Педагогика ғылымында тәжірибе жасау ерекше орын алады. Басқа ғылымдармен салыстырғанда, педагогикалық практикада бірнеше эксперименттік жұмыстарға бірдей жағдай жасау мүмкін емес



бет141/142
Дата07.01.2022
өлшемі290,91 Kb.
#19740
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   142
Тақырыптың міндеттері:

1)Геометриялық фигуралар туралы түсініктері қалыптастыру.

2)Сызбалық және өлшеуіш аспаптардың көмегімен және оларды пайдаланбай (көзбен өлшеу, қолдан сызу, т.с.с.) оқушыларда өлшеудің және геометриялық фигураларды салудың машықтық біліктерін қалыптастыру.

3) Кеңестік ұғымдары жөніндегі білімдерін жалпылау.

Геометриялық фигураларды бір-бірінен ажыратуға машықтандыратын тапсырмалар қайталау және пысықтау мақсатында кездесуі мүмкін және олардың бәрі жаңадан енгізіліп отырған түсініктермен тығыз байланысты қарастырылады.

Тапсырмалар:

Геометриялық материалдарды оқытуда мынадай қағидалар басшылыққа алынады:



  • Геометриялық материалдарды оқыту барысында оқушылардың мектепке дейінгі және күнделікті өмірден алынған білімдеріне сүйенеді.

  • Геометриялық фигуралар тек оқытудың мақсаты ғана емес, оқытудың құралы да, геометриялық материалдар сандарды нөмірлеу, арифметикалық амалдар, мәтінді есептер, үлес сияқты мәселелерді оқыту барысында көрнекі құрал ретінде пайдаланылады:

  • Геометриялық ұғымдарға (тік төртбұрыш, шаршы, және приметрден басқаларына) анықтама тек қана остенсивті түрде көрсету арқылы беріледі.

  • Геометриялық материалдар оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін де пайдаланылады;

  • Геометриялық материалдар оқушыларға математика мен өмір байланысын түсінуге септігін тигізеді;

  • Геометриялық материалдар оқушыларда практикалық іскерліктер қалыптастырады [7].

Бастауыш сыныпта геометриялық ұғымдарды оқыту әдістемесі

  • Нүктені таныстыру әдістемесі

  • Сызықты таныстыру әдістемесі

  • Кесіндіні таныстыру әдістемесі

  • Сәулені таныстыру әдістемесі

  • Бұрышты таныстыру әдістемесі

  • Тікбұрышты бұрышпен таныстыру әдістемесі

  • Көпбұрышты таныстыру әдістемесі

  • Тіктөртбұрышты таныстыру әдістемесі

  • Шаршыны таныстыру әдістемесі

  • Шеңберді таныстыру әдістемесі

  • Дөңгелекті таныстыру әдістемесі

  • Текшемен таныстыру әдістемесі

  • Тікбұрышты параллепепипедті таныстыру әдістемесі

Жалпы геометриялық материалдар жайлы оқушыларда берік білім қалыптастыру үшін мынадай геометриялық мағынада тапсырмалар қарастырылады:

  1. Геометриялық фигураларды санау материалдары ретінде пайдалана алады.

  2. Геометриялық шамалар (ұзындық, аудан) және оларды өлшеу жайлы түсінік қалыптастырылатын есептер.

  3. Көпбұрыштың периметрін, ауданын табуға арналған есептер.

  4. Салу есептері.

  5. Геометриялық фигураларды саралауға (классификациялау) арналған тапсырмалар. (Бір топ фигуралар ішінен «үшбұрыштарды теріп жаз» деген сияқты).

  6. Фигураны бөліктерге бөлу немесе керісінше элементтері бойынша фигура құрастыру.

  7. Әріпті пайдалана отырып геометриялық сызбаларды оқу, жазу.

  8. Нәрселердің немесе оның қандай да бөлігінің геометриялық формасын анықтау [8].



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет