Оқыту әдістерін жалпылай топтастыру — оқу-танымдық әрекеттерді ұйымдастыру;
— оқуға ынталандыру;
— оқытудағы бақылау және өзін-өзі бақылау әдістері
Тұтас педагогикалық әрекеттің тәсілдеріне қарай (Ю. К. Бабанский):
— ауызша баяңдау әдісі;
— есеп шығару әдісі;
— өнер құралдарын пайдалану әдісі.
Әдістің логикалық және психологиялық сипатына қарай (Р. Г. Лемберг)
— жаңа білімді игеру әдісі;
— өзіндік білім әдісі;
— проблемалық әдіс;
— практикалық әдіс;
Мұғалім мен оқушылардың жасайтын әрекетінің ерекшеліктеріне қарай (В. Оконь):
Оқыту әдістерінің түрлері және оларға жалпы сипаттама Білімді меңгерту қандай жолдармен немесе тәсілдермен іске асса да, оқьпу әдістерін таңдау негізінен, білім берудің мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттары және міндеттеріне сәйкес анықталады.
Оқу үрдісінде білім берудің көздеріне қарай қолданылатын әдістер:
түсіндіру,
әңгіме,
әңгімелесу,
лекция,
кітаппен жұмыс.
Сөздік әдістер:
иллюстрация
демонстрация.
Көрнекі әдістер:
лабораториялық,
практикалық,
графикалық,
әр түрлі жаттығу жұмыстары.
Тәжірибелік әдістер:
Оқыту үрдісінде ең көп тараған дәстүрлі әдіс — сөздік немесе мұғалімнің ауызша баяндау әдісі. Бұл әдіс оқыту процесіңде басқа әдістерге қарағанда жетекші роль атқарады. В. А. Сухомлинский: «Сөз — ең маңызды педагогикалық құрал, оны еш нәрсемен ауыстыра алмайсың…» - деп оның маңызына ерекше назар аударады. Мұғалімнің сөзі әсерлі, тартымды, сенімді, сондай-ақ дауыс ырғағы мен мимикасы мәнерлі және бай болғаны қажет. Бұл ойымыз дәлелді болу үшін Ы. Алтынсаринның пікірін келтірейік:» Мұғалім балалармен істес болады: егер олар бір нәрсені түсінбесе, онда мұғалім шәкірттерді кіналамай, оларға дұрыс түсіндіре алмағаны үшін өзін-өзі кіналауы керек. Мұғалім балалармен сөйлескенде ашуланбай, күйгелектенбей, сабырлылықпен сөйлеп, шүбалаңқы сөздер мен керексіз терминдерді қолданбастан әрбір затты ықыласпен, қарапайым тілмен түсіндіру керек». Бұл әдісті қолданғанда мұғалім оқушыларға білім берумен қатар олардың таным белсенділігін арттыруға (зейін, қабылдау, ойлау т.б. үрдістерін) байланысты да әрекет жасайды.
В. А. Сухомлинский
Ы. Алтынсарин
Иллюстрация — демонстрация әдісімен тығыз байланыста болады. Бұл әдісті иллюстративті құралдарды (плакаттар, картиналар, суреттер, чертеждер, портреттер, картограммалар, модельдер) көрсетуде қолданады. Иллюстрация әдісінің нәтижелі болуы, негізінен оның қолдану тәсілдерін мұғалімнің қаншалықты меңгер-геніне байланысты болып келеді. Соның негізінде оқушылар мен мұғалімге оқу материалын табысты меңгеруге айтарлықтай көмек бере отыра, ғылыми ұғымдарды жеңіл меңгеруге септігін тигізеді. Мектеп тәжірибесі көрсеткендей сабақта иллюстрациялы материалдарын көптеп қолдану, оқушылардың назарын нақтылы оқу материалынан ауытқуына әкеп соғады. Сондықтан, көрнекі құралдарды пайдаланудың дидактикалық қолданысын және таным процесінде олардың рөлін алдын-ала жақсылап ойластырып алу қажет. Бұған қосымша мұғалімдер көрнекі құралдардың тиімді көлемін де анықтауы қажет.
Көрнекілік әдістер оқу материалын оқушылардың көзімен көріп, нақтылы түсінулеріне мүмкіңдік береді. Бұған демонстрация, иллюстрация және бақылау тәсілдері жатады. Демонстрация (көрсету) оқушыларды құбылыстар, процестер және заттардың нысанасымен табиғи жағдайда таныстыру барысында қолданылады. Әдістің бұл түрі оқылып отырған құбылыстың қозғалысын анықтау, заттың ішкі құрылысы және сыртқы көрінісімен немесе бірыңғай заттардьщ орналасу жағдайымен таныстыруды көздейді.Табиғи нысананы көрсету негізінен сыртқы көрінісінен басталады (көлемі, түсі, формасы, өзара байланысы т. б). Келесі кезекте оның ішкі құрылысы немесе жекелеген құрамы бөлініп көрсетіледі. Заттың үлгісі және көркем туындылар оқушылар тарапынан біртұтастық жағдайында қабылданады.
Бақылау әдісі сабақта нақты заттар мен көрнекі және техника құралдарын көрсету кезінде, экскурсияда, лабораториялық жұмыстарда, еңбек операцияларын орындау барысында ерекше орын алады.
Бақылау мұғалімнің басшылығымен сабақ үстінде және сабақтан тыс уақытта мұғалімнің тапсырмасына байланысты немесе оқушылардың өздерінің қалауы бойынша кеңінен іске асырылады.
Дұрыс қолданған бақылау әдісі оқушылардың байқағыштық, логикалық ойлау қабілеттерін дамытады.
Бақылау әдістерін қолданудың тиімділігі мынандай тәсілдерді қолдана білуге байланысты:
— байқаудың мақсатын анықтау;
— қабылдайтын нәрселердің мөлшерін белгілеу, салыстыру арқылы олардың кептеген белгілерінің ішінен ең негізгі, бастыларын ажырату;
-оларды топтастырып, қортындылар мен тұжырымдар жасау.
Байқайтын нәрселердің, бейнелердің ерекшеліктеріне байланысты бақылау әдісінің негізгі түрлері:
— демонстрациялық бақылау;
— экскурсиялық бақылау;
— лабораториялық бақылау;
— техникалық бақылау;
— оқушылардың өздігінен дербес бақылауы. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытудың күшті құралы — бақылау. К. Д. Ушинский «Бақылау-логикалық ойлаудың негізі»,- деп жай айтпаған. Ұлы педагог логикалық ойлауға үйрену үшін, ең алдымен, балаларды жан-жақты бақылауға үйрету керектігін де ескертеді.