрдістің  нәтижесі 
теория мен іс-тәжірибенің тоғысуында пайда болған әдістерді, іс-тәжірибе кезінде туындалған 
жаңалықтарды  іс-жүзінде  қолдануға  тиіс.  Бұның  барлығы  педагогикалық  жаңалықты  жасау, 
игеру  және  пайдалануда  басқару  қызметінің  маңыздылығына  көз  жеткізе  түседі.  Өйткені,  іс-
тәжірибе  жүргізуші  практикант  мұғалім  көмегімен  жаңа  педагогикалық  технологияның, 
теориясының және концепцияның авторы ретінде талдап жасаушысы, зерттеушісі, тұтынушысы 
және  насихатшысы  қызметін  атқарады.  Осы  үрдісті  басқару  мұғалімнің  өз  қызметінде 
әріптестерінің  іс-тәжірибесіндегі  немесе  ғылымдағы  жаңа  идеялар  мен  әдістемелерді  дұрыс 
таңдап, бағалап, өзінің педагогикалық шеберлігімен практиканттарға іс-тәжірибе кезінде оларды 
еркін қолдануын қамтамасыз етеді. Ал педаго-гикалық қызметте инновациялық бағыттылықты 

казіргі заманғы білім беру, қоғамдық және мәдени даму жағдайында педагогикалық қызметтің 
инновациялық бағыттылығының қажеттілігі бірқатар жағдай-лармен айқындалады. 
Біріншіден,  қоғамда  жүріп  жатқан  әлеуметтік-экономикалық  қайта  құрулар  білім  беру 
жүйесін, әдіс-темесі мен түрлі типтегі оқу орындарының оқу тәрбие үрдістерін ұйымдастырудың 
технологиясын түбірі-нен жаңартуды талап етуде. Педагогикалық жаңалықты жасау, игеру және 
пайдалануға  негізделген  бола-шақ  мұғалім  мен  тәрбиеші  қызметінің  инновациялық 
бағыттылығы білім беру саясатын жаңартудың құралына айналуда. 
Екіншіден,  білім  беру  мазмұнын  ізгілендірудің  күшеюі,  пәндерінің  көлемі  мен  құрамының 
үнемі өзгеріске ұшырауы, жаңа оқу пәндерінің енгізудің кейбір өзекті мәселелері жаңа ұжымдық 
формалар мен оқыту технологиясын үздіксіз іздестіруді талап етуде. Осы жағдайда мұғалімдер 
арасында педагогикалық білімнің рөлі мен беделі арта түсіп отыр. 
Үшіншіден,  мұғалімнің  педагогикалық  жаңалықты  игеруге  және  қолдануға  деген  көзқарас 
сипатының  өзгеруі.  Оқу-тәрбие  үрдісінің  мазмұнын  қатаң  тәртіпке  бағындырып  қойған 
жағдайда мұғалімнің өз бетінше бағдарлама, оқулық таңдаудан бұрын педагогикалық қызметтің 
жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалануға мүмкіншілігі болмады. Егер бұрынғы уақытта инновациялық 
қызмет,  негізінен,  жоғарыда  ұсынылған  жаңалықтарды  іс-тәжірибеде  қолданумен  шектелсе, 
қазіргі уақытта ол барынша баламалы, зерттеушілік өзіндік сипатын ала бастады. Сондықтан да 
мектеп,  білім  беру  ұйымы  басшыларының  қызметіндегі  маңызды  бағыттардың  бірі  - 
мұғалімдердің  енгізген  инновациясына  талдау  жасап,  баға  беру,  оны  іске  асыруға,  қолдануға 
қолайлы жағдайдың болуы.  
Төртіншіден, жалпы білім беретін оқу орындарының нарықтық қатынастарға енуі, жаңа типті 
сынып ішінде мемелекеттік емес оқу орындарының құрылуы нақты бәсекелестік ахуал туғызуда. 
Жаһандану  құбылысы  біртұтас  азаматтық  қоғам,  экономикалық  және  мәдени  ғаламдық 
кеңістіктің  қалыптасуына  ұласып,  елдер  арасындағы  ғылыми,  мәдени,  экономикалық  және 
ақпараттық  қарым-қатынастар  мен  өзара  педагогикалық  шеберліктерін  пайдалы  түрде 
алмасуларының өрісін кеңейтеді.  
Сондықтан  білім  жүйесін  сыртқы  ортамен  қарым-қатынаста  өздігінше  жетілуге  қабілетті 
күрделі  ашық  жүйе  деп  қарастыра  отырып,  синергетикалық  көзқарасқа  негізделген  диалогтік-
демократиялық  басқаруға  көшіру,  оқушы  тұлғасын  толыққанды  және  басты  субъекті,  басты 
құндылық  есебінде  қабылдап,  оның  ерекшеліктерін  ескеріп,  ынта-ықыласының  сапалы  түрде 
өрістеуіне,  еркіндікпен  шығармашылық  ортада  қалыптастырып,  дарыны  мен  тұлғалық  табиғи 
қабілеттерінің,  ішкі  мүмкіндіктерінің  ашылуына  педаго-гикалық-психологиялық  қолайлы 
жағдай  жасап,  өзіндік  жан-жақты  дамуына,  өзін-өзі  жүзеге  асыруына  бағытталған  жаңа 
тұрпаттағы өзекті мәселелер мен басқару жүйесін енгізу қажет. 
Қазақстан Республикасының Конституциясында (27-бап) «Неке мен отбасы, ана мен әке және 
бала  мемлекеттің  қорғауында  болады.  Балаларына  камқорлық  жасау  және  оларды  тәрбиелеу  - 
ата-ананың  етене  құқығы  әрі  міндеті»,-делінген  [3,  18].  Бұл  жолдар  әр  баланың  білім  алуына 
мемлекеттің  басты  назар  аударатынын  және  ол  отбасының  парызы  екенін  айғақтай  түседі. 
Сондай-ақ  Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңының  49-бабында  ата-аналар  мен 
өзге  де  заңды  өкілдер  «баланың  тілегін,  жеке  бейімділігі  мен  ерекшеліктерін  ескере  отырып, 
білім  беру  ұйымын  таңдауға,  ата-аналар  комитеттері  арқылы  білім  беру  ұйымдарын  басқару 
органдарының жұмысына қатысуға, білім беру ұйымдарынан өз балаларының үлгеріміне, мінез-
құлкына  және  оқу  жағдайларына  қатысты  ақпарат  алуға,  өз  балаларын  оқыту  мен  тәрбиелеу 
проблемалары  жөнінде  психологиялық-педагогикалықконсультациялық  көмек  алуға  құқығы 
бар»  және  олар  «балаларға  өмірі  мен  оқуы  үшін  салауатты  және  қауіпсіз  жағдайлар  жасауға, 
олардың ой-өрісі мен дене күшін дамытуды, имандылық тұрғысынан қалыптасуын қамтамасыз 
етуге, балаларды окыту мен тәрбиелеуде білім беру үйымдарына жәрдем көрсетуге, балалардың 
оку  орнындағы  сабаққа  баруын  қамтамасыз  етуге  міндетті»,  -  деп  [4]  жазылып,  жас  ұрпаққа 
білім беру үрдісіне қатысушы субъекті ретінде ата-аналарға үлкен жауапкершілік жүктеген. Бұл 
нұсқау  оқушы-лардың  білім  сапасын  арттырудағы  отбасы  мен  мектептің  бірлігі  бүгінгі  қоғам 
талабынан туындап отырғандығын ашып керсетеді. 
Орыс  ғалымы  Ю.К.  Бабанский  «Ежелгі  замандағы  және  орта  ғасырдағы  Ресейдің  отбасы  - 

мектеп  тәрбиесі»  деген  еңбегіндегі  отбасындағы  білім  берудің  негізіне  оралу  үшін  ежелгі 
заманнан  бастап  зерт-теу  -  бүгінгі  адам  өмірінің  мәселесін  тереңнен  түсіну  деген  пікірі 
оқушылардың  білім  сапасын  арттыру  мәселесін  ашу  үшін  оның  тарихи-педагогикалық 
аспектілерін анықтаудың өзекті екеніне ой салады [5]. 
Тарих тәжірибесі - ұрпақтың кешегісі мен бүгінгісінің ең асыл, ең сүбелі, нағыз прогресшіл 
қасиет-терін  бір-біріне  жалғастырып  отыратын  өмір  эстафетасы.  Тарихқа,  тарихи  бастауларға, 
өміріміздегі  кез-дескен  әр  қилы  іс-тәжірибеге  біз  қаншама  терең  үңілсек,  қоғамдағы  қазіргі 
жағдайды соғұрлым жақсы түсінетін, білетін боламыз. 
Тарихи  деректерге  сүйенсек,  оқытудың  алғашқы  ошағы  -  б.з.д.  III  ғасырдағы  Шумер 
мектебінің  іс-тәжірибесінен  бастау  алады.  Ол  деректерден  отбасы  мен  мектептің  арасында 
сыйластықтық қарым-катынас қалыптасқанын, мектептің түп-төркінінің қалыптасуы отбасында 
жатқанын, отбасында берілген халықтық білімнің негізі мектепте жалғасқанына көз жеткіземіз. 
Мектепте отбасының бір үйдің балалары арасындағы әдептілік, татулық, қамқорлық, оларды 
өмірге  үйрету,  т.б.  туыстық  ізгі  дәстүрлері  сақталған.  Оқу-тәрбие  әдістері  әкесінің  баласына 
ақылын  айтып  үйретіп  жатқанын  аңғарамыз.  Шумер  мектебі  туралы  еңбектер  отбасы  мен 
мектептің бірлесе атқарған оқу және тәрбие жұмысы әдістемесінің тууына негіз болғанын айқын 
аңғартады. 
Балаға білім беру жүйесінің мақсаты мен міндеті, қалыптасуы адамдардың өмір сүруіне деген 
кажеттіліктен  туды.  Ол  адамзат  қоғамының  дамуымен  және  этностардың  жер  бетінде  пайда 
болып  ұрпақ  өсіруімен  тығыз  байланысты  және  алғашқы  қауымдық  дәуірден  бері  қарай  түрлі 
қоғамдық езгерістермен бірге өсіп, езгеріп, жаңарып отырды. 
Балалардың күнделікті еңбек үрдісінде ересектермен қарым-қатынас жасауы өмірге қажетті 
еңбек  әрекеті  мен  дағдыларын,  сол  кездегі  салт-сананы  меңгеруіне  ықпал  етті.  Алғашқы 
қауымдық  құрылыс  тапсыз  болғандықтан  тәрбие-барлық  адамдарға  ортақ,  бірдей  еді. 
Меншіктің,  құндылықтың  және  отбасы-ның  шығуына  байланысты  қауымдық  қоғам  біртіндеп 
ыдырай  бастады.  Осы  ыдыраудың  салдарынан  рулық  ұйымнан  өзінің  даму  ерекшелігіне  сай 
отбасы бөлініп, езіндік ұрпақ тәрбиесіндегі тәжірибесі туындады. 
Қазақ халқының отбасында білім және тәрбиеберудіңөзіне тән ерекшелігі, өзіндік белгісі бар. 
Бала  тәрбиесінде  ұлттық  тәлім-тәрбиенің  дәстүрлі  дүние  танымын  жүзеге  асыра  отырып, 
халыктың мұраттары мен арман-тілектеріне сүйеніп отырған. 
«Барлық қоғам біткеннің ең арғысы және бірден-бір табиғиы - отбасы», - деп П.И.Третьяков 
анық-тағандай,  қоғам  да,  мемлекет  те  отбасынан,  әулеттен  басталады.  Қазақ  оны  «Отан  - 
отбасынан», - дейді, ол біздің халқымыз үшін отбасы тәрбиесінің маңыздылығын айқындайды 
[6]. 
 Отбасы  тәрбиесіндегі  ата-ананың  орны  туралы  Абай  Құнанбаев  «Адамның  адамдық 
қасиеттерге  ие  болмағы,  әуелі,  ақыл,  ғылыммен  болса,  ол  қызығу,  денсаулыққа  байланысты, 
қалғаны  -  «жақсы  ата-ана»  үлгі  өнегесі»,-деген.  Яғни  баланың  бойында  адами  жақсы 
қасиеттердің калыптасуы ата-ананың ықпалына тікелей тәуелділігін аңғартқан. 
Отбасында  баланың  алған  білімінің  сапалы  болуы  әке  мен  шешенің  бірлікте  берген  тәлім-
тәрбиесіне  қатысты.  Сондықтан  іс-тәжірибе  өткізуге  келген  студент  сынып  оқушысының  ата-
анасымен тығыз байланыс жасағаны абзал.  
Отбасындағы  үлкен  мәселелерден  бастап,  ағайын-туыстың,  ел-жұрттың  атқарар  істерінің 
бәрін  еркек-тердің  ақылымен  жөнге  түсіріп  отырған  қазақ.  Бұданотбасындағы  ер  азамат  пен 
ананың риясыз берік одағын көреміз. Аналарымыз алдымен күйеулерінің тілеуін тілеген. Күйеуі 
жолға шықса, тоқымын қағып, бала-шағасына жол қаратып өсірген [7]. 
Ата-аналардың  балаларға  ықпал  ету  керектігін  И.С.Кон  төмендегідейүш  түрлі  сипатта 
бейнелейді: 
1.  Балаға  ата-ананың  ықпалын  нығайту.  Баланың  жақсы  жақтарын  қолдап,  жағымды 
кылықтары  мен  істерін  қуаттау,  оң  мінез-құлық  үшін  көтермелеу,  теріс  әрекеттерін  ескерту, 
жаман  мінез-құлыктары  мен  іс-әрекеттері  үшін  орынды  әрі  әділ  сөгіс  бере  отырып,  оны 
санасына біртіндеп, белгілі бір мінез-құлық нормалардың жүйесін сіңіру. Сөйтіп олар баланың 
ой  елегінен  өтіп,  іс-әрекет,  жүріс-тұрыс  ережесіне  айналады.  Күнделікті  өмірде  көп  рет 

қайталану  барысында  ол  әдетке,  ішкі  жан-дүниесінің  қажетті  құрамдас  бөлігі  ретінде 
калыптасады. 
2.  Баланың  ата-анаға  ұқсауға  ұмтылуы,  оны  өздеріне  ұқсастыру.  Бұл  баланың  ата-анасына 
деген  сүйіспеншілігі  мен  беделіне,  құрметке  негізделеді.  Бала  әкесі  не  шешесіне  ұқсауды 
армандайды.  Егер  ата-ананың  баласы  сыйлайтын  қылығы  болмаса,  ата-ана  беделін  таяқтан 
қорқып қана таныса, оңда ұқсау міңдеті орыңдалмайды, не болмаса әлгі жалған беделінің әсері 
ойға келмеген нашар салдарымен қорқынышты. 
3.  Ата-ана  мен  бала  арасындағы  өзара  түсіністік.  Өз  баласының  ішкі  жан  дүниесін,  мінез-
құлық  ерекшеліктерін  білу,  оларға  елгезекгікпен  жауап  беріп  отыру,  баланың  алдыңдағы 
қиыншылықтарға, онымен қоса төтеп беру арқылы ғана оны толыққанды тұлға етіп тәрбиелеуге 
болады. 
Бала  үшін  отбасы  бір  жағынан-тіршіліктегі  қорғаны  болса,  екінші  тараптан-тәрбиелік  орта. 
Баланың  алғашкы  өмірі  жағдайындағы  отбасы  ықпалы  басқа  жағдайлар  мен  кейінгі  жас 
кезеңдерінде болатын ықпалдардан басымдаукеледі. Зерттеу деректеріне сүйенсек, отбасы - бұл 
мектеп  те,  ақпарат  көзі  де,  -  қоғамдық  ұйымдар  да,  еңбек  ұжымы  да,  дос-жарандары  да  және 
әдеп пен өнер кілті де. 
Қорыта  келгенде,  тәрбие  отбасынан  басталады  деген  қазақтың  нақыл  сөзін  есте  сақтап 
баланы  мектеп  қабырғасында  тәрбиелеудегі  іс-тәжірибе  кезінде  ата-анамен  тығыз  байланыс 
орната  отырып  жоғарыда  аталғанүш  түрлі  сипатта  бейнеленген  мысалды  есте  сақтай  отырып, 
отбасында балағаберген тәлімдерді атап өткеніміз жөн: 
Біріншіден, алдымен әдептілікке үйретуді кездеген, әке-шеше баласына «әдепті бол» дегенді 
басты міндет етіп қойған. 
Екіншіден, олар баланы қайырымды, иманды, мейірімді болуға тәрбиелеген. 
Үшіншіден, тіл алғыш, елгезек болуға баулыған. 
Төртіншіден, адал, шыншыл, парасатты болуға үйреткен. 
Бесіншіден,  өнегелі  ұстаз  бен  көпті  көрген  қарияның  сөзін  тыңдап,  ақыл-ой  тоқу  туралы 
«Ақпа  құлақ  болмай,  құйма  құлақ  бол»,  «Халықты  дұрыс  басқару  үшін,  басқару  ғылымын 
меңгермей  болмайды»,  «Ел  билеушіге  жетпіс  өнер  де  аз»,  «Ақылдыға  қосылсаң  бақытты  боп 
өтесің, төрт құбылаң түгел боп, арманыңа жетесің», - дегеңді бойларына біртіндеп сіңіре берген. 
Алтыншыдан,  «Ата-ананың  қабылдап  қасиетін,  ардақтай  біл  атқарып  өсиетін»  деу  арқылы 
үлкеңді, ата-ананы сыйлап құрметтеуге үйретуді ең басты міндет етіп қойған. 
Жетіншіден, «Кісілік пен кішілік - ұлылықтың белгісі» деп кісі айыбын бетіне баспай, біреуге 
орынсыз  тіл  тигізбейтін  әдепті  азамат  бол,  әсіресе  қаріп-қасерлердің  табиғи  кемдігін  бетіне 
баспа деп үйреткен. 
Сегізіншіден,  ел  қорғаған  батыр  бол,  халық  алдында  қызмет  ет,  бар  өнеріңді  соған  жұмса 
дегенді  өсиет  етіп,  жеке  өнегелері  арқылы  көрсетіп  отырған.  Ендеше  бұл  айтылғандардан 
оқушылардың білім  сапасын  арттырудағы  отбасы  мен мектеп бірлігінің мүмкіндіктерін тиімді 
қолдана  білу  шарты  шығады.  Осы  шарттарды  практиканттар  іс-тәжірибе  кезінде  тәрбие 
жұмыстарын жүргізу барысында сынып жетекші-сінің көмегімен пайдаланғаны жөн. 
 
1.
 
 Жұмабаев М. Педагогика. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 156 б. 
2.
 
 Қазақстан Республикасының “Бiлiм туралы” Заңы. - Алматы: Литера, 2000.- 96 б. 
3.
 
 Қазақстан Республикасының Конституциясы. –Алматы: Жеті жарғы. - 1995. 
4.
 
 Бабанский Ю.К.Проблемы и повышения эффективности педагогических исследований. — М.:3нание.- 1982.- 80 с. 
5.
 
 Третьяков П.И. «Тұрақты даму тұрғысынан білім сапасын басқару» 6-шы «Тұрақты даму мүддесіне сай білім 
сапасын басқару» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. –Минск, 2002. 26-36 б. 
6.
 
 Мұхамбетова С.Қ. Педагогика. -Ақтөбе, 2000. - 10 бет. 
7.
 
 Шишов  С.Е.,  Кальней  В.А.  Мониторинг  качества  образования  в  школе.  –  М.:  Педагогическое  общество 
России, 1999. –320 с. 
 
Резюме 
В статье рассматриваются некоторые актуальные вопросы установления тесных взаимоотношений с родителями 
учащихся во время прохожденияпрактики. 
Воспитательную  работу  с  родителями  надо  предварительно  планировать  и  тщательнорасматривать.  Поэтому 
вовремя  практики  каждый  классный  руководитель  должен  быть  в  тесном  связи  с  родителями.  Каждый  родитель 

помере возможности развивает у своего ребенка личные особенности. В семье у казахов воспитательноевоздействие 
состоит между собой из трех стадий. Это-дед и бабушка, мать и отец, сын и дочь. Каждый из этих личностей имеет 
свои права и требования. Эти требования имеют свои особенности и важности. Семейный очаг формирует у ребенка 
основной характер и его мировозрение. 
На  языке  своих  предков,  национальное  достояние,  достоинство  дедов  и  их  характеры  передаются  от  матери 
покрови в поколения. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет