«Педагогика ғылымдары» сериясы



Pdf көрінісі
бет25/48
Дата03.03.2017
өлшемі3,34 Mb.
#7430
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   48

Выводы
1.
 
Наиболее существенный прирост результатов в экспериментальной группе достигнут в следующих 
тестах:  лазанье  по  канату  на  скорость  23,6%,  подтягивание  на  перекладине  (количество  раз)  15,7%, 
подъем туловища 10 раз на 17,1%, становая сила 11,3%, прыжок в длину с места 8,7%. 
2.
 
Применение  в  тренировочных  занятиях  на  этапе  специальной  физической  подготовки  комплекса 
упражнений,  в  который  включены,  в  основном,  упражнения  с  собственным  весом,  позволяет  получить 
более  существенный  прирост  результатов  по  сравнению  с  общепринятой  методикой.  Прирост  резуль-
татов по всем тестам в экспериментальной группе составил 10,5%, в контрольной 5,9%. 
3.
 
Разработанная методика применения в тренировочном процессе предложенного комплекса упраж-
нений  позволила  существенно  повысить  результаты  практически  по  всем  контрольным  тестам,  как  у 
мужчин,  так  и  девушек,  что  позволяет  нам  рекомендовать  ее  как  средство  физической  подготовки, 
особенно в смешанных группах.  

1.  Елисеев  С.В.,  Кулик  Н.Г.,  Селуянов  В.Н.  Физическая  подготовка  борца  -  самбиста  с  учетом  биологических 
закономерностей организма: учебно-методическое пособие. - М.: Изд-во «Анта-пресс», 2014. - 128 с.  
2. ВеславБлах. Инновационные технологии в подготовке единоборцев (самбо и дзюдо): монографияю – М.: Лика, 
2007. – 114 с. 
3.  Шепетюк  М.Н.,  Житкев  А.Р.,  Шепетюк  Н.М,  Кудашова  Н.В.,  Организация  тренировочного  процесса 
дзюдоисток по физической подготовке //Теория и методика физической культуры.- 2013.- № 1.- С. 70-79.  
4.Шепетюк  М.Н.  Теория  и  методика  спортивной  борьбы:  учебное  пособие.  –  Алматы:  Федерация  дзюдо 
Республики Казахстан, Казахская акаденимия спорта и туризма, 2012. – 335 с. 
5.  ЗебзеевВ.В.  Методика  контроля  и  оценка  функционального  состояния  дзюдоистов-юниоров  /  В.В.Зебзеев  // 
Теория и практика физической культуры. – 2012. - №11. – С. 80-82. 
 
Түйіндеме:мақалада  авторлар,  дзюдо  балуандарының  жылдық  дайындық  кезеңіндегі  жарыс-дайындық  макро-
циклында және әртүрлі бұлшық ет топтарының тиімділік әсерін жоғарлатуға арналған кешенді жаттығуларды қолда-
нуын дәлелдеп, дене күш қасиеттерін жетілдіруге бағытталған педагогикалық тәжірибелерінің қортындыларын сара-
лайды. 
Түйінді сөздер: дене күш дайындығы, жаттығулар жыйынтығы, аралас топтар, тәжірибелік және бақылау топта-
ры, тестілеу. 
 
Abstract: in the article authors analyses the results of pedagogical experiment sent todevelopment ofphysical qualities of 
judoist  in  the  period  of  the  preparatory  stage  of  circannual  tranaining-competitions  macrocycle  and  groud  application  of 
experimental complex of exercises for the increase of affecting efficiency different groups of muscular. 
Keywords: physical preparation, complex of exercises, mixed group, experimental and control groups, testing. 
 
УДК 
 
ХАЛЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ ЖҮЙЕСІНДЕГІ АСЫЛ МҰРА 
 
М.С. Елубаева – п.ғ.к., доцент м.а.  
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты 
 
Аннотация 
Қазақтың ескіден келе жатқан ауыз әдебиетін алсақ, үлкен бір саласы болып саналатын түрі – нақыл сөздер деуге 
болады.  
Нақыл сөздер – үлкен ой, терең пікірге құрылған өмір туралы айтылған ел санасының қорытындысы. Ащы мен 
тұщы, алыс  пен  жақын,  жақсы мен  жаман  –  осылар  сықылды өмірдің әртүрлі жақтарын ой  елегінен өткізіп, олар 
жөніндегі халықтың шығарған үзілді-кесілді өкімі: өмірдегі әр алуан құбылыс, іс-әрекеттерді өзінше, әбден бақылап, 
сынай келе, «қатесіз», өмірде тап солай болатындығына көздері жетіп, өмір шындығына айтқандары дәл келетін етіп 
кейінгі ұрпаққа қалдырған халық даналығының сәулесі, ой түйіні. 
«Парасаттың нәріндей нақылнама, 
Көңіліне жағарын көрікті асыл, 
Таңдап олар жалғампаз халқым дана» – 
деп Мұзафар Әлімбаев айтқандай, қазақтың бүгіні мен ертеңін жалғаған, сөз өнерін айшықтаған ол нақыл сөздер [1, 
4 б.].  Нақыл  –  түйінделе  тұжырымдалған  терең  ойлы,  жұмыр  бітімді  өнегелі  сөз.  Мағыналы  идеяның,  ойдың 
мәнерлі өрнекпен, ақындық айшықпен тоғысуы. 
Олай болса, ежелгі заманғы грек ғұламасы Герадот: «...баяғыдан келе жатқан кемеңгерлік тамаша нақыл сөздер 
бар, біз солардан үйренуіміз керек» – десе [1, 3 б.], көркем сөз зергері Ғабит Мүсірепов оқуын оқып, тоқуын тоқып 
тауысқандай  жасында:  «Бірталай  жерге  барып  қалған  біз  сияқтыларға  ең  тиімдісі  –  ой-толғамдық  нақылдар  мен 
афоризмдерді оқу сияқтанады», – деген.   
Қазақ нақылдары – өзінің философиялық тілі, даналық өрісі мен қуаты жөнінен әлем ойшылдарының афоризмі-
мен сарындас, үндес. 
Тірек сөздер: нақыл сөздер; афоризмдер; өнегелі сөз; даналық. 
 
Қазіргі  қазақ  халқының  рухани  жағынан  қайта  даму  кезеңінде  баланы  ұлттық  әдет-
ғұрыптары,  салт-сананы, философиялық мәні жоғары, баға  жетпес  дәстүрді терең тани  білуге; 
ұлттық  қадір-қасиетті  құрметтеуге,  ұлт  намысын  биік  ұстап,  ұлттық  қалпымызды  сақтауға;  ел 
келешегін өрге жүздірер от жүректі өршіл болуға әрі ұлт құндылықтарын ұлықтайтын білімді де 
білікті етіп тәрбиелеу міндеті тұр. 
Ұлы  ағартушы  А.С.Макаренко:  «Біздің  қоғамда  міндеттерді  дәл  орындау  –  адамгершілік 
категориясы»  дегендей,  көкейкесті  міндеттерді  іске  асыру  мақсатында  ағартушы-ғалымдар 

халқымыздың  жинақталған  ғибратты  тәрбие  тағылымына  терең  үңіліп,  бүкіладамзаттық 
құндылық  тұрғысынан  саралап,  этнопси-хология,  этнопедагогикаға  байланысты  асыл 
қазыналарын зерделеп, қазіргі күн кәдесіне жаратып, ұрпақ тәрбиесінің игілігіне айналдыруда. 
Ұлттық қоғамдық тәрбиені күшейту арқылы өскелең ұрпақтың бойына ұлттық рухани-адами 
құнды-лықтар  қалыптастырылуда.  Бабалардан  қалған  данышпандық  қағидалар,  халық  түйген 
тұжырымдар, ғасырлар бойы зергерлік ұқыптылықпен сұрыпталған үрдістер, дамыған даналық 
дәстүрлер  секілді  ұлттық  тәрбие  көздерімен  сусындата  білім  беру  –  жас  ұландардың  жеке 
тұлғалық  болмысын  қалып-тастыруына;  елін,  жерін,  тарихын,  әдебиетін,  ата-анасын,  тілін 
сүюіне; адамгершілік қабілеті мен азамат-тық қалпының дұрыс дамуына; жан дүниесі таза, көңіл 
көкжиегі кең, патриоттық сезімі жоғары; келешегі зор, елге берері мол; нағыз елге тірек ұлттық 
тұлға болуына ықпалды нәтижесін беруде. 
Жалпы халықтық тәрбие – сан-салалы жолмен ұрпақ бойына өзі өмір сүріп отырған қоғамның 
алдында  тұрған  мақсат-мүддеге  сай  адами  қасиеттерді  жетілдіре  отырып  қалыптастыратын, 
яғни, ұлттық адами құндылықтарды ұялататын рухани күш. Ол – нәрестенің шыр етіп дүниеге 
келу сәтінен басталып, ақырғы деміне дейін созылатын толассыз үрдіс. 
Халқымыздың  адамгершілік  қасиеттерге  баулитын  небір  сүбелі  ой  маржандарын  кеңінен 
зерделеп, халықтық тәрбие жүйесінде өрісті өнегені қалыптастыра, ғибрат қазынасын дамытқан 
тәлімгер-қаламгер  Мұзафар  Әлімбаев  мұрасында  ұл-қыздарға  ізгілік  сезімін  еге  білетін, 
намысын  оятып,  қиялын  қанат-тандырып,  патриоттық  сезімін  ұштайтын,  саналылыққа, 
өршілдікке,  біліктілікке  үндейтін,  бауырмалдық,  адалдық,  әділеттілік,  парасаттылыққа 
тәрбиелейтін құндылықтар жетерлік. 
Көрнекті ақын «Халық – қапысыз тәрбиеші» деген еңбегінде: «Бала – жүректің миуасы» деп 
қарайтын балажан халықтың бірі – қазақ халқы балаға ежелден болашағым деп қарап, зор үміт 
артқан.  Үсті-үстіне  үстемей  төккен:  «Лашын  құсқа  ауа  қадірлі,  жүйрік  атқа  дала  қадірлі,  ата-
анаға бала қадірлі» деген зерделі інжу сөздері көңіл сандығына сақтайтын қазына» – дей келіп, 
халық қазынасы – ең парасатты да таптырмайтын қайнарбұлақ, таусылмас кен екендігін саралап, 
ойын «Алып та халықтан үйренеді» деп түйіндеген. 
Тәрбиелік  маңызы  ерекше  «айтқыш  ақынның  асыл  нақылдарының  біразы  қазақтың  мақал-
мәтелдері жинағы да кірген. 2500 нақылы баспасөз бетінде жарияланған. «Халқың қандай десең, 
салтымнан сынап біл», «Жеміс ағашынан биік тұрмас, халқыңа тағзым етіп иіп тұр бас!», «Баба 
салт,  хұсни  ғұрып,  ата  дәстүр!  Достастыр,  бауырластыр,  аталастыр»  деп  халықтық  тәрбиеге, 
ұлттық салт-санаға терең ден қойған автордың «Батырлықтың бастауы балалық шақта», «Білік – 
бесіктен  басталады»  тәрізді  нақыл-дарындағы  ой  түйіндері  «баланы  бастан»  деген  халық 
даналығымен  үндесіп  келген.  Ұрпақ  тәрбиесіне  осылай  көңіл  бөлген  ақын  «Анасы  өз  бөбегін 
ернін тигізерден бұрын өбеді»,  «Баланы баулитын аналық мейірім мен аталық айбар» деп ата-
ана  мен  баланың  арасындағы  қарым-қатынасын,  бала  тәрбиесіндегі  жанұяның  орнын  жақсы 
көрсеткен.  «Қара  басқаның  егінін  қара  сұлы  басады»,  «Ертеңшіл  егіншіден  без»  деп  еңбектен 
қашар  еріншектің,  жатып  ішер  жалқаудың  адамзатқа  тигізер  зиянын  суреттеген  автор  «Елді 
егінші  асырайды»,  «Еңбекпен  алсаң  бедел,  беделіңмен  кенел»  деген  ой  түйіндерімен  адамды 
мақсатына  жеткізетін  де,  абырой  әперетін  де  еңбек  екендігін  дәлелдеп  берген.  Сондай-
ақ,қоғамның кеселді тұсы – маскүнемдікті «Өлшеусіз арақ ішкен өзін-өзі шалады іштен» десе, 
«Отанына  ұнамаған  оңбайды»,  «Ел  намысын  қуғанның  еңсесі  биік»,  «Еліңді  сүю  еңсеңді 
биіктетеді», «Әр ізденістің өз олжасы бар» – тәрізді ғибратты нақылдары арқылы Отанын, елін, 
жерін адал сүюді, ана тілінің құдіретін тани білуді, ұлы сезім махаббат пен шынайы достықты 
халық  мақалдарының  ізімен  мақалдаған.  «Дүниенің  қорлығы  дүмше-лердің  зорлығы», 
«Жасында берекесі болмағанның, қартайғанда мерекесі болмас» немесе «Ерліктің бір нышаны – 
естілік», «Ерлік – ердің өмірі», «Әр заман өз жақсысын пір тұтады» деген сияқты небір ғибратты 
нақылдарымен халықтық тәрбие жүйесіндегі асыл қазыналарды жаңғыртып дамытқан. 
Ақын нақылдарының туу тарихынан сыр шертетін «Нақылдың төркіннамасы» атты еңбегінде 
әр тұста әрқилы жағдайға орай ауызша айтылған әрі қызықты, әрі ғибратты нақылдары түзілген.  
Мәселен,  1940  жылы  Павлодар  педучилищесінде  Мұзафар  Әлімбаевпен  бірге  оқитын  досы 
Әйтіш Мәліков оқыс ауырып қалады, ауруханаға түсіп ұзақ жатады. Кәдімгі суық тиген жігітке 

сүзектен  ауырған  деп  диагноз  қойып,  дұрыс  емдемей,  өлтіріп  қоя  жаздапты.  Баянауылдан 
Керекуге жалғыз ұлы үшін жан-ұшырып жаяу жеткен Мәлік ақсақал: 
–  Дәрігерлердің  мұнысы  қалай,  –  деп  кейіпті.  Сонда  он  алты  жасар  студент  Мұзафар 
Әлімбаев: 
– Ебі жоқ дәрігердің емі де жоқ, – деген екен [2, 59 б.]. 
Бұл болашақ ақынның ашынғаннан айтқан алғашқы тырнақалды нақылы еді. 
Бірде,  Қарақыстақта  өткерілген  қабырғалы  жазушы  Сейдахмет  Бердіқұловтың  алпыс  жасқа 
толған тойында жазушы Балғабек Қыдырбекұлы ақын Мұзафар Әлімбаевтан: 
– Дін – апиын дегенге қалай қарайсың? Құдайға сенесің бе? – деп сұрапты. 
Сонда Мұзағаң: 

 
Арманнан айырсаң да,  

 
Алламнан айырма! – депті [2, 8 б.]. 
Ақын Мұзафар Әлімбаев:  «Ата-бабасының  ата мекенін буын-буын ұрпақтар өз кіндік қаны 
тамбаса  да  ыстық  көруі  заңды,  әділ.  Мысалы,  менің  балам  Алматыда  туса  да  Маралдыны  өзі 
туған жердей сүйе білуі – парыз. Шіркін, буын-буын ұрпақтар ата-бабасының ауылына алуан-
алуан көмегін аянбай көрсетсе ғой. 
– Сәулетші балаң ауылыңның құрылыс саласында көркеюіне, мүсінші балаң ауылдың әйгілі 
адамдары  тұлғасын  сомдауға,  композитор  балаң  сол  топыраққа  сазды  әндерін  арнаса,  ақын 
балаң  айтулы  жерлестерді  өлеңге  қосып  мақтаса,  мұны  ешкімнің  ескеруінсіз-ақ  өз  жүрек 
қалауымен қол ұшын ұсынса, құба-құп! Әттең, өмірде бұлай бола бермейді ғой. Ақын ретінде де 
аз жырлаппын – бүгін жеті асудан асқан шақта өкініп те отырмын. 
–  Ата-баба  мекенін  естен  шығарма,  ұрпағым!  Сендер  міне,  қара  шаңырақта  жиналып 
отырсыңдар» – дей келіп, естеріңізде болсын: 
Адамның ауылын ұмытқаны – 
Бауырын ұмытқаны. 
Балалық шағын ұмытқаны –  
Ана сүтінің дәмін ұмытқаны – [2, 18 б.] 
деген  ақыл-кеңесі  толассыз  татымды  тәрбиеге  құрылғандығын,  тәрбиелік  мәні  мол,  мазмұнға 
бай, көркемдігі жоғары екендігін көреміз.  
Тәлімдік  мәні  ерекше,  әртүрлі  тақырыпты  қозғаған  Мұзафар  Әлімбаевтың  нақыл  сөздері 
жайында  кезінде  халқымыздың  сүйікті  ұлдарының  бірі,  қоғам  қайраткері,  белгілі  тұлға 
Дінмұхаммед  Ахметұлы  Қонаев«Сөз  маржанын  ой  түбінен  тере  білген  ақын»  деп  баға  берген 
екен. 
Мұзафар  Әлімбаев  өнерниетінің  негізгі  бағыты  жас  ұрпақты  жалпы  адами  құндылықтарды 
түсіне білуге үйретуді көздейді.  
Ақынның  халықтық  шығармашылық  дәстүрдегі  еңбектері  –  жеке  тұлғаны  парасаттылыққа 
тәрбиелеу құралы. 
 
1.
 
Әлімбаев М. Нақылнама. – Алматы: Өнер, 2007. - 296 б. 
2.  Әлімбаев  М.  Нақылдың  төркіннамасы.  –  Алматы:  Қазақ  соқырлар  қоғамы  Орталық  басқармасының 
баспаханасы, 1996. - 223 б. 
 
Аннотация 
Слова назидания являются одной из областей устной литературы казахского народа.  
Слова назидания – итоги великой мысли, сознания народа о бытии, жизни. Пропуская через фильтр мышления 
различные стороны жизни, как сладость и горечь, добро и зло, близость и дальность, категорическое решение народа 
о них: по-своему наблюдая за различными явлениями жизни, действиями, критикуя их, «безошибочно» убеждаясь, 
что и в жизни случается такое, свет народной мудрости, логические выводы, оставленные своим потомкам. 
Как говорил Музафар Алимбаев:  
«Разумное назидание 
Драгоценность души 
Умел выбирать мой мудрый народ» – 
слова назидания являются связующей нитью между прошлым и будущим, доказательством словесного искусства [1, 
с.4]. 

Назидание  –  слова  о  нравственности,  выводы  глубокой  мысли.  Стык  содержательной  идеи,  манеры  вырази-
тельности, поэтичности.  
Если древнегреческий мыслитель Геродот говорил:  «...существуют прекрасные слова назидания древности, мы 
должны учиться у них» [1, с.3], то мастер художественного слова Габит Мусрепов в зрелом возрасте сказал: «Самое 
эффективное для нашего возраста – чтение слова назиданий и афоризмов». 
Казахские слова назидания гармонируют, сочетаются с афоризмами мировых мыслителей своим философским 
языком, широтой мудрости, мощностью. 
Ключевые слова: слова назидания, афоризмы, слова наставления, мудрость. 
 
Аbstract 
Words of edification are one of the areas of oral literature of Kazakh people. 
Words of edification are the results of the great thoughts, consciousness of people of being, of life. Passing through the 
filter of thinking the various aspects of life, as sweetness and bitterness, good and evil, closeness and distance, the categorical 
decision of  the people of it  is that  in their  own  way by  observing the  various phenomena of life, actions, criticizing them, 
«unmistakably» convinced that it can happen in life which is the example of the light of folk wisdom, logical conclusions, left 
to the descendants. 
As Muzaffar Alimbaev said:  
«Reasonable edification  
Which is the soul’s precious  
Could choose my wise nation» – 
these are the words of edification which is a link between the past and the future as the proof of verbal art [1, p.4]. 
Edification  is  the  words  of  morality,  the  findings  of  deep  thought.  It  is  the  joint  of  meaningful  ideas,  manners  of 
expression, poetry. 
If the ancient Greek philosopher Herodotus said: «...there are wonderful words of edification of antiquity, we must learn 
from  them»  [1,  p.3],  a  master  of  artistic  expression  Gabit  Musrepov  in  adulthood  said:  «The  most  effective  for  our  age  is 
reading the word of edification and aphorisms». 
Kazakh words of edification are in harmony and combined with aphorisms of the world thinkers with its philosophical 
language, the breadth of wisdom, power.  
Keywords: words of edification, aphorisms, words of instruction, wisdom. 
 
УДК37.378 
 
СТУДЕНТТЕРДІҢ ЛИДЕРЛІГІН ДАМЫТУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ-МАЗМҰНДЫҚ 
ҮЛГІСІ  
 
М.Абсатова – п.ғ.д., профессор, Абай ат.ҚазҰПУ 
М.Ушатов – докторант, Абай ат.ҚазҰПУ  
 
Аннотация  
Мақалада  авторлар  лидерлік  мәселесін  жан-жақты  қарастырады.  Көптеген  зерттеулерді  саралай  келе,  автор-
ларлидерлікті - қойылған ортақ мақсатқа жетуге ынталы және ортақ мақсатқа бағытталған адамдарға ықпал етуші 
үдерісі  деп,  ал  лидерлік  қабілет-белгілі  мәдени  ақпараттар  құндылықтарын  меңгерген,  қойылған  мақсатқа  жету 
жолында  айналасындағы  адамдарына  тиімді  жол  ұсынуда  ықпал  ету  қабілетіне  ие,  белгілі  бір  әрекетті  нәтижелі 
орындайтын тұлғаның жеке дара ерекшелігі болып табылады деп түсінеді. 
Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерге сүйенсек, осы мәселені қарастырған көптеген тұжырымдамалардан адам-
ның  лидер  болып  туылмайтынын,  лидер  болып  қалыптасады  және  лидерлік  сапаларын  дамытуға  болады  деген 
тұжырымға  келуге  болады.  Атап  айтқанда,  тұлғаның  мақсатты  түрде  өзімен  жұмыс  жасауы,  өзін-өзі  жетілдіруі 
лидерлікті дамытуға бірден бір себеп екені анық. 
Лидерлікті зерттеген ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, студенттердің лидерлігін дамытудың құрылым-
дық-мазмұндық үлгісіндайындаған. 
Түйін сөздер: лидер, лидерлік, ұйым, көпқырлы ұғым, қызмет.  
 
2014  жылғы  Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстан  жолы - 2050:  Бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір  бола-
шақ»  атты  Жолдауында:«Біздің  болашаққа  барар  жолымыз  қазақстандықтардың  әлеуетін  ашатын  жаңа 
мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсау-
лығы  мықты  азаматтар.  Бұл  үшін  біз  не  істеуіміз  керек?  Біріншіден,  ...Ұлттық  білім  берудің  барлық 
буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. Сондықтан  оларға заманауи бағдарла-
малар  мен  оқыту  әдістемелерін,  білікті  мамандар  ұсыну  маңызды»-  депәр  жыл  сайын  сауаттылығы 
жоғары бәсекеге қабілетті, белсенді, яғнилидерлер қалыптастыру міндетін қойып отырғандығын байқай-
мыз [1].  

Со  себепті қарастырып  отырған мәселе қазіргі  таңдағы  мемлекеттің, қоғамның сұранысына 
сай  жан-жақты  дамыған,  өміргеөзіндік  көзқарасы  қалыптасқан,  бойындағы  әлеуетін  толық 
пайдалана  алатын,  кез  келген  жағдаяттан  оңтайлы  шешім  тауып  шыға  алатын,  әлеуметтік 
табысқа жете алатын көшбасшы тұлғаны дамыту көкейкесті болып тұр. 
Ғылыми-педагогикалық  әдебиеттерге  сүйенсек,  осы  мәселені  қарастырған  көптеген 
тұжырымдамалар-дан  адамның  лидер  болып  туылмайтынын,  лидер  болып  қалыптасады  және 
лидерлік  сапаларын  дамытуға  болады  деген  тұжырымға  келуге  болады.  Атап  айтқанда, 
тұлғаның мақсатты түрде өзімен жұмыс жасауы, өзін-өзі жетілдіруі лидерлікті дамытуға бірден 
бір себеп екені анық. 
Зерттеуші Н.С. Жеребова, А.П. Понкрухинаның лидерлік қабілетті қалыптастыру мүмкіндігі туралыөз 
еңбектеріндетөмендегі пікірлерді келтіреді : 
- жалпы қабілет - бұл қызметінде табысты болуын қамтамасыз ететін тұлғаның жеке –психологиялық 
ерекшелігі  болып  табылады.  Қызметінде  табысты  болуы  бір  ғана  емес,  әртүрлі  қабілеттердіңжүйесінде 
анықталады.  
- қабілеттер туыла берілетін қасиет емес немесе – олбелсенді танымдық процестер мен еңбек қызме-
тінде  қалыптасады.  Қабілеттерді  дамыту  тұлғаның  танымдық  әрекетін  арнайы  ұйымдастыруды  және 
қызмет әрекетіне сай әр жақты қызығушылығын қалыптастыруды талап етеді. Адамның қандай да бір істі 
орындауға  маңызды  азды-көпті  қабілеті  болмағанымен,  басым  және  тұрақты  қызығушылық  танытатын 
болса,  үлкен  нәтижеге  жетуі  мүмкін.  Іске  дегентерең  ықылас  адамның  ісін  тұрақты,  қарқынды  қабілет 
танытып, дамытуға жол ашады. 
- лидерлік ұлы істермен немесе адамның ұлылығымен анықталмайды. Жаңа әдеттерге ие болу жолы 
жаңаны  байқап  көруге,  нақты  әрекетінен  орын  алғанша  іс  –  тәжірбиесінде  үнемі  қолдануға  мотивация 
тудыру  болып  табылады.  Шынайы  лидерлік  -  бұл  жұмыс,  жұмыс  және  тағы  да  жұмыс.  Ғалымдар 
лидерлікті ең алдымен өзіңмен жұмыс жасау деп көрсетеді.  
- өмір сүру барысында тұлғаны психикалық даму шарттары өздігінен емес, ортамен қарым-қатынасы 
барысында  қалыптасады.  Тұлғаның  ортадағы  ролін  дұрыс  түсіну  үшін  тікелей  түрде  емес,  жанама 
өлшеммен қарау керек [2].  
Лидерлік мәселесімен айналысқан ғалымдар Кандыбович М.И. жәнеДьяченко Л.А. өз зерттеулерінде: 
«Работая  над  собой  включаясь  во  все  многообразие  видов  деятельности,  вызывая  и  стимулируя  в  них 
собственную активность, потенциал в томилиином виде деятельности и исключительно через механизмы 
собственной (совместно с другими) деятельности, собственных творческих усилий иотношений будущие 
специалисты могут овладевать общественным опытом и его различными структурными компонентами, 
формировать,  характерные  длялидерства  качества,  вырабатывать  сильный  и  твердый  характер.  Воспи-
тание и обучение не могут дать желаемых результатов, если они не активизируют стремление студента к 
самовоспитанию» деп өзімен жұмыс, оған қоса әртүрлі әрекет түрлерінде тұлғаны белсенділікке ынталан-
дыра отырып күтілетін нәтижеге жетуге болатындығын алға тартады [3].  
Көптеген  зерттеулерді  саралай  келе,  біз  лидерлікті  -  қойылған  ортақ  мақсатқа  жетуге  ынталы  және 
ортақ мақсатқа бағытталған адамдарға ықпал етуші үдерісі деп, ал лидерлік қабілет-белгілі мәдени ақпа-
раттар  құндылықтарын  меңгерген,  қойылған  мақсатқа  жетужолындаайналасындағы  адамдарына  тиімді 
жол  ұсынуда  ықпал  ету  қабілетіне  ие,  белгілі  бір  әрекетті  нәтижелі  орындайтынтұлғаның  жеке  дара 
ерекшелігі болып табылады деп түсінеміз.  
Сондықтан  жоғарыда  аталмыш  мәселе  бойынша  ізденістерге  сүйене  отырып,  біз  студенттердің 
лидерлігін дамытудың құрылымдық-мазмұндық үлгісін дайындадық ( 1 кесте). 
Зерттеу  барысында  анықталғандай  студенттердің  лидерлігін  дамытуда  мотивациялық 
компонентаса маңызды рольге ие. Мотив ұғымыәрекетке іштей итермелейтін себеп, қандай да 
бір  қажеттілікті  қанағат-тандыратын  тілек  болып  табылады. Оқу  мотивациясы  жалпы 
мотивацияның білім саласындағы жеке түрі болып табылады. Ол басқа да кез келген мотивация 
сияқты  өзіне,  яғни  білім  саласына  тән  белгілермен:  біріншіден,  ол  білім  беру  мекемесінің 
ерекшелігіне,  типіне,  мамандығына  байланысты  анықталады;  екін-шіден,  білім  беру  үдерісін 
ұйымдастырумен, 
оның 
артықшылығымен; 
үшіншіден, 
педагогтің 
субъективті 
ерекшеліктерімен, ең алдымен, оның оқушыларға, іске қатынасымен, сондай-ақ, оқу процесінің 
ерекше-лігімен,  оның  орнымен  және  оқу  жоспарымен  ерекшеленеді.  Біздің  зерттеу 
жұмысымызда  мотивациялық  компонентәңгіме,  сауалнама  әдісі  негізінде  жүзеге  асырылады. 
Бүгінгі  таңда  студенттердің  басым  көпші-лігі  оқытушының  мақсатты  ықпалымен  іс  –әрекетке 
қатысуға ынталы болып табылады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет